Біріктірлген жылдық есеп | «Самұрық-Энерго» АҚ

Компания туралы

Жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарды жаңғырту және жаңаларын енгізу бойынша ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында 2007 жылы 18 сәуірде құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімімен «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы құрылды. Қоғамның құрылған сәттегі құрылтайшылары «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі казақстандық холдингі» АҚ (94,01%)  мен «ҚазТрансГаз» АҚ (5,99%) болды.

«Самұрық-Энерго» АҚ 2007 жылы 10 мамырда тіркелді.

Электр энергетикалық активтерді оперативтік басқару және саладағы үйлестірілген мемлекеттік саясатты іске асыру үшін «Самұрық» МАБҚХ» АҚ-ның 9 компаниясы және «ҚазТрансГаз» АҚ-ның 7 компаниясы Компанияның қарамағына берілді.

2007 жылғы энергетикалық активтерді басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы

2008 жылғы 3 қарашада «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі казақстандық холдингі» АҚ мен «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-ның қосылуы жолымен болған қайта ұйымдастыру нәтижесінде Қоғамның акционері «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі казақстандық холдингі» АҚ-ның құқық мирасқоры болып табылатын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ болды. «ҚазТрансГаз» АҚ акционер ретінде қалды.

2008-2011 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ құрамына бірқатар компаниялар кірді, атап айтқанда әлемдегі ең ірі тас көмірге ие «Богатырь Көмір» ЖШС, сондай-ақ «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Булат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ. 

2012 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасының №1103 қаулысымен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «ҚазТрансГаз» АҚ-ға тиесілі акциялары «Самұрық-Қазына» АҚ-ға табысталды. Осылайша, 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамның жалғыз акционері болып табылады.

10 жыл ішінде Компания «Самұрық-Энерго» АҚ-ның компаниялар тобын қайта ұйымдастыру бойынша айтарлықтай жұмыс жасады. Активтер сатып алынды және жаңалары құрылды, басқару деңгейін азайту үшін компаниялар жойылды, үнемі жетілдіру жүргізілді және активтерді басқару тиімділігі арттырылды.

Компания әлемдік озық тәжірибелерге сәйкес портфельдік компанияларды даярлауды үнемі жүргізеді. Басқару кезеңінде, Компания Балқаш ЖЭС-ін салуды жүргізеді, Екібастұз ГРЭС-2-нің қуаты арттырылды, жаңартылатын энергия көздерін өндіру үшін «Samruk-Green Energy» ЖШС, «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС компаниялары құрылды, көрші республикаларға электр энергиясын көтерме сатуды жаңарты бойынша шаралар жүзеге асырылды. Компания Алматы облысында жаңа өндіруші қуаттарды дамыту үшін инвестициялар жасады, жаңартылатын энергия көздері пайдалануға енгізілді.

2017 жылдың басында компаниялар тобында қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша электр энергетикалық секторының 36 компания есептелді. 2017 жылы ішінде Компания Қоғам тобын қайта ұйымдастыру бойынша айтарлықтай жұмыс жасады. Қосылу жолымен Кипрде тіркелген 10 компанияның 7-уі жойылды, оның ішінде Mersal Coal Holdings Ltd, Manetas Coal Holdings Ltd, Grasedol Coal Holdings Ltd, Bleson Coal Holdings Ltd, Wexler Ltd., Alloyal Limited, Crouch Estate Ltd.

«Жекешелендірудің 2016–2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысын іске асыру аясында, «ШҚ АЭК» АҚ-ның, «МЭБК» АҚ-ның және «Ақтөже ЖЭО» АҚ‑ның акцияларын сату бойынша мәмілелер аяқталды. Активтерді жекешелендіру жөніндегі шаралар «Самұрық-Қазына» АҚ-ның активтерді сату, қайта құрылымдау бірыңғай қағидаттарға сәйкес жүзеге асырылды және ашық екі кезеңді конкурс жолымен сатылды, олар туралы ақпарат Қоғамның сайтында және бұқралық ақпарат құралдарында орналастырылды.

Жекешелендіру бағдардарламасына сәйкес, Компания «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ң 100%, «Алматы электр стансалары» АҚ-ң 100%, «Алматыэнергосбыт» ЖШС-ң 100%-н, «Тегис Мунай» ЖШС-дағы (құрамында «Мангышлак-Мунай» ЖШС бар) қатысу үлесінің 100%-ын және «Энергия Семиречья» ЖШС-дағы қатысу үлесінің 26%-ын сату жөніндегі шараларды жүзеге асырады.

Компания «Самұрық-Энерго» АҚ-ның портфельдік компанияларында әлеуметтік жауапкершілік пен бизнестің орнықты дамуын қамтамасыз ете отырып, барлық активтердің акционерлік капиталының құнын арттыру бойынша қызметті жалғастырады.

Бизнес-модель

Көмірді өндіру және сату

«Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан Республикасындағы ірі көмір өндіруші компаниясы «Богатырь-Көмір» ЖШС (50%), сондай-ақ Ресей Федерациясына көмірді экспорттайтын сауда компаниясы «Ресурс Энерго» ЖШС-гіне иелік етеді.

Өндірілген көмірдің «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы арасында, ал қалғаны Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының басқа электр станциялары, сондай-ақ коммуналдық-аймақтық кәсіпорындарына  жеткізіледі

Өндіру

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы Қазақстан Республикасындағы белгіленген қуатының 31% -ына иелік етеді. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы құрамына республика бойынша өндірілген жалпы электр энергиясының жалпы санының 28% -ын құрайтын «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-1 стансасы» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Бірінші жел электр стансасы» ЖШС, «Шардара СЭС» АҚ және басқа да өндіруші компаниялар кіреді.

Көтерме сауда

Электр энергиясын көтерме саудада өткізу нарығы ұлттық компаниялардың генерациялайтын компанияларымен сонымен қатар ірі тұтынушылар, соның ішінде: «KEGOC» АҚ, «Астанаэнергосбыт» ЖШС,«Қазфосфат» ЖШС, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Теміржолэнерго» ЖШС, «Қостанай Энерго»  АҚ, «Оңтүстік Жарық» ЖШС, «Көкшетау энергетикалық орталығы» ЖШС, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Жетісу ЭнергоТрейд», сондай-ақ басқа да ірі тұтынушылармен ұсынылған

Жеткізу, тарату

Электр энергиясын беру және бөлу негізінен магистральдық желілер «KEGOC» АҚ желілері мен аймақтық энергетикалық компаниялардың желілері арқылы жүзеге асырылады. «Самұрық-Энерго» АҚ тобына «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ кіреді.  «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ электр қуатымен қамтамасыз ету көлемі 6 527 млн. кВт.сағ

Бөлшек сауда

Электр энергиясын сатуға арналған бөлшек сауда нарығы энергия сату ұйымдарынан (ЭСҰ) тұрады.

ЭСҰ электр энергиясын халыққа, шағын және орта бизнеске, сондай-ақ басқа да бюджеттік өнеркәсіптік және институционалдық тұтынушылар меншіктеріне электр энергиясын сатады. Екіжақты келісімдер арқылы өндіруші компаниялардан электр энергиясын сатып алып, жеке тұтынушылармен екіжақты келісімдер жасасады. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының құрамындағы «Алматы-Энергосбыт» ЖШС 1.3 миллион тұтынушыға 5 767 млн кВт•сағ көлемінде электр энергиясын сатады

Экспорт

4,7 млрд. КВт / сағат электр энергиясы
9,1 млн. тонна көмір экспортталды

Активтердің ағымдағы құрылымы