Біріктірлген жылдық есеп | «Самұрық-Энерго» АҚ

2017 жылғы оқиғалар

2017

7 желтоқсан

Физика-математика пәндері бойынша болашақ энергетиктер арасында өткен III республикалық олимпиада Жарысқа қатысқан арасында 2-, 3-, 4-орын алғандар бір оқу жылына шәкіртақы түрінде «Самұрық-Энерго» АҚ гранттарына ие болды

Ақпан

Ақпан «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС электр энергиясын Ресей Федерациясына жеткізу жүзеге асырыла бастады

Еңбек әулеттеріне құрмет көрсету Еңбек әулеттері институтына қолдау көрсету мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында еңбек әулеттері өкілдеріне марапаттар тапсыру рәсімі өтті. Мерекеге орай Астанаға Қазақстанның әр түкпірінен еншілес компаниялардың қызметкерлері шақырылды.

ЕХРО-2017 бөлімшесі.

«Самұрық-Энерго» АҚ экспозициясы «Табиғи қуат көздері – таза энергия» девизімен өтті. «Самұрық-Энерго» АҚ «Астана Экспо-2017» халықаралық көрмесінің жаһандық серіктесі ретінде келушілер үшін ЖЭК жобаларында іске асырылған баламалы энергетиканың әлеуеті туралы ақпарат ұсынды. Жұмыс істеп тұрған жел қондырғыларының ауқымын елестету үшін гондола макетінің көрінісі жасалып, онда келешекте 300 мВт-ға дейін кеңейтілетін Ерейментау жел паркінің алдағы кезеңдері бойынша бейнеролик пен ақпарат көрсетілді.

19 МАУСЫМ

Астанада Инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік конгресі аясында «СамұрықЭнерго» «Энергетикалық трилемма балансы: қауіпсіздік, қолжетімділік және экологиялық тұрақтылық» тақырыптық блогында «Болашақ энергиясы – жаһандық энергияны дамытудың перспективалары» секциясын өткізді

Конгресс жұмысына 50 елден 1000-нан аса делегат қатысты, олардың қатарында Нобель сыйлығының және «Жаһандық энергия» халықаралық сыйлығының лауреаттары, белгілі сарапшылар, әлемдік энергетикалық компаниялардың өкілдері болды.

8 МАУСЫМ

1. Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі барысында «Самұрық-Энерго» АҚ мен CorpoDatang (China Datang Corporation)арасында аймақтағы жел паркін бірлесіп кеңейту мақсатында Ерейментау қаласындағы жел паркінің қуаттылығын 45-тен 300 МВт-қа дейін арттыру жайында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2. Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі барысында «Самұрық-Энерго» АҚ және «Hydrochina Corporation» қытай корпорациясымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжат қытай компаниясының келешекте 300 МВт-ға дейін кеңейте отырып, Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт жел электр станциясын және Шелек өзенінде 4 шағын СЭС-ті салу жобаларын іске асыруға қатысуды көздейді.

11 ШІЛДЕ

Самұрық-Энерго мен «Wind Power GmbH» неміс компаниясы Қапшағай қаласында күн электр станциясының әлеуетін дамытуға ниет білдірді

20 ШІЛДЕ

Астанада Қазақстан-Корея Іскерлік кеңесінің VI отырысы өтті, ол елдердің арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға және бизнес-қауымдастықтар арасында тікелей байланыстарды орнатуға бағытталған.

4 ҚЫРКҮЙЕК

Павлодар облысының Әкімдігі мен «Самұрық-Энерго» АҚ арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Құжат екі тараптың стратегиялық серіктестігін және «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының өндірістік қуаттарды жаңғырту және кеңейту жөніндегі жобаларын іске асыру саласына әкімдік тарапынан көрсетілетін жәрдемді қарастырады.

Келісім Қазақстанның электр энергиясы мен электр қуатына, экспорттық әлеуетті арттыруға, көмір өндіруді дамытуға, сондай-ақ күл-қож материалдарын өткізу мен қайта өңдеу қажеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыруға бағытталған.

28 ҚЫРКҮЙЕК

«Юнайтед Энержи Ақтөбе» ЖШС-мен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды «Самұрық-Энерго» АҚ мен «Юнайтед Энержи Ақтөбе» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандум жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған.

Тараптар ЖЭС-терді салу және қуаттарды кеңейту жөніндегі келешек жобалар аясындағы ынтымақтастық түрлерін қарастырады.

«Юнайтед Энержи Ақтөбе» ЖШС – Испанияның жел энергетикасы саласында жұмыс тәжірибесі бар жел генераторларын өндіруші United Energies AG негізінде құрылған компания болып табылады.

10 ҚАРАША

Халықаралық энергияны үнемдеу күніне арналған шаралар

Энергияны үнемдеуді насихаттау және энергия тиімділігін арттыру мақсатында 2017 жылғы 10 қарашада Халықаралық энергия үнемдеу күніне орайластырылған Astana Energy Efficiency 2017 шарасы өтті. Ақпараттық семинарда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша өзекті мәселелер талқыланды: бұлар – Қазақстан Республикасының өнеркәсіп кәсіпорындарында энергия менеджменті жүйесін ендіру, энергияны үнемдеу шараларын, жоспарлар мен бағдарламаларды іске асыру мәселелері

17 ҚАРАША

«Богатырь Көмір» ЖШС-да СРс(К) – 2000 роторлы экскаваторларды жаңғырту бағдарламасы аяқталды

«Богатырь Көмір» ЖШС-да іске асырылған СРс(К) – 2000 роторлы экскаваторларды жаңғырту бағдарламасы осы тектес маркілі жаңа экскаваторларды сатып алу қажеттілігін жоққа шығаруға мүмкіндік берді. Мамандардың пікірі бойынша, әлемдік нарықта мұндай кен қазу машинасының біреуінің құны қазіргі уақытта 55 млн. еуроны құрайды.

22 ҚАРАША

«Самұрық-Энерго» АҚ және «Cockerill Maintenance et Ingenierie S.A.» Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Тараптар бу-газ қондырғылары мен жаңартылатын энергия көздері (күн энергетикасы) саласындағы жобалар бойынша заманауи технологияларды, ноу-хау мен инвестицияларды тарту үшін электр энергетикасы саласындағы бірлескен ынтымақтастық мақсатында күш-жігерді біріктіру ниетін білдірді.

7 ЖЕЛТОҚСАН

«Богатырь Көмір» ЖШС жобасын іске асыру

Амстердам қаласында (Нидерланды) «Богатырь Көмір» ЖШС («Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес ұйымы — 50%) және ThyssenKrupp Industrial Solutions AG неміс компаниясы арасында Екібастұз көмір кен орнының «Богатырь» кесігінде көмірді өндіру, тасымалдау, тұрақтандыру және тиеу бойынша циклдық-ағындық технологияға (ЦАТ) көшу жобасын іске асыруды жаңарту туралы қосымша келісімге қол қойылды.

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС жабдықтарының сенімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету

№7 станцияның энергия блогына күрделі жөндеу жүргізген кезде қазандықтың қыздырғыш бетін ауыстыру жұмыстары жүргізілді. АТҚ-500 кВ-ны жаңғыртқан кезде 24 дана ауа ажыратқышы GL-317 типті элегазды ажыратқыштармен ауыстырылды, бұл компрессордың жұмыс істеу сағатының азаюы есебінен 802 560 кВт•сағ электр энергиясын үнемдеуге (2017 жылғы 10 айы үшін) мүмкіндік берді.

«Екібастұз ГРЭС-2» АҚ-ның өнертапқыштық идеялары

Техникалық персонал ҚСҚ (қайнамаған суды қыздыру) алдында конденсатты бастапқы суға тастау үшін ыстық конденсатты жинау торабын (ЫКЖТ) әзірлеп, ендірді. Жылу энергиясы бойынша жылдық үнемдеу – 12 мың Гкал мөлшерінде және бастапқы су бойынша 250 мың м3 мөлшерде, бұл жылына 14,3 млн.теңгенің үнемделгенін көрсетеді. Энергия үнемдеу әлеуеті электр энергиясын босатуға жұмсалатын шартты отынның үлестік шығынын азайтқанда 0,4 гут/кВт•сағ құрайды.

«Алматы электр станциялары» АҚ-ның экономикалық әсері

3-ЖЭО № 1 қазандығына күрделі жөндеу жүргізген кезде ауа қыздырғыш кубтардың 3 қабаты ауыстырылды, нәтижесінде ілеспе газбен бірге жылуды жоғалту 1,03%-ға азайды. Оның әсері қазандықтың НҚК-нің 86,3%-ға артуынан байқалады, шартты отынды үнемдеу 1143 тұтты құрады, сондай-ақ электр энергиясын босатуға жұмсалатын шартты отынның үлестік шығынын 1,9 гут/кВт•сағ-ға азаюынан көрінеді. Экономикалық әсер ақшалай алғанда 8,1 млн. теңгені құрайды.

13 ЖЕЛТОҚСАН

«Ereymentau Wind Power» ЖШС Есептеуқаржы орталығымен тіркелген тариф бойынша электр энергиясын сатып алу шартын жасасты.

15 ЖЕЛТОҚСАН

Алматы қаласы «Алатау ИТП» АЭА аумағында қуаты 1 МВт күн электр станциясын салу жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.

20 ЖЕЛТОҚСАН

500 000 000 АҚШ доллары сомасына шығарылған айналым мерзімі 5 жыл және жылдық купондық табысы 3,75% мөлшерінде тіркелген халықаралық купондық облигацияларды толық көлемде өтеді.

30 ЖЕЛТОҚСАН

Алматы қаласында «Түрксіб» 110/10 кВ қосалқы станциясын салу жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды.

2017 жылғы мемлекеттік наградалар

ҮМБЕТОВ
Мұхит Әбікеұлы
Басқарма Төрағасы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

ЖАҢАБАЕВ
Бақытбек Қайыпжанұлы
Басқарма Төрағасы «Шардара СЭС» АҚ

МАКАРОВ
Серік Жұматайұлы
Бас директордың орынбасары – өндіріс жөніндегі директор «Богатырь Көмір» ЖШС


ӘБДІРАХМАНОВ
Алтай Аймұхаметұлы
Режим және баланстар жөніндегі атқарушы директор «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

БАСТЕМІРОВ
Еркебай Хамитұлы
химия цехының 5-разрядты бу-газ турбина жабдықтарын жөндеуші слесарі «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ

МҰХАМЕДЬЯРОВ
Бауыржан Жұмабайұлы
бас инженердің орынбасары (отын беру және жалпы станциялық жабдықтар жөніндегі) «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС