Біріктірлген жылдық есеп | «Самұрық-Энерго» АҚ

Стратегия

Миссия

Қоршаған ортаға қамқорлық пен өндірістегі үнемділік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, Еуразия жеткізушісі және Қазақстанды энергиямен жабдықтаудың жоғары технологиялық кепілі ретінде акционерлер, қызметкерлер және қоғам үшін құндылықтар тудыру

Пайымдау

Еуразиялық маңызы бар тиімді операциялық энергетикалық холдинг – Қазақстан нарығының көшбасшысы

Біздің құндылықтарымыз

Көшбасшылық

Біз қызметіміздің барлық салаларында көшбасшылыққа ұмтыламыз. Біз сапалы нәтижеге қол жеткізуге бағдар ұстаймыз және қоғам мен қоршаған ортаға зиян келтірмей үйренуге құштармыз.

Құрмет

Біз өзіміз жұмыс істейтін сыртқы және ішкі ортаны құрметтейміз. Айналадағылардың сенімін ақтау үшін әрекет етеміз. Біздің жетістігіміз өзара қарым-қатынастарға тәуелді, бір-бірімізді және серіктестерімізді құрметтейміз. Біз адамдардың және пікірлердің әралуандығын бағалаймыз.

Қауіпсіздік

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаға ұқыпты қарау біздің маңызды артықшылығымыз болып табылады. Біз әлемді энегиямен қамтамасыз етеміз және оны қауіпсіз әдістермен жасауға тырысамыз.

Тиімділік

Біз акционерлер мен серіктестер алдындағы парызымыз бен жауапкершілігімізді сезінеміз, сондықтан қызметтің пайдалылығы мен тиімділігі, күтілетін және күткеннен де асып түсетін нәтижелерге қол жеткізу біз үшін сөзсіз құндылық болып табылады.

Қызметкерлердің кәсіпқойлығына, тәртіп пен өзара іс-қимылға сүйене отырып, әр қызметкердің және жалпы Компания мүдделерінің қажетті теңгерімін қамтамасыз ете отырып, алдымызға қойылған мақсаттарға қол жеткіземіз.

Біз – біртұтас командамыз

Әрқайсысымыз өз ісіміздің маманымыз, бірақ үлкен жетістіктерге бірге жетеміз. Алдымызға өршіл міндеттер қоямыз және өзара іс-қимыл жасай, бір-бірімізді қолдай және толықтыра отырып, оларға қол жеткіземіз.

Біздің мақсатымыз

Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Электр энергиясы мен көмір жеткізудің сенімділігін қамтамасыз ету және ЕЭК тұрақтылығын қолдау

Акционерлік капиталдың бағасын арттыру

  • Акционерлердің мүдделерін қорғау және Қоғамның акцияларын тиімді бастапқы орналастыру (Халықтық IPO)
  • Холдингтің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету
  • Холдинг активтерінің құрылымын оңтайландыру
  • Коммерциялық тұрғыдан мақсатты жобаларға қатысу

Әлеуметтік жауапкершілік

  • Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету
  • Өндірістік жарақаттанушылықты болдырмау
  • Қоршаған ортаны қорғау

Мақсатты бағдарлар:

«Дәстүрлі өндіру» – жоғары технологиялық даму, Қазақстан Республикасындағы көшбасшылық және артық қуатты экспортқа тиімді сату

  • Сату қызметін, коммерциялық оңтайландыруды және Сауда үйі негізінде трейдингті күшейту
  • Инвестициялық бағдарламаны тиімді іске асыру (өндіруші қуаттардың оңтайлы теңгерімі)
  • Қолда бар қуаттар өніміділігінің талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету
  • Реттегішпен өзара іс-қимыл қызметін күшейту
  • Жаңа бизнестер мен сервисті дамыту, таратуды ұлғайту және экологиялық тиімділікті арттыру үшін сыбайлас бизнестерге әртараптандыру
  • Ішкі нарықта қосымша өткізу каналдарын дамыту
  • Сыртқы нарықта қосымша өткізу каналдарын дамыту
  • Таза көмір инновациялары мен технологияларын дамыту, көміртекті ұстау және сақтау

«ЖЭК» – Қазақстан Республикасында ЖЭК-өндірісі технологияларын белсенді ендіру және дамыту

  • ЖЭК-тің өршіл дамуын қамтамасыз ететін жоспарланған жобаларды тиімді іске асыру және жаңаларын анықтау есебінен ҚР-да ЖЭК-ті дамыту бойынша көшбасшылықты қамтамасыз ету
  • Электр энергиясын сақтау технологияларын дамыту

«Көмір бизнесі» – жоғары технологиялық көмір бизнесін дамыту, өндіруді ұлғайтудың жаңа орындарын сату

  • ҚР-да байытылмаған көмір бизнесін дамыту
  • РФ-да байытылмаған көмір бизнесін дамыту
  • Көмір бизнесінің операциялық тиімділігін арттыру
  • Көмір қабаттарын байыту, дамыту жөніндегі жоғары технологиялық бизнес бағыттарын дамыту
  • Инновацияларды және ҒЗТКЖ дамыту

«Бөлу және тарату» – Қоғам тобы бойынша 2016- 2020 жылға арналған жекешелендіру жөніндегі кешенді жоспар аясында активтерді сату

«Жалпы корпоративтік дамыту»

  • Корпоративтік орталықта функцияларды ішінара орталықтандыра отырып, операциялық холдингті басқару қағидаттарына көшу
  • Компанияның трансформациялау бағдарламасын іске асыру
  • Акционерлердің мүдделерін қорғау және акцияларды бастапқы тиімді орналастыру
  • Озық тәжірибелерді қолдана отырып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша міндеттемені орындау
  • Инновациялық даму
  • Инвестициялық жоспарлау және жобаларды басқару процесін жетілдіру


Электр энергиясы және көмір нарығы

Электр энергиясы нарығының қазақстандық моделі

Қазақстан Республикасының энергия жүйесі шартты түрде үш аймаққа бөлінеді: Солтүстік, Оңтүстік және Батыс.

Солтүстік аймақ  – Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. Солтүстік аймақта елдегі жалпы электр энергиясын өндіру көлемінің 77%-ы өндіріледі. Солтүстік аймақта негізгі көмір кеніштері мен су энергетикалық ресурстары орналасқан. Артылған электр энергиясы энергия тапшы оңтүстік аймақтарға жіберіледі және Ресей Федерациясына экспортталады.

Оңтүстік аймақ  – Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары. Солтүстік аймақтардан жеткізу есебінен өтелетін электр энергиясының тапшылығымен сипатталады.

Батыс аймақ  – Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары. Аталған аймақта электр тұтынудың маңызды үлесін меншікті өндіріс көздері бар мұнай-газ саласындағы кәсіпорындар құрайды. Елдің аймағы бойынша Батыс аймағының Қазақстанның Солтүстігімен және Оңтүстігімен электр байланыстары жоқ.

Нарықтың географиялық бөлінуі

Қазақстан Республикасы электр энегиясының теңгерімі  (млрд.кВт•сағ)

Атауы

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

 

ҚР электр энергиясын тұтыну

76,4

80,6

78,0

83,8

88,1

91,4

89,6

91,7

90,8

92,3

97,9

 

ҚР-дағы генерация

76,4

80,1

78,4

82,3

86,2

90,2

92,0

93,9

90,8

94,1

102,4

 

Республика аралық көшу     

Барлығы

0,075

0,545

-0,474

1,472

1,933

1,197

-2,332

-2,274

0,051

-1,765

-4,527

Ресей

-1,141

-0,009

-1,573

-0,162

-0,206

0,270

-2,301

-1,504

0,471

-1,640

-4,528

Орталық Азия

1,215

0,554

1,099

1,634

2,139

926,4

-0,031

-0,771

-0,421

-124,7

0,001

Аймақ

Өндіру түрі

қаңтар-желтоқсан

Δ, %

 

 

 

2016 ж.

2017 ж.

 

Қазақстан

Барлығы

94 076,5

102 383,6

8,83

ЖЭС

74 702,8

82 424,8

10,34

ГТЭС

7 407,6

8 372,6

13,03

СЭС

11 605,9

11 157,9

-3,86

ЖЭС

274,1

338,5

23,50

КЭС

86,1

89,8

4,30

Солтүстік

Барлығы

70 968,4

78 714,0

10,91

ЖЭС

59 861,2

67 992,2

13,58

ГТЭС

3 072,2

2 979,9

-3,00

СЭС

7 879,0

7 571,5

-3,90

ЖЭС

156,0

170,4

9,23

Оңтүстік

Барлығы

11 731,4

11 347,2

-3,27

ЖЭС

7 692,8

7 350,6

-4,45

ГТЭС

3 726,9

3 586,4

-3,77

СЭС

107,5

152,3

41,67

ЖЭС

118,1

168,1

42,34

КЭС

86,1

89,8

4,30

Батыс

Барлығы

1 1376,7

12 322,4

8,31

ЖЭС

7 148,8

7 082,0

-0,93

ГТЭС

4 227,9

5 240,4

23,95

Электр энергетикасы нарығындағы бәсекелес орта

2017 жылы электр энергиясының көтерме сауда нарығында мынадай энергия өндіруші ұйымдар ең ірі бәсекелестер болды: 

Бәсекелес компаниялар

2017ж. электр энегиясын өндіру көлемі

 

млн. кВт•сағ

ҚР-дағы өндіруден түсетін %

«Еуразиялық компаниялар тобы» ЖШС

19 054,5

18,6

«Қазақмыс Энерджи» ЖШС

6 756,3

6,6

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС

6 464,4

6,3

«Орталық-Азия Энергетикалық Корпорациясы» АҚ

7 299,9

7,1

Электр станцияларының ірі меншік иелері мен операторлары бойынша белгіленген қуаттар

 

 

«Самұрық-Энерго» АҚ

6 805 МВт

31,4

«Еуразиялық «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы» ЖШС

3 262 МВт

15,0

«Қазақмыс Энерджи» ЖШС

960 МВт

4,4

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС

1 150 МВт

5,3

«Орталық-Азия Энергетикалық Корпорациясы» АҚ

1 204 МВт

5,5

Басқа

8 305 МВт

38,3

Барлығы

21 682 МВт

 

2017 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ бәсекелес ұйымдардың энегия өндіруші ұйымдарының электр энергиясын өндіру көлемі 53,3 млрд. кВт•сағ-ты құрайды, бұл 2016 жылмен (51,2 млрд. кВт•сағ) салыстырғанда 
2,1 млрд. кВт•сағ-қа артық.

2017 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ энергия өндіретін ұйымдарының электр энергиясын өндіру көлемі 
28 661,6 млн. кВт•сағ-ты құрады немесе 2016 жылғы көрсеткіштерімен (2016 жылы электр энергиясын өндіру) салыстырғанда 27,5%-ға артты.

01.01.2019 жылы енгізілетін электр энергиясы мен қуат нарығының моделі

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қуат нарығының жұмыс істеуіне байланысты Бірыңғай сатып алушы моделі енгізіледі, оның мақсаты электр энергиясына инвестиция тартуға қолайлы жағдай туғызу, электр энергиясына сұранысты қанағаттандыру, энергиямен қамтамасыз етудің қажетті деңгейін ұстап тұру және саланың экспорттық әлеуетін дамыту үшін жеткілікті көлемде жаңа өндіруші қуаттарды салу болып табылады.

Энергия өндіруші ұйымдардың тарифтері 2 құрамдас бөліктен тұрады: электр энергиясына белгіленген тариф және электр қуатын әзірлікте ұстап тұруға арналған тариф. Электр энергиясына белгіленген тариф өзгермелі операциялық шығыстардан тұрады. Электр қуатын әзірлікте ұстап тұруға арналған тарифтер инвестициялық шығыстардан тұрады. Тарифтерге саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, жыл сайын түзетулер енгізіледі. 

Еуразия экономикалық кеңесінің жалпы электр энергетикалық нарығын қалыптастыру

2019 жылғы 1 шілдеден бастап ұлттық энергетикалық нарықтарды сақтай отырып, бес қатысушы елдің энергия жүйелерінің өзара тиімді ынтымақтастығын қарастыратын Еуразия экономикалық кеңесінің (ЕАЭК) жалпы электр энергетикалық нарығы құрылады. ЕАЭК туралы шарт аясында одан кейінгі құрылымдық жақындату және мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық қамсыздандырылуын үйлестіру болжанады. 2015 ж. 8 мамырда Мәскеу қаласында Жоғары Еуразиялық Экономикалық Кеңес шешімімен (№12) ЕАЭК ЖЭН-ді қалыптастыру тұжырымдамасы бекітілді.

Қазіргі уақытта ЕАЭК қатысушы елдері ЕАЭК ЖЭН туралы келісімді келісу бойынша жұмыстар жүргізуде.

ЕАЭК ЖЭН Қазақстан Республикасының электр энергетикалық саласы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады: Ресей Федерациясына және Беларусь Республикасына электр энергиясын өткізудің қосымша нарығы пайда болады, сондай-ақ Орталық Азия елдерінен Еуразия Экономикалық Кеңістігі елдеріне электр энергиясын жеткізу мүмкіндігі туындайды.

Көмір нарығы

Қазақстанның көмір өнеркәсібі

Уголь всего, тыс. тонн

Көмір өнеркәсібі Қазақстан Республикасының аса маңызды ресурстық салаларының бірі болып табылады. Отын өндірудің ағымдағы құрылымында көмірдің жиынтық тұтынудағы үлесі – 66 % . Қазақстанда көмір өнеркәсібінің барлық негізгі сегменттері бар, алайда көмір өндіру мен энергетикалық көмірді пайдалану айрықша дамыған. BP Statistical Review of World Energy деректеріне сәйкес, 2017 жылғы жағдай бойынша, Қазақстан көмір қорының дәлелденген көлемі бойынша әлемде сегізінші орынға ие (25,6 млрд. тонна немесе жалпы әлемдік  қордың 2,2%-ы).

KAZENERGY–2017 ұлттық энергетикалық баяндамасындағы IHS CERA сарапшыларының бағалауы бойынша, 2040 жылға дейінгі кезеңде Қазақстандағы көмір өндіру мен тұтынуды болжау бірқатар маңызды үрдістерге меңзейді. Көмір өндіру көлемі 2040 жылы 80 млн. тоннадан төмен деңгейге баяу азаятын болады. Осы секілді траекторияны сол сияқты 2016 ж. 70 млн. тоннадан артық деңгейден 2040 ж. 60 млн. тоннаға жуық деңгейге дейін бірте-бірте төмендейтін көзге көрініп тұрған тұтыну да жүріп өтетін болады. Аталған үрдістер экономикада энергия ресурстарын пайдалану тиімділігін кезең-кезеңмен арттыру перспективасымен келісіледі, мұнда газды пайдалану бірте-бірте өсетін болады, 2030 жылдан кейін АЭС пайдалануға беріледі.  

Өндірілетін энергетикалық көмірдің негізгі үлесі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласының мұқтаждықтарына және экспортқа (51% және 31% сәйкесінше), қалған көлемі – халықтың коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықтары мен өнеркәсіптік кәсіпорындарға (13 % және 5 % сәйкесінше) жұмсалады.

Жиынтық өндіруден алынатын энергетикалық көмір нарығы

Энергетикалық көмірдің экспорты

Ресейге энергетикалық көмірді экспорттау Қазақстаннан шығатын жиынтық экспорттың негізгі үлесін (жиынтық 26,2 млн. тоннаның 84%-ын) құрайды. Ресей Федерациясында Қазақстан көміріне арнайы жобаланған электр станциялары негізгі сұранысты қамтамасыз етеді. Қазақстанның көмір импортының көлемі Ресейдің көмірді жалпы тұтыну көлеміне байланысты өзгеріп отырады, алайда, оны Ресейдің көмір өндірісінде пайдалану үлесі соңғы кездері азайып келеді және шамамен 20%-ды құрайды.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының 12 электр станциясына көмір жеткізетін көмір өндіруші компанияларының тізімі:

  1. «Богатырь Көмір» ЖШС (көмір маркасы КАТ);
  2. «ЕЭК» АҚ (көмір маркасы КАТ);
  3. «Ангренсор-Энерго» ЖШС (көмір маркасы КАТ);
  4. «Майкөбен-Вест» ЖШС (көмір маркасы Қ3, Ұ);
  5. «Оң-Олжа» ЖШС (көмір маркасы Қ3).

Ресей Федерациясының энергетикасын дамыту Урал электр станцияларында тұтынатын көмірді Екібастұз көмірінен табиғи газға және Кузнецк көміріне бірте-бірте көшіру болып табылады. Бұл орайда, Екібастұз көмірін Ресей бағытына жеткізудің экспорттық көлемін арттыру болжанып отырған жоқ.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында көмір өндіру бойынша қуаттар айтарлықтай дәрежеде энергетикалық көмірдің ішкі нарығының сұранысынан артық. Қазақстанның бірқатар көмір электр станцияларын көмірден газға көшіру мәселелері талқылануда. KAZENERGY-дің болжамдары бойынша, уақыты келгенде Қазақстанда электр энергиясын өндіруге арналған көмірдің үлесі оны табиғи газбен алмастыруға, сондай-ақ экономикалық өсімнің энергия сыйымдылығын азайтуға байланысты бірте-бірте азаятын болады.  

Қалыптасқан жағдайларда, көмір өнеркәсібін дамытудың басым бағыты жалпы алғанда, ең алдымен, көмірді өндіру мен өңдеуге жұмсалатын шығыстарды азайтуға, нақты тау-кен-геологиялық жағдайларға бейімделген өндіру технологияларын ендіруге бағытталған инновациялық қызметті күшейту болуы тиіс. Бұдан бөлек, көмір отынының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың аса маңызды бағыттары оның сапасын түбірімен жақсарту және терең өңдеу технологияларын ендіру болып қала береді.

Саланы реттеу аясы

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыр-күйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Рес-публикасының Энергетика министрлігі туралы ережеге сәйкес, көмір өнеркәсібі саласында конкурсқа ұсынуға болатын көмірсутек шикізатынан, көмір мен ураны бар жер қойнауы учаскелері тізбесінің жобаларын әзірлейді.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 15 қазандағы №67 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті көмір саласында:

  1. жер қойнауын зерттеу мен пайдалануға мемлекеттік бақылау жасауды;
  2. өз құзыреті шегінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарт талаптарын орындауына мониторинг жүргізу мен бақылауды;
  3. жер қойнауына мемлекеттік мониторинг жүргізуді және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Өндірудің өзіндік құны төмен болып келетін энергетикалық көмірдің мол қорының болуы

Қазақстан Республикасындағы қуаттардың тозуының жалпы деңгейіне қатысты тиімді энергетикалық қуаттар

Мемлекет және Қор тарапынан қолдау

1.     Белгіленген қуатты пайдалану коэффициентінің 
төмен болуы

2.     Қарыз жүктемесінің жоғары болуы

3.     Баға ұсыныстарын басқару мүмкіндіктерінің 
төмен болуы

Мүмкіндіктер

Сын-қатерлер

Өсіп отырған сұраныс, бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету және келешекте – нарық моделінің өзгеруі есебінен нарық үлесінің кеңеюі

Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін дамыту, оның ішінде Ұлттық оператор мәртебесі есебінен дамыту

Нарықтың қажеттілігіне сәйкес қуат балансын оңтай-ландыру (ЖЭС, ЖЭО, СЭС, ЖЭК)

Көмірді пайдалану бағыттарын кеңейту, оның ішінде байыту есебінен кеңейту

1.     Байланысты өндіруді сақтау және кеңейту

2.     Өндіруші қуаттардың сұранысы мен ұсыныстарының арасындағы айырмашылықтың өсуі

3.     Экологиялық заңнаманы шамадан тыс қатайту

4.     ЕАЭО-ның бірыңғай электр энергетикалық нарығын дамыту есебінен Қазақстан Республикасының нарығына қолжетімділікті арттыру

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ-НЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ НҚК ОРЫНДАЛУЫ

Атауы

2016 нақты

2017 нақты

2018

болжам

2019

болжам

1

Экономикалық қосылған құн (EVA), млн. теңге

-44 355

-47 131

-25 292

-10 147

 

Бақыланатын активтер бойынша EVA

-44 355

-47 131

-33 679

-17 386

 

ҚБ мен АК бойынша EVA

 

 

8 388

7 238

2

Қарыз/EBITDА (арасалмағы))

5,41

4,64

3,28

2,02

3

Дамуға және дивидендтерге арналған бос қаражат, 
млн.теңге

24 201

36 742

66 191

78 119

4

Таза активтердің құны (NAV), млн.теңге

412 874

382 946

448 923

492 925

5

Трансформациялау бағдарламасын іске асыру, %

 

65

100

100

6

Корпоративтік басқару рейтингі

 

B

ВВ

ВВВ

7

Электр энергиясын өндіру көлемі, млн.кВт•сағ

22 485

28 662

31 688

35 030

8

ҚР-дағы электр энергиясы нарығының үлесі

23,9 %

28,0 %

30,2

33,1

9

Кешенді Жекешелендіру Жоспарын іске асыру аясында «Самұрық-Энерго» АҚ активтерін сатуды қамтамасыз ету

 

 

100

100

Компанияның стратегиялық көрсеткіштерінің 2016 жылдан 2019 жылға дейін жақсару үрдісі бар. Өсудің негізгі  драйверлері мыналар: РФ-ға экспортқа электр энергиясын сату көлемін көбейту; ішкі нарықтағы өсім; электр энергиясын тасымалдауға жұмсалатын шығыстарға уақытша төмендету коэффициентін алу; қуат нарығын ендіру; қарыздық жүктемені азайту.