Біріктірлген жылдық есеп | «Самұрық-Энерго» АҚ

Жасыл энергетика

«Мойнақ ГЭС» АҚ

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 100%)

А. Берлибаев
Басқарма Төрағасы

Мойнақ ГЭС – Қазақстандағы деривациялық типтегі алғашқы жоғары қысымды және ТМД кеңістігіндегі ең жоғары қысымды су электр станциясы. Станцияда қолданылатын заманауи технологиялық жабдықтар электр энергиясын өндіру процесін мейлінше автоматтандыруды және тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Мойнақ ГЭС-інде 1 МВт өндіруге жұмсалатын судың шығыны секундына 0,246 текше метрді құрайды және жұмыс істеп жатқан су электр станцияларының ішіндегі ең жоғары көрсеткішке ие станцияның бірі болып табылады.

Пайдалануға берілген кезден бастап станция 5 млрд. кВт•сағаттан астам электр энергиясын өндірді, компания бүгінде Қазақстандағы тиімділігі жоғары су электр станциясы болып табылады. 

Мойнақ ГЭС-ін іске қосу Алматы облысын дамытуға, әсіресе Райымбек ауданын дамытуға мол серпін берді. ГЭС ғимараты өлкенің шырайын кіргізіп, оған жаңаша түр берді. Аудан қосымша табыс көзін тауып, индустриалдық кәсіпорын мен тұрақты жұмыс орындарына ие болды. Біз қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмаймыз. Қазіргі кезде Бестөбе су қоймасын қосымша толтыру үшін Кеңсу өзені ағынының бір бөлігін пайдалану туралы мәселе зерделеніп жатыр. «Кеңсу өзені ағынының бір бөлігін Бестөбе су қоймасына бұру» ТЭН-і әзірленді. «Мойнақ ГЭС» АҚ ұжымы болашаққа сеніммен қарайды. Су электр станциясының жұмыс тиімділігін арттыру бойынша болашақтағы жоспарымыз да зор.

Қаржылық көрсеткіштер

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2012 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

Таза табыс

млн. теңге

-607

-27 619

4 740

3 076

EBITDA

млн. теңге

50

6 905

8 434

9 118

EBITDA Margin

 %

12

86

85

84

Өндірістік қызметтің қорытындылары

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2012 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

Белгіленген электр қуаты

МВт

300

300

300

300

Электр энергиясын өндіру көлемі

млн. кВт•сағ

503,890

902,766

1 165,535

1 226

Электр энергиясын сату көлемі

млн. кВт•сағ

501,365

893,917

1 156,197

1 221

Әлеуметтік көрсеткіштер

Орташа жалақының өзгеру қарқыны, теңге


«Шардара СЭС» АҚ

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 100%)

Қаржылық көрсеткіштер

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2012 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

Таза табыс

млн. теңге

961

1 065

1 376

1 706

EBITDA

млн. теңге

1 342

1 190

2 194

2 330

EBITDA Margin

%

68

57

69

68

Б. Жаңабаев
Басқарма Төрағасы

«Шардара СЭС» АҚ Нарын-Сырдария каскады су-энергетикалық кешенін пайдалану бойынша іс-қимылдарды үйлестіруді күшейту және Оңтүстік Қазақстанды энергиямен қамтамасыз етуді оңтайландыру мақсатында құрылған. Қазіргі кезде су электр станциясы Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі энергия өндіруші ұйым болып табылады, оның қызметінің негізгі бағыты – электр энергиясын өндіру және оны сату.   

Компанияның электр энергиясын өндіру мен табыс көлемін одан әрі өсіру үшін қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында қазіргі кезде «Шардара СЭС» АҚ-да су электр станциясының қолда бар жабдықтарын заманауи технологияларды пайдалана отырып жаңғырту және қайта құру бойынша жұмыс жүргізілуде.  

Компания өз қызметін қазіргі әлемде әлеуметтік саясатты жүргізу экономикалық қажеттілік болып табылатынын сезіне отырып жүзеге асырады, сондықтан да барлық мүдделі тараптармен: жұртшылықпен, мемлекетпен, іскер серіктестермен және персоналмен әлеуметтік-жауапкершілікке негізделген өзара іс-қимыл бойынша міндеттемелер қабылдайды.

«Шардара СЭС» АҚ алдағы уақытта да қол жеткізген жетістіктерді арттыруға, сол арқылы Қазақстанның электр энергетикалық саласын орнықты дамытуға өзінің сүбелі үлесін қосуға ниетті әрі сол үшін бар күшін жұмсамақ.

Өндірістік қызметтің қорытындылары

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2012 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

Белгіленген электр қуаты

МВт

100

100

100

100

Электр энергиясын өндіру көлемі

млн. кВт•сағ

569,319

465,259

334,042

359,360

Электр энергиясын сату көлемі

млн. кВт•сағ

563,661

460,424

329,352

354,752

Коммерциялық тұтынушылар саны

«Энергия ағыны» ЖШС, «Оңтүстік – Жарық» ЖШС,  «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Казсбытгрупп» ЖШС, «Энергоснаб ХХІ» ЖШС, «Югэнергоимпульс» ЖШС, «ГарантЭнерго» ЖШС;

Әлеуметтік көрсеткіштер

Орташа жалақының өзгеру қарқыны, теңге


«Бұқтырма ГЭС» АҚ

 («Самұрық-Энерго» АҚ - 90%)

«Бұқтырма ГЭС» АҚ Ертістен бастау алатын Зайсан көлінен 350 шақырымда, Бұқтырма өзенінің сағасынан 15 шақырым төмен орналасқан. БГЭС бөгетінде салынған тіреу сыйымдылығы 49,6 млрд. текше метр, айнасының алаңы 5490 шаршы шақырым болатын су қоймасын жасай отырып, Зайсан өзенінің табиғи деңгейін 5-6 метрге дейін бөгеп тұрады.

«Бұқтырма ГЭС» АҚ-ны құру энергетика, көлік және балық шаруашылығының көптеген мәселелерін шешеді. Су электр станциясын салғаннан кейін су көлігінің жұмыс істеу жағдайлары 500 шақырым қашықтықта терең су жолының пайда болуы және реттелген шығыстардың су торабы арқылы өткізу салдарынан күрт жақсарды.

«Бұқтырма ГЭС» АҚ жұмыс көлемінің үлестік шамасы бойынша да, сондай-ақ электр энергиясын өндірудің құндық көрсеткіштері бөлігінде де   өте үнемді су электр станциясы болып табылады.

ГЭС-тің белгіленген қуаты 675 МВт-ны құрайды, орташа жылдық өндіру – 2,77 млрд кВт•сағ. ГЭС Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі ең жоғарғы жүктемелерді жабады. 

Бұқтырма ГЭС-інің гидротехникалық құрылыстарын салған кезде КСРО-да бірінші рет төсеу үшін арнайы әзірленген технология қолданылған  «қатты бетон» деп аталатын материал қолданылды. 2002 жылы 60 түрлі орыннан бетон сынамалары алынып, екі тәуелсіз зертханаға талдау жасау үшін жіберілді. Талдау қорытындылары бойынша нәтижелер алынды, оның беріктігі құрылысты салған кездегімен салыстырғанда артқан. Сонымен бірге 2002 жылы Бұқтырма бөгеті бетон сапасының барлық күтілетін параметрлерден артық болуына байланысты әлемдегі ең мықты бөгет болып танылды.

Негізгі қызмет түрі: Өз жылжымайтын мүлкін жалға алу және басқару, өзге машиналарды, жабдықтарды және материалдық құралдарды жалға алу.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 070825, Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Серебрянск қаласы,   Графтио көшесі, 5


«Өскемен ГЭС» АҚ

(«Самұрық-Энерго» АҚ - 89,99%)

Су электр станциясының 40%-дан астамы Қазақстан Рес-публикасының шығысында, Ертіс өзенінде шоғырланған.  Ертіс каскадында алғашқы салынғаны – Өскемен ГЭС-і. Қазіргі кезде Өскеменнің солтүстік-шығысына қарай қала маңында орналасқан белгіленген қуаты 315 МВт болатын станцияның төрт турбинасы бар (82,8 МВт). Орта есеппен алғанда станцияның көп жылғы өндірген энергия көлемі 1 580 млн. кВт•сағ құрайды, ал су аз болған жылдары – 1 200 млн. кВт•сағ. «Өскемен ГЭС» АҚ өзінің инвестициялық міндеттемелерін орындап келеді және негізгі құралдарды жаңғырту мен қайта құру бойынша ұзақ мерзімді бағдарламаны жоспарлы түрде іске асыруда.  «Өскемен ГЭС» АҚ-ның инвестициялық бағдарламаларын іске асыру негізгі және қосалқы жабдықтарды, гидротехникалық құрылыстар кешенін пайдаланудың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ жұмысшы параметрлерді оңтайлы таңдауды қамтамасыз ете отырып, гидроагрегаттардың жұмыс режимдерін басқару тиімділігін арттыруға бағытталған. 

Негізгі өнімі: электр энергиясы

Негізгі қызмет түрі: Ұйымдастырушылық-басқарушылық және коммерциялық қызмет

Орналасқан жері: Заңды мекенжайлары: Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Аблакетка кенті (заңды мекенжайы). Атқарушы органның мекенжайы: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27


«Шүлбі ГЭС» АҚ

(«Самұрық-Энерго» АҚ - 92,14%)

«Шүлбі ГЭС» АҚ Ертіс өзенінің орта ағысында, Семей қаласынан 70 шақырым жоғары орналасқан. Су электр станциясының құрылысы 1976 жылы басталған, бірінші гидроагрегат өнеркәсіптік пайдалануға 1987 жылы 23 желтоқсанда берілді, алты гидроагрегаттың соңғысы 1994 жылы 19 желтоқсанда іске қосылды.

Гидроторап құрылысының өткізу қабілеті қатты су тасқыны кезінде судың асып кету ықтималдылығы 1% – 
7 770 м3/сек болатын қалыпты тіреулік деңгейде 240 м-ге, ал ықтималдылығы  8 770 м3/сек болатын тіреулік деңгейде 243 м 0,01 % өткізуге есептелген.

Негізгі өнімі: электр энергиясы

Негізгі қызмет түрі: Ұйымдастырушылық-басқарушылық және коммерциялық қызмет

Орналасқан жері: Семей қ., Шүлбі кенті (ШГЭС). Атқарушы органдарының орналасқан жері (ӨГЭС, ШГЭС) – Өскемен қ., Қазақстан көшесі, 27


 «Энергия Семиречья» ЖШС

(«Самұрык-Энерго» АҚ – 51 %, Zenith Global FLE – 49 %)

«Самұрық-Энерго» АҚ Стратегиясында бекітілген міндеттерді орындау үшін «Энергия Семиречья» ЖШС «Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек дәлізінде келешекте қуаты 300 МВТ-ға дейін ұлғайтылатын қуаты 60 МВт жел электр станциясын салу» жобасын іске асырумен айналысады.

Серіктестік электр энергиясын өндіру және сату, жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, объектілерді жобалау және салу қызметін көрсету үшін құрылған. 

Жақын арада «Жоңғар қақпасы 72 МВт» жобасы аясында Жоңғар қақпаларындағы желді мониторингілеуді аяқтауды, сондай-ақ Шелек энергия торабын дамытуды (Қоғам мен HYDROCHINA CORPORATION арасындағы Келісімді іске асыру) көздеп отыр.

Қазіргі кезде «Энергия Семиречья» ЖШС Жобаны іске асырудың инвестициялық кезеңіне шықты және акционерлер бағдарламасының қысқа мерзімде орындалуын ұйымдастыру міндетін қойып отыр.

Қойылған міндеттер Алматы облысындағы энергия тапшылығын азайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сонымен қатар зиянды газдарды қысқарту және экологияны сақтау үшін тағы бір қадам жасауға мүмкіндік береді.


«Тегис Мунай» ЖШС

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 100%)

«Тегис Мунай» ЖШС-ның қызметі жер үсті Қазақстан Рес-публикасының Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Придорожное» кен орнында инфрақұрылымды салу және жайластыру, «Придорожное» кен орнынан Бейнеу-Бозой-Шымкент магисталды газ құбырына дейін газ құбырын салу, газды өндіру, өңдеу және сату болып табылады.

Қауіпсіз еңбек шарттарын, қоршаған ортаның қорғалуын және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, жобаланатын объектілердің жобаның өнеркәсіптік және энергия өндіруші бөлімдеріне энергиялық тиімді технологияларды ендіру үшін ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық институттармен белсенді қатынасады.

Алдымызда көптеген тапсырмаларды шешу міндеті тұр, оларды озық технологияларды және қызметкерлеріміздің жинаған тәжірибесін қолдану арқылы жүзеге асырамыз деп сенеміз.


«МАНГЫШЛАК-МУНАЙ» ЖШС

(«Тегис Мунай» ЖШС – 100%)

2016 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес ұйымы «МАНГЫШЛАК-МУНАЙ» ЖШС жаңа озық мүмкіншіліктерді тарта отырып, барлау кезеңін аяқтады және ҚР ҚМК-да 16 475 млн.м3 мөлшерінде «Придорожное» кен орнында табиғи газдың жаңартылған геологиялық қорларын бекітті. Көмірсутекті шикізат қорлары 125%-ға өсті, бұл «Придорожное» кен орынға Қазақстандағы табиғи газдың ірі кен орнының құрамына кіруге мүмкіндік берді.

2017 жыл ҚР Энергетика министрлігімен Тікелей келіссөздер хаттамасына қол қоюмен және Газды өндіру келісімшартына қол қоюға бірінші кезектегі құқық алумен белгіленді.

«МАНГЫШЛАК-МУНАЙ» ЖШС-ның негізгі тапсырмасы өңірде газ тапшылығының орнын толтыру, жаңға жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік көмекті және бюджетке салық аударымдарын арттыру мақсатында кен орнын өнеркәсіптік пайдалану болып табылады.

Аталған жобаны іске асыра отырып, қоға мен қоршаған орта алдында жауап тартамыз, кедергілерді және уақыт қауіп-қатерлерінен қорықпай тиімді нәтижелер мен бағаларға қол жеткізуне тырысамыз.

«МАНГЫШЛАК-МУНАЙ» ЖШС-ның миссиясы прогресс пен қоғамда өркендеу үшін жасампаз жұмысты білдіреді. Энергиямыз адамдарға жарық пен жылуды әкелсін деп тілейміз.


«Samruk-Green Energy» ЖШС

(«Самұрық-Энерго» АҚ - 100%)

Т.Бөкенов
Бас директор

«Samruk-Green Energy» ЖШС жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру үшін құрылды. 2016 жылы энергия өндіру көлемі
3 228 тыс.кВт•сағ құрады, ол 1665 тоннадан асатын СО2 шығарындыларының атмосфераға шығарылуының алдын алып, Қазақстанның мыңнан астам отбасын электр энергиясымен қамтамасыз етті.

«Samruk-Green Energy» ЖШС компанияның ғылыми-зерттеу қызметіне айрықша көңіл бөледі. Осылайша, 2015 жылы Қапшағай қаласындағы 2МВт КЭС базасында ЖЭК экспериментальдық зерттеу зертханасы құрылды, оның қызметінің негізгі бағыты - ЖЭК технологияларын тестілеуден өткізу. Қызмет аясына «Astana Solar» ЖШС отандық өндірушісінің фотоэлектрлі модульдерін тестілеу де кіреді. Сонымен қатар Қапшағай қаласындағы 2МВт КЭС базасында «Primus Power» американдық компаниясы өндірген «EnergyPod» бірегей ағынды энергия шоғырландырушы жүйе де тестілеуден өтті.

Қазіргі кезде Серіктестік ҚР мен ҚХР арасындағы үкіметаралық келісім аясында  1 МВт КЭС пен 5 МВт ЖЭС жобаларын іске асыру үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға күш салуда. Аталған объектілерді іске қосуды «Қапшағай қаласы ауданында 50МВт «Солар-Парк» КЭС салу» жобасын іске асыру арқылы орындау жоспарлануда. Аталған жобаны іске асырудағы жағымды аспектінің бірі Қапшағай қ. 2МВт КЭС салу және іске қосу тәжірибесі мен ЖЭК зертханасы қызметінің нәтижелерін пайдалану мүмкіндігі болып табылады. 

Қазақстан Республикасында ЖЭК-ті дамытудағы жетістік қазақстандық мамандарды даярлау деңгейіне тікелей байланысты. Осы орайда «Samruk-Green Energy» ЖШС жетекші техникалық ЖОО-лармен (АЭБУ, ҚазҰУ, Қаз ҒЗТУ, ҚБТУ) белсенді түрде бірлесіп жұмыс істейді, осы ынтымақтастықтың аясында студенттер «жасыл» энергетика саласындағы алғашқы практикалық тәжірибелерінен өтеді.

Қаржылық көрсеткіштер

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

Таза табыс

 млн. теңге

-113

-65

-22

EBITDA

 млн. теңге

-67

-28

13

EBITDA Margin

 %

-62

-25

10

Өндірістік қызметтің қорытындылары

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

Белгіленген электр қуаты

МВт

2

2

2

Электр энергиясын өндіру көлемі

млн. кВт•сағ

 3,267

 3,228

 3,215

Электр энергиясын сату көлемі

млн. кВт•сағ

 3,154

 3,109

 3,101

Әлеуметтік көрсеткіштер

Орташа жалақының өзгеру қарқыны, теңге


«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 100%)

М. Избасханов
Бас директор

«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп ауқымында жұмыс істейтін алғашқы ірі жел электр станциясы болып табылады.

Компанияның жел паркі экология үшін қауіпсіз жұмыс істейтін 22 жел турбинасынан тұрады. Іске қосылған сәттен бастап электр станциясы 400 млн. кВт•сағ-дан астам электр энергиясын өндірді. Барлық өндірілетін электр энергиясының 100%-ы Қазақстанның Ұлттық электр торабына қосылады.

Кәсіпорынның есептеуінше, бүгінгі күні жергілікті бюджетке 700 млн. теңгеден астам салық төленді. 10,1 млрд. теңгеден асатын сомада табыс жинақталды.

Компанияның жоспарында отын-энергетикалық ресурстардың жалпы шығынын азайтуды ескеретін өндіруші қуаттардың оңтайлы құрылымын, қоршаған ортаға тигізетін экологиялық әсер деңгейінің төмен болуын  қамтамасыз ету мақсатында жаңартылатын энергия көздерін пайдалана (жел әлеуетін) отырып жаңа өндіруші қуаттарды салу арқылы электр энергиясын өндіру қуатын 300 МВт-ға дейін кеңейту көзделген. ЖЭС жобасын іске асыру парниктік газдардың шығарындыларын азайтуға алып келетін балама энергетиканы ендіру жолындағы алғашқы қадам болып табылады, сонымен қатар жыл сайын электр энергиясын көмірсутекті отынды жұмсамай жылына 
172 млн. кВт•сағ артық көлемде өндіру кемінде жылына 100 мың. кВт•сағ тонна көмірді үнемдеуге, сол арқылы өңірге электр энергиясын жеткізу сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қаржылық көрсеткіштер

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2011 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

Таза табыс

млн. теңге

(0,01)

(329,6)

(444,4)

21,2

EBITDA

млн. теңге

(0,01)

1 083,0

2 131, 2

3 420,8

EBITDA Margin

%

                62

62

78

Өндірістік қызметтің қорытындылары

Көрсеткіш

Өлшем

бірлігі

2011 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

Белгіленген электр қуаты

МВт

45

45

45

Электр энергиясын өндіру көлемі

млн кВт•сағ

79,229

151,764

166,384

Электр энергиясын сату көлемі

млн кВт•сағ

79,131

151,467

165,973

Әлеуметтік көрсеткіштер

Орташа жалақының өзгеру қарқыны, теңге


«Ereymentau Wind Power» ЖШС

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 100%)

«Ereymentau Wind Power» ЖШС 2011 жылы 24 қарашада құрылды. «Ereymentau Wind Power» ЖШС қызметінің негізгі бағыты – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру. Қазіргі кезде «Ereymentau Wind Power» ЖШС «Келешекте 300 МВт-ға дейін кеңейте отырып, Ерейментау қ. ауданында қуаты 
50 МВт жел электр станциясын салу» жобасын іске асырумен айналысады.

Негізгі өнімі: электр энергиясы

Негізгі қызмет түрі: жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру және сату

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, №12 «А», 3-қабат


«Казгидротехэнерго» ЖШС 

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 100%)

«Әлеуметтік жауапкершілік» бағыты аясында қоршаған ортаны қорғау, «жасыл экономика» стратегиясын іске асыру маңызды аспект болып табылады, соған байланысты «Казгидротехэнерго» ЖШС-ны сатып алу  «Самұрық-Энерго» АҚ-ның басты басымдықтарының бірі болып табылады. Серіктестіктің қызметі ЖЭК-ті пайдалана отырып электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін ЖЭК-ті пайдаланатын объектілерді, дербес техникалық құрылғыларды және онымен байланысты құрылыстарды  жобалауға, салуға бағытталған (жобалар – Казгидротехэнергоның 4 шағын ГЭС-ін салу).

«Казгидротехэнерго» ЖШС — Оңтүстік Қазақстандағы жиынтық қуаты 108 МВт болатын шағын ГЭС желілерін әзірлеумен айналысатын компания.

Негізгі өнімі: электр энергиясы

Негізгі қызмет түрі: жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру және сату

Орналасқан жері: ҚР, Алматы қ., Достық даңғылы, 188, «Құлан» БО, 904-оф.


«Теплоэнергомаш» ЖШС

(«Казгидротехэнерго» ЖШС – 95%)

«Теплоэнергомаш» ЖШС Үлкен Алматы каналында жалпы қуаты 12 МВт болатын екі электр станциясын салуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек өзенінде жиынтық қуаты 26 МВт (Алматы облысы) ҮАК мен ГЭС-те 19 1,2 СЭС-ін салу жоспарланып отыр.

«Теплоэнергомаш» ЖШС қатысушылары: «Казгидротехэнерго» ЖШС – 95%, жеке тұлға  – 5%.

Негізгі өнімі: электр энергиясы

Негізгі қызмет түрі: жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру және сату

Орналасқан жері: ҚР, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 13, «Нұрлы Тау» БО, 1В-к., 505-оф.