Біріктірлген жылдық есеп | «Самұрық-Энерго» АҚ

КӨМІР

«Богатырь Көмір» ЖШС

(Forum Muider B.V. – 100%)

Р. Сансызбаев
Бас директор

2008 жылы еліміздің басты энергетикалық холдингі болып табылатын «Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрамына ене отырып, «Богатырь Көмір» ЖШС көмір өндіруші компаниясы өзінің отын энергетикасы саласындағы жетекші орнын айтарлықтай нығайтып, өндірістің сапалық тұрғыдағы жаңа деңгейіне көтерілді. Шамамен 2,75 миллиард тонна орасан зор көмір қорына ие «Богатырь» және «Северный» кесіктері өздерінің өнеркәсіптік игеру ауқымымен таң қалдырады.

Бүгінде «Богатырь Көмір» ЖШС кезекті технологиялық серпін үстінде. Қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге жауап бере отырып, компания көмір өндірудің, тұрақтандыру мен тиеудің циклдық-ағындық технологиясына көшу үшін белсенді түрде дайындық жұмыстарын жүргізуде. Серіктестікке тиесілі «Богатырь» кесігінде қазірдің өзінде циклдық-ағындық технологияға көшудің аралық кезеңі болып табылатын авто-теміржол және конвейерлік-теміржол технологиялары ендірілді.

Мұнымен қатар, өткен жылдары циклдық-ағындық технологиялар объектілерін салуға учаскелерді дайындау үшін «Богатырь» кесігінің көліктік сызбасын қайта құрылымдау бойынша 2 880 млн. теңге сомаға инвестициялық жоба іске асырылды. Аталған жобаны іске асыру:

- циклдық-ағындық технологиялар объектілерін салу үшін алаңдарды дайындауға;

- көмір тасымалдаудың орташа ұзақтығын 2006 жылғы 16,2 шақырымнан  2010 жылғы 12,9 шақырымға дейін қысқартуға;

- көмір кешені теміржолдарының ұзындығын 19,4 шақырымға және 128 бағыттамалық жетекті қысқартуға мүмкіндік берді.

Осы жоспарлы жұмыстың арқасында «Богатырь Көмір» ЖШС дүние жүзіндегі ашық тәсілмен көмір өндіру бойынша аса ірі кәсіпорындардың бірі болып қала береді. Компанияның үлесіне Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін көмірдің 60 пайызы және ҚР-дағы жалпы көмір өндіру көлемінің 40 пайызы тиеді. Мұнда кәсіпорынның өндірістік қуаты көмірді жылына 42 млн. тоннаға, оның ішінде «Богатырь» кесігінде – 32 миллион тоннаға, «Северный» кесігінде – 10 миллион тоннаға дейін өндіруге мүмкіндік береді.

Кесіктің жарты жылдық тарихы ішінде «Богатырь» кеншілері 1,5 млрд. тоннадан астам көмірді  өндірді және тұынушыларға тиеді. Компания Қазақстан мен Ресей Федерациясының энергия жүйелері үшін ең сенімді және уақытпен сыналған қатты отын жеткізуші ретінде жайғасымды растайды.

 «Богатырь Көмір» ЖШС-ның келешек жоспарлары Қазақстанның энергетика саласындағы Екібастұз ГРЭС-1, Екібастұз ГРЭС-2, Қарағанды 3-ЖЭО, Астана қ. энергетикалық жүйелерін қайта құру және жаңа энергетикалық қуаттарды іске қосу, сондай-ақ Балқаш ЖЭС-і мен Талдықорған қ. ЖЭО-ны салу жөніндегі ауқымды жобалармен байланысты.

Қаржылық көрсеткіштер

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2008 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

Таза табыс

 млн. теңге

 11 637

 9 268

 11 191

 21 960

EBITDA

 млн. теңге

 19 893

 23 307

 22 785

 34 506

EBITDA Margin

 %

 44,6

 41,8

 36,4

43,4

Өндірістік қызметтің қорытындылары

Атауы

Өлшем бірлігі

2008 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

Көмір өндіру көлемі

млн. тонна

46,1

34,5

35,1

40,4

ҚР-дағы көмір сату көлемі

 млн. тонна

24,0

23,3

25,9

30,7

жеке ЭС-ға

 млн. тонна

13,7

11,6

11,5

15,6

сыртқы ЭС-ға

 млн. тонна

10,3

11,7

14,4

15,1

Көмірді экспорттау көлемі

 млн. тонна

22,2

10,6

9,2

10,2

Коммерциялық тұтынушылар

Екібастұз ГРЭС-1, ГРЭС-2, Алматы және Қарағанды жылу электр орталықтары, Ақмола 2-ЖЭО, Петропавл 2-ЖЭО және Ресейдің  – Рефтинск, Троицк ГРЭС-тері мен Қорған ЖЭО-сы.

*  Жылу электр станцияларына көмір жеткізу үлесі жалпы жеткізілім көлемінің 95%-ын, бюджеттік ұйымдарға  (коммуналдық-тұрмыстық көмір) - 5%-ын құрайды.

    ҚР-ның ішкі нарығына жеткізілім жалпы жеткізу көлемінің 75%-ын, экспортқа - 25%-ын құрайды.

Экологиялық көрсеткіштер

Әлеуметтік көрсеткіштер

Орташа жалақының өзгеру қарқыны, теңге