Біріктірлген жылдық есеп | «Самұрық-Энерго» АҚ

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы кіріспе сөзі

Алик Айдарбаевтың
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы

Құрметті оқырмандар!

Өткен онжылдық — артыңа бұрылып қарап, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрылған сәтінен бастап атқарған істерінің қорытындысын шығаруға жақсы себеп. Бұл уақыт Қазақстан экономикасының өсуі үшін жаңа мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін серпінді даму, жаңғырудың және электр энергетикалық инфрақұрылымның жаңа бірегей объектілерін салу кезеңі болды. 10 жыл ішінде Компанияның ұстанымы айтарлықтай өсті –бүгінде «Самұрық-Энерго» АҚ ел өміріндегі маңызы зор ірі энергетикалық холдинг болып табылады. Қазақстан бойынша электр энергиясын өндіру 28%-ға және көмір өндіру 36%-ға жетті. Үкімет пен Акционердің қолдауымен іске асырылған жобалар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қажетті қуат резервін қамтамасыз етті және алға қойылған мақсатқа – энергия ресурстарын сенімді түрде жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ бәсекеге қабілетті еуразиялық маңызы бар электр энергетикалық холдингтің қалыптасуы үшін берік негіз құрды.

«Самұрық-Энерго» АҚ қызметінің нәтижелері мен электр энергетикасы инфрақұрылымының негізгі объектілерін салу және жаңғырту саласындағы ойдағыдай іске асырылған жобалар 10 жыл бұрын қабылданған шешімдердің дұрыстығын растайды.   

Қазақстан энергетикасы үшін 2012 жылы қуаты 300 МВт Мойнақ ГЭС-ін салуды аяқтау айтулы оқиға болды. Бірегей әрі күрделі жоба Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ерекше тарту болды. Дәстүрлі жылу көздерін оңалтумен қатар, «Самұрық-Энерго» АҚ жаңартылатын энергетиканы – «Қапшағай» күн электростанциясы мен «Ерейментау» жел паркін дамыту бойынша өнеркәсіптік жобалар іске асырылды. Қазіргі кезде олар Қазақстанның таза энергиясы өндірісінің 1/3 бөлігін қамтамасыз етеді.   

Компанияның бастапқы құрылған уақыттағы басым міндеті – шетелдік инвесторлар басқарған кезеңде әбден тозығы жеткен Алматы энергетикалық кешенінің өндіруші және желілік активтерін жаңғырту болды. Алматы қаласының 2011 жылы Азиаданы қабылдау құқығын алғанын ескере отырып, ірі халықаралық спорттық оқиғаны өткізу энергетиктерге қосымша жауапкершілік ретінде жүктелді. Жаңа желілер мен қосалқы станцияларды салу жөніндегі ауқымды жобаларды іске асырудың, Алматы ЖЭО-ларын қайта құрудың арқасында энергиямен қамтамасыз ету сенімділігі өсті, бизнесті – трансформатор қуатының қорын ондаған жылдарға алдын ала бұрын мүмкіндіктер құрылды.

Инвестициялық жобаларды іске асыру, практикалық тәжірибені үйрену, корпоративтік басқаруды дамыту деңгейіне байланысты Компания  өзінің энергия нарығындағы жайғасымдарын нығайтты. Бұл кезеңде Директорлар кеңесінің жұмысы мен негізгі шешімдерді қабылдау Компанияның өндіру секторындағы үлесін арттыруға бағытталды. 2008-2011 жылдары «Богатырь Көмір» ЖШС, «Болат Нұржанов  атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Шардара ГЭС» АҚ-ның мемлекеттік қатысу үлесі «Самұрық-Энерго» АҚ-ға берілді. «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС--дағы қалған 50% үлесті сатып алу бойынша 2014 жылы аяқталған мәміле мемлекеттің ұлттық маңызы бар ең ірі станцияға бақылау жасау құқығын қайтарып алуға мүмкіндік берді. Осы кезде қуаты 500 МВт болатын екі энергия блогы іске қосылды, ол «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС иелік қуатын 3500 МВт-ға дейін арттырды. 

Компания үшін жасыл энергетиканы дамыту және қоршаған ортаға тигізетін әсерді азайту басым бағыт болып қала береді. Жаһандық трендтермен қатар, бұған инвесторлар, мемлекет және жұртшылық тарапынан қойылатын талаптардың күшеюі ықпал етеді. Жаңғырту бойынша іске асырылған жобалар күл шығарындыларының көлемін бірнеше есеге азайтты, бұл экологиялық жағдайды айтарлықтай жақсартты. Мысалы, қала тұрғындарының алаңдаушылығын ескере отырып, қаланың ортасында тұрған Алматы ЖЭО-1 көмірден газға көшірілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, қазіргі кезде Акционермен бірлесіп, энергетикалық кәсіпорындар тарапынан мегаполис атмосферасының ластануын азайту мәселесі қарастырылуда.

Ел экономикасында көмір мен жылу электр станцияларының басым рөлге ие екенін ескере отырып, «Самұрық-Энерго» АҚ энергетикалық үштағанды – экономикалық қолжетімділік, экологиялық тұрақтылық және тұтынушыларды электр энергиясымен сенімді қамтамасыз етуді шешудің оңтайлы нұсқаларын іздеуді жалғастырады. Осы мақсатта, орнықты даму мен сыртқы ортаға талдау жасау саласындағы озық халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, біз 2017 жылы компанияның ұзақ мерзімді Даму стратегиясына түзетулер енгізу қажет деп шештік. Ол қуаттар құрылымындағы жаңартылатын энергия көздері үлесінің өсуін болжайды, өндіру секторында клиентке бағдар ұстаған, бәсекеге қабілетті операциялық холдингті құруға басым мән береді.  

Үнемі өзгеріп отыратын парадигмалардың, жаңа сын-қатерлердің байқалып отыруы жағдайында «Самұрық-Энерго» АҚ командасының алдында Қазақстан экономикасының электр энергиясына өсіп отырған қажеттіліктерін қамтамасыз ету бойынша маңызды міндет тұр. Атқарылған жұмыстардың әлеуеті мен ауқымын бағалай отырып, Компанияның алдына қойған мақсаттарына еркін қол жеткізетініне менің сенімім мол.