Біріктірлген жылдық есеп | «Самұрық-Энерго» АҚ

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы кіріспе сөзі

Бақытжан Жоламановтың
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы

Құрметті оқырман!

2017 жылы ішкі нарықтағы бәсекелестік артқан жағдайда «Самұрық-

Энерго» АҚ өндірістік және қаржылық нәтижелерін айтарлықтай жақсартты. Жетекші энергия өндіруші кәсіпорындар саналатын «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС мен «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ электр энергиясын белгіленген шекті тарифтен төмен бағада сатты. Ресей Федерациясына электр энергиясын экспорттау көлемін сақтап қалу және одан әрі ұлғайту маңызды оқиға болды. 2017 жылы жеткізілім көлемі рекордтық көлемге – 4,7 млрд. кВт•сағ-қа жетті.

Өндіру және сату көлемінің артуы, белгіленген KPI көрсеткіштерінің орындалуы табыстың 21%-ға, 220 млрд. теңгеге дейін ұлғаюын қамтамасыз етті. Энергохолдингтің Қазақстанның энергия өндіру секторындағы үлесі жиынтық өндіру көлемі бойынша 28,6 млрд кВтс-қа, яғни 28%-ға жетті, бұл 2016 жылғы деңгейден 27%-ға жоғары. Электр энергиясын өндіру көлемінің өсуі көмір өндіруде де оң сипат алды  – көмір өндіру 15%-ға өсіп, 40 млн. тоннадан асты.

Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 30 желтоқсан №1141 «2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» (бұдан әрі -Жекешелендіру Бағдарламасы) Үкімет қаулысын орындау мақсатында «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компания» АҚ, «Маңғыстау  электртораптық бөлу компаниясы » АҚ және «Ақтөбе ТЭО» АҚ акцияларын сату бойынша мәмілелер аяқталды.Сонымен қатар, 2018 жылы,Компанияның құрылымын оңтайландыру мақсатында, Жекешелендіру бағдарламасының аясында активтерді, және Жалғыз акционердің шешімдеріне сәйкес еншілес компанияларды сатуды жүзеге асыруды жалғастыру жоспарлануда.

Біріктірілген жоспарлау жүйесін қоса алғанда, заманауи автоматтандырылған жүйелерді ендіре отырып, Трансформациялау бағдарламасының жобаларын іске асыру белсенді жүзеге асырылуда. «Тауар-материалдық құндылықтардың қалдықтарынан босату» жобасы бойынша жұмыс жасалған үш жылда 6,4 млрд. теңге мөлшерінде қаражат үнемделді. Бір тоқсанда Сауда үйінің базасындағы сату блогы жаңа моделінің пилоттық жобасы 110 млн. теңге мөлшеріндегі маржиналдық түсімді қамтамасыз етті. Сату процестерін үйлестіру мен бірыңғай трейдинг саясаты электр станцияларының толық қуатпен жұмыс істеу жүктемесін арттырды, бұл өз кезегінде белгіленген қуатты пайдалану коэффицентінің

37,6-дан 48,1%-ға дейін өсуіне жағдай туғызды.

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында жария етілген міндеттер аясында цифрландыру мен экономиканы жаңғырту бағдарларының талаптары ескеріле отырып, «Цифрлы Электр Станция», «Цифрлы қима» және «Қазандық агрегаттарын мазутсыз жағу жүйесі» жобаларын іске асыру жоспарлануда. Бұған қоса, «Самұрық-

Энерго» АҚ болжамдық талдау мен жасанды интеллект элементтерін пайдалана отырып, автоматтандырылған өндіріс жүйелерін енгізу арқылы активтерді жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы 10 үздіктер қатарында «Қазақстанның инновациялық компаниялар рейтингі» бойынша 3-орынды иеленуі шын мәніндегі мойындау, еңбектің бағалануы болды.

Трансформациялау бағдараламасы аясында қызметкерлердің дайындық деңгейі мен біліктілігіне көп көңіл бөлінуде. Компанияның жалпы жетістігі әрбір қызметкердің жеке кәсіби біліктілігі мен жұмыс нәтижесіне байланысты. 2017 жылы, Акционердің ұсынымдарына сәйкес, меритократия қағидаттары енгізілді. Job matching рәсімінің қорытындылары бойынша білім мен біліктілікті бағалау қызметкерлердің 80%-ы атқарып отырған лауазымдарына сәйкес келетінін көрсетті.

Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі бағдарламалар жетілдірілуде. Бұл бағыттағы бірлескен жұмыс жергілікті кәсіподақпен серіктестікте жүргізілуде. Жыл сайынғы зерттеулер қорытындысы бойынша компаниялар тобындағы әлеуметтік тұрақтылық рейтингі жақсарып, 73%-ды құрады.

Компания «Атамекен» ҰКП, Қазақстан Электр Энергетикалық Қауымдастығы, «KAZENERGY» бірлестігі құрамында салалық ынтымақтастық процестеріне белсенді түрде қатысып келеді. «АСТАНА EXPO-2017» халықаралық көрмесі аясында әлемдік және отандық жетекші компаниялар қатарында «Самұрық-Энерго» АҚ «Болашақтың энергиясы» ұранымен өз стендін ұсынды. Іске асырылған жобалар мен балама энергия көздерін дамыту туралы экспозициямен корпоративтік павильонға келген ондаған мың көрермен танысып, тамашалады.

Инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік конгресі барысында «Болашақтың энергиясы – Жаһандық энергияны дамыту перспективалары» секциясының жұмысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. WSEC-2017  ғалымдардың, жетекші университеттердің зертханалары мен старт-ап компаниялары басшыларының  және әлемдік деңгейдегі сарапшылардың басын қосты. Іс-шараның қорытындысы бойынша, «Энергетикалық трилемманың теңгерімі:  қауіпсіздік, қолжетімділік және экологиялық орнықтылық» блогының тақырыбына сәйкес құнды пікірлер мен бағалар жинақталды.

Акционердің талаптарына сәйкес, жаһандық сын-қатерлерге жауап ретінде Компанияның 2015 жылы бекітілген ұзақ мерзімді Даму стратегиясына түзетулер енгізілуде. Негізгі басымдық  арзан көмір өндіру жағдайында энергияға көшуді қамтамасыз ету, жоғары экологиялық стандарттар және жаңа жобалардың есебінен елдің энергия балансында ЖЭК-тің үлесін арттыру болып табылады. 

Егер Компанияның үлесі туралы айтатын болсақ, 2017 жылы жасыл энергияның әрбір үшінші қазақстандық киловатт-сағатын «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес кәсіпорындары өндірді деуге болады.

Қоршаған ортаға тигізетін әсерді азайту – біздің қызметіміздің басым бағыттарының бірі. «Самұрық-Энерго» АҚ тобының 2017 жылдың қорытындысы бойынша табиғатты қорғау жөніндегі кешенді іс-шаралар бағдарламасының іске асырылуы әрбір өндірілген өнім бірлігіне келетін ластаушы заттардың үлестік шығарындысын 5%-ға қысқартты. Энергия тиімділігін жақсарту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Бүгінгі таңда біздің алдымызда жаңа міндеттер мен сын-қатерлер тұр, олар – жекешелендіру процестерін аяқтау, жаңа нарыққа жол ашу, операциялық қызметтің рентабельділігі мен тиімділігін арттыру, инвестициялық бағдарламаны іске асыру.

Мемлекет басшылығы белгілеген стратегиялық мақсаттарға табысты қол жеткізу үшін «Самұрық-Энерго» АҚ электр энергетикасы саласын орнықты дамыту және Қазақстан экономикасының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерін жұмсайды