Біріктірлген жылдық есеп | «Самұрық-Энерго» АҚ

Компанияның қаржылық-экономикалық қызметіне шолу

Қазіргі кезде Компания энергиямен жабдықтау бойынша тиімділігі жоғары жүйені қалыптастыратын, сондай-ақ Қазақстанның барлық салаларының орнықты дамуын қамтамасыз ететін халықаралық энергия балансына ойдағыдай интеграцияланған аса ірі көп бейінді энергетикалық холдинг болып табылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы қызметінің негізгі түрлері көмір, көмірсутек және су ресурстары негізінде электр энергиясын өндіру, оны халыққа және өнеркәсіптік кәсіпорындарға сату, электр энергиясын тасымалдау, желідегі электрді техникалық бөлу, су электр станциялары мен жылу электр станцияларын  салу, жаңартылатын энергия көздерін салу және пайдалану, көмір өндіру, сондай-ақ су электр станцияларының мүліктік кешендерін жалға алу болып табылады.

Компания активтерінің құрамында аса ірі өндіруші компаниялар бар, олардың қатарында Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2 сияқты ұлттық маңызы бар, сондай-ақ Алматы өңірінде өңірлік маңызы бар электр және жылу энергиясын өндіретін станциялар бар; СЭС Ертіс каскадына, сондай-ақ еліміздің оңтүстік өңірлерінің СЭС-іне  («Шардара СЭС» АҚ және «Мойнақ СЭС» АҚ) кіретін республиканың   негізгі су электр станциялары ұсынылған. Сонымен қатар Компания активтерінің құрамына өңірлік тарату желілері мен Алматы өңірінің өткізуші компаниясы және Қазақстандағы ең ірі көмір өндіретін кәсіпорын – «Богатырь Көмір» ЖШС кіреді. Кәсіпорын «Самұрық‑Энер-го» АҚ компаниялар тобының нысандарына және Қазақстанда да, Ресей Федерациясында да орналасқан үшінші тараптардың да өндіруші объектілеріне көмір жеткізеді.

2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша  «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, құрамында «Шығыс-энерготрейд» ЖШС бар «Шығыс Қазақстан Аймақтық Энергетикалық Компаниясы» АҚ және «Маңғыстау электр тораптық бөлу компаниясы» АҚ Компанияның Директорлар кеңесінің 2016 жылы 23 қарашада Жекешелендіру жоспарын орындау аясында бекіткен шешіміне сәйкес сатылды. 

Макроэкономикалық факторлар

2017 жылдың қорытындысы бойынша, инфляция 7,1% деңгейінде қалыптасты, бұл 2016 жылғы инфляцияның деңгейінен (8,5%) 1,4%-ға төмен. Төртінші тоқсан бойындағы әлемдік шикізат нарықтарындағы конъюнктураның оң динамикасы, сыртқы ауылшаруашылық нарықтарындағы негізгі тауар жайғасымдарына бағаның тұрақты болуы фонындағы сыртқы инфляциялық қысымның азаюы, валюта нарығындағы жағдайдың тұрақталуы мен теңгенің нығаю тренді инфляциялық үдерістердің баяулауына ықпал етті. Инфляцияның мейлінше төмендеуіне энергия тасымалдағыштар нарығында бағаның шарықтауының жалғаса түсуі кедергі келтірді, оның ықпалы тек тоқсан соңында ғана әлсіреді. Базалық инфляцияның көрсеткіштері неғұрлым тұрақты түрде төмендегенін көрсетті.  (ҚР ҰБ дереккөзі)

Валюта бағамының динамикасы:

 

31.12.2016 жыл

31.12.2017 жыл

%

KZT/USD

333,29

332,33

100 %

KZT/EUR

352,42

398,23

113 %

KZT/RUB

5,43

5,77

106 %

KZT/USD

KZT/EUR

KZT/RU

ҚР электр энергиясын өндіру, млн. кВт•сағ

ҚР электр энергиясын тұтыну, млн. кВт•сағ

Жүйелік оператордың деректері бойынша ҚР электр станциялары 2017 жылы 102 383,6 млн. кВт•сағ электр энергиясын өндірді, бұл 2016 жылдың осы кезеңіне қарағанда 8,83%-ға көп. ҚР БЭЖ-інің Солтүстік және Батыс өңірінде электр энергиясын өндіру көлемі артса, осы мерзімде Оңтүстік аймақта өндіру көлемінің төмендеуі байқалды.

Жүйелік оператордың деректері бойынша, 2017 жылы бүкіл ҚР бойынша электр энергиясын тұтыну динамикасында 2016 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда өсу байқалады. Сөйтіп, республиканың солтүстік өңірінде тұтыну  5,0%-ға, батыс өңірінде – 7,8%-ға және оңтүстік өңірде 8,1%-ға өсті.

Жамбыл облысында азот, фосфор және ферросиликомарганец тыңайтқыштарын өндіру ұлғайды. Бұл облыста электр энергиясын тұтынудың өсуіне әсер етті (19,2%).

Атырау облысында электр энергиясын тұтыну шикі мұнай өндіру көлемінің өсуі есебінен 17,5%-ға өсті.

Ақтөбе облысында хром рудалары мен концентраттар өндірудің ұлғаюына байланысты электр энергиясын тұтыну 11,9%-ға өсті.

Батыс Қазақстан облысында электр энергиясын тұтыну газ конденсатын өндіру есебінен 6,8%-ға өсті.

Оңтүстік Қазақстан облысында электр энергиясын тұтыну 8,8%-ға өсті. Облыста дәрі-дәрмек, керосин, бензин, электр трансформаторлары мен мақта өндірісі өсті.

ПӨндірістік көрсеткіштер

ҚР бойынша 2017 жылы «Самұрық-энерго» АҚ-ның жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның ҚР бойынша 2017 жылы жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі 28%-ды құрады, ол 2016 жылмен салыстырғанда үлес 4%-ға өсті.

Өндірістік НҚК (өндірушілерге шаққанда)

ЕТҰ атаулары

2016

2017

2016-ң 2017-ге қарағандағы ауытқуы

2018 (болжам)

2019 (болжам)

 

 

 

 

 

 

Электр энергиясын өндіру көлемі, млн. кВт•сағ

 

 

 

 

 

«АлЭС» АҚ

5 911,4

5 712,4

97 %

5 205,1

5 204,3

«Ақтөбе ЖЭО» АҚ

905,7

901,2

100 %

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС

9 037,3

14 797,0

164 %

19 912,1

22 547,7

Оның ішінде экспорт

133,2

4 705,5

 

6 100,0

6 100,0

 «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ

4 976,1

5 495,5

110 %

5 109,7

5 800,6

«Шардара СЭС» АҚ

334,0

359,4

108 %

320,0

378,0

«Мойнақ ГЭС» АҚ

1 165,5

1 226,5

105 %

960,0

906,0

«Samruk-Green Energy» ЖШС

3,2

3,2

100 %

8,7

21,7

«БЖЭС» ЖШС

151,8

166,4

110 %

172,2

172,2

Барлығы

22 485,1

28 661,5

127 %

31 687,7

35 030,4

Электр энергиясын жеткізу көлемі, млн. кВт•сағ

 

 

 

 

 

«АЖК» АҚ

6 252,0

6 527,9

104 %

6 696

 «ШҚ АЭК» АҚ

3 375,2

3 399,6

101 %

 «МЭБК» АҚ

2 490,4

2 098,5

84 %

Барлығы

12 117,6

12 026,1

99 %

6 696

0,0

Электр энергиясын сату көлемі, млн. кВт•сағ

 

 

 

 

 

«АЭС» ЖШС

5 766,8

5 767,5

100 %

5 892,0

«ШЭТ» ЖШС

2 670,7

2 618,7

98 %

Барлығы

8 437,6

8 386,1

99 %

5 892,0

0,0

Жылу энергиясын өндіру көлемі, мың Гкал

 

 

 

 

 

«АлЭС» АҚ

4 970,5

5 223,3

105 %

5 140,0

5 140,0

 «Ақтөбе ЖЭО» ЖЭО

1 763,5

1 731,4

98 %

 «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ

70,8

66,5

94 %

76,0

76,0

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС

 

8,2

 

375,0

375,0

 Барлығы

6 804,8

7 029,3

103 %

5 591,0

5 591,0

Көмір сату көлемі, млн тонна

35,1

40,9

116 %

41,3

40,3

« - » актив сатылды/сатуға жоспарлануда

Электр энергиясын өндіру көлемі 2017 жылы 
28 662 млн. кВт•сағ (2016ж. салыстырғандағы өсім 
6 176,4 млн. кВт•сағ немесе 27%) құрады. Негізінен өндіру көлемінің ұлғаюына «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-дан Ресейге 4 706 млн. кВт•сағ электр энергиясын экспорттау нәтижесінде және ішкі нарықтағы ұлғаюына байланысты қол жеткізілді, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ бойынша ұлғаю электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықта сату есебінен 519 млн. кВт•сағ құрады, сондай-ақ ағын судың өсуі есебінен «Мойнақ ГЭС» АҚ мен «Шардара СЭС» АҚ бойынша өндіру көлемі өсті.

2017 жылы жылу энергиясын өндіру көлемінің 5%-ға (224,5 мың Гкал-ға), артуы 2016 жылғы климатологиялық температуралармен салыстырғанда сыртқы ауа температурасының неғұрлым төмен болуы себебінен жылыту жүктемесінің ұлғаюына байланысты.

Электр энергиясын жеткізу көлемі 2016 ж. көлемнің деңгейінен –12 117,6 млн теңгеге (91,5 млн кВт•сағ-қа азайды) аз ғана төмендей отырып, 12 026,1 млн кВт•сағ құрады.

ЖЭС, ЖЭО-да электр энергиясын өндіру көлемі (млн.кВт•сағ)

СЭС, ЖЭС және КЭС-тердегі электр энергиясын өндіру көлемі (млн. кВт•сағ)

Жылу энергиясын өндіру көлемінің өзгеру динамикасы, мың Гкал

Желілердегі электр энергиясын жеткізу (млн.кВт•сағ) және шығын көлемі (%-бен)

Желілердегі шығындар «АЖК» АҚ мен «МЭБК» АҚ-да желілер мен ЭЭКЕАЖ-ды жаңғырту бойынша іс-шараларды өткізу есебінен 0,46%-ға және сәйкесінше 1,99%-ға азайды. Жалпы алғанда, барлық ӨЭК бойынша шығын деңгейі ТМРБҚК белгілеген нормативтен төмен.

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдарда есепті кезең ішіндегі электр энергиясын сатудың жалпы көлемі 8 386 млн. кВт•сағ құрады, бұл 2016 ж. салыстырғанда 0,6%-ға төмен.

Тұтынушылар санының өскеніне қарамастан, тұтыну көлемі айтарлықтай өзгеріссіз қалып отыр:

Атауы

Нақты 2016ж.

Нақты 2017ж.

Ауытқу

%

АлматыЭнергоСбыт

 

 

 

 

Тұтынушылар саны, оның ішінде:

781 734

800 448

18 714

2%

Халық

752 711

770 245

17 534

2%

Заңды тұлғалар

29 023

30 203

1 180

4%

Сату көлемі, млн кВт•сағ

5 767

5 767

0,6

0%

ШығысЭнергоТрейд

 

 

 

 

Тұтынушылар саны, оның ішінде:

498 271

506 258

7 987

2 %

Халық

477 677

485 013

7 336

2 %

Заңды тұлғалар

20 594

21 245

651

3 %

Сату көлемі, млн кВт•сағ

2 671

2 619

-52

-2 %

2017 ж. қорытындысы бойынша, көмір сату көлемі 40 858 мың тоннаны құрады, бұл ұқсас кезеңнен 16%-ға немесе 5 776 мың тоннаға жоғары.

Ішкі нарықта көмір сату көлемінің 4 845 мың тоннаға немесе 19%-ға ұлғаюы негізінен «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның 3 293 мың тоннаға (электр энергиясын өндірудің ұлғаюы), «Астана-Энергия» АҚ-ның 603 мың тоннаға, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықтарға көмір сату көлемінің  467 мың тоннаға өсуі есебінен болды.

Экспортқа көмір сатудың 932 мың тоннаға немесе 10%-ғаұлғаюы негізінен Серовск ГРЭС-I мен Троицк ГРЭС-I бойынша 671 мың тоннаға азайған кезде Рефтинск ГРЭС-I бойынша 1 599 мың тоннаға өсуімен байланысты.

«Богатырь Көмір» ЖШС көмірін сату, мың тонна

Алдағы кезеңге болжам:

2018 жылға жасалған болжамда электр энергиясын өндіру көлемі 2017 жылдың фактілеріне қатысты бірте-бірте өсу арқылы болжанады. 2018 жылы электр энергиясын өндіру көлемінің 3 026 млн. кВт•сағ-ға артуы негізінен ішкі және сыртқы (РФ) нарықтарда «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС электр энергиясын сату көлемінің өсуінен болды.  

2019 жылға жасалған болжамда электр энергиясын өндіру көлемі 11%-ға артқан, бұл «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС мен «Екібастұз ГРЭС- 2» АҚ электр энергиясын өндіру көлемінің артуына байланысты. 

Жылу энергиясын өндіру көлемі 2018 жылға арналған жоспарда 2017 жылдың фактілеріне қарағанда 20%-ға азайтылып болжанады, бұл негізінен 2017 жылы «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ның активін сатуға байланысты.

Электр энергиясын жеткізу және тарату көлемі бойынша 2018 жылы «ШҚ АЭК» АҚ мен «МЭБК» АҚ активтерін сатуға байланысты азаю күтіледі.  

Электр энергиясын сату көлемі 2018 жылға арналған болжамда 2017 жылдың фактісі деңгейінен 30%-ға азаяды, ол 2017 жылы «ШЭТ» ЖШС-ны сатумен байланысты. 2019 жылға арналған болжамда электр энергиясын сату көлемі 2018 жылдың аяғында «АЭС» ЖШС-ны сатуға байланысты жоспарланбайды.

Көмір сату көлемі 2018 жылға арналған болжамда 2017 жылдың фактісімен салыстырғанда 0,4 млн. тоннаға немесе 1%-ға  артады.

2019 жылға арналған болжамда көмір сату көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 2%-ға немесе 1,0 млн. тоннаға қысқарады. 2018–2019 жылдарға арналған көмір өндіру және көмірді сату көлемі ҚР мен РФ-дағы электр энергиясын өндірудің болжамды көлемін ескере отырып қарастырылды.

Есепті кезеңдегі негізгі оқиғалар

Күні

Оқиға

1 қаңтар

Энергия өндіруші ұйымдардың 1 тобы («Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС мен «Екібастұз ГРЭС- 2» АҚ) үшін шекті тарифтер Энергетика министрлігінің ұсынымы бойынша 8,42 теңге/кВтс деңгейіне дейін төмендеді. 

1 қаңтар

Табиғи монополиялар субъектілері (ТМС) үшін 2017 жылдың қаңтарынан бастап заңнамаға өзге қызметті жүзеге асыру бөлігінде өзгерістер (бұрын өзге қызметтен түсетін кіріс негізгі қызметтен түсетін кірістің 5%-ынан аспауы тиіс болатын) енгізілді. Осылайша, субъектілер реттеуші – ТМРжБҚК бекіткен тарифтерде көзделмеген шығыстарды жүзеге асыру үшін қосымша кіріс алу  мүмкіндіктеріне ие болды.

1 қаңтар

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін заңнама жүзінде 2 негізгі мәселе оң шешілді:

тәулік өңірлері бойынша тарифтер - «түнгі» тарифтер сатып алынатын тарифтердің деңгейінде белгіленді, ол тәулік өңірлері бойынша тарифтерді сараланумен байланысты ЭЖҰ-ның залалын жояды; 

кассалық алшақтықты жою мақсатында кредиттік қаражат тарқаны үшін ЭЖҰ тарифіне банктерге сыйлықақы қосу, бұрын сыйлықақылар тарифке қосылған жоқ және ЭЖҰ-ның шығындарына жатқызылды.

15 ақпан

Fitch Ratings рейтинг агенттігі Қоғам дефолтының  ұзақ мерзімді рейтингін шетелдік және ұлттық валютада «BB+» деңгейінде растады.

12 сәуір

Қоғамның кредиттік рейтингі S&P рейтинг агенттігінің бір нотч-ке төмендеді.

20 маусым

«Самұрық-Энерго» АҚ еурооблигациялары бойынша  9 375 000 АҚШ доллары сомасына купондық сыйлықақы төленді.

03 шілде

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның  100 млрд. теңге сомасындағы бірінші облигациялық бағдарламасы тіркелді.

03 шілде

Облигациялар бағдарламасы шегінде 20 млрд. теңгеге және 28 млрд. теңгеге облигациялардың бірінші және екінші шығарылымы шығарылды.

13 шілде

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен  40 млрд. теңге сомаға кредиттік келісім жасалды.

20 қыркүйек

«Самұрық-Энерго» АҚ 80 млн. АҚШ доллары сомасына халықаралық купондық облигацияларды ішінара өтеді.

28 қараша

Энергия өндіруші ұйымдар үшін Энергетика министрлігінің бұйрығымен Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіткен кезде ескерілетін тіркелген пайданы (12% мөлшерінде тіркелген пайда), сондай-ақ теңгеруші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіткен кезде ескерілетін  теңгерім үшін тіркелген пайданы (24% мөлшерінде тіркелген пайда) анықтау әдістемесі бекітілді.

28 қараша

Энергия өндіруші ұйымдар үшін Энергетика министрлігінің бұйрығымен 2019-2025 жылдар кезеңіне 700 мың теңгеге/(айына*МВт) электр қуатын дайындықта ұстап тұру қызметіне шекті тарифтер бекітілді.

20 желтоқсан

«Самұрық-Энерго» АҚ 420 млн. доллар сомасына халықаралық купондық еурооблигацияларды өтеді.

21 желтоқсан

Standard and Poor’s рейтинг агенттігі «Самұрық-Энерго» АҚ рейтингі бойынша болжамды тұрақтыдан жағымдыға қайта қарап,  B+/B деңгейіндегі рейтингті бекітті.

22 желтоқсан

«ГРЭС-1» ЖШС үшін «KEGOC» АҚ желілері бойынша электр энергиясын жеткізу бойынша реттелетін қызметке белгіленген тарифке 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізе отырып, 0,71 мөлшерде уақытша төмендету коэффициентін бекітті.

Компанияны дамытудың негізгі бағыттары

2018-2022 жылдарға арналған бизнес-жоспарда Стратегиялық НҚК-нің нысаналы көрсеткіштерін орындау мақсатында мынадай негізгі даму бастамалары көрсетілді: 

1)   2022 жылдан бастап электр энергиясын 
CASA-1000 бағыты бойынша экспорттау

CASA-1000 жобасы Оңтүстік Азиядағы энергия тапшылығын азайтуға өзара тиімді негізде ықпал ету үшін Орталық Азияның елеулі энергетикалық ресурстарын пайдалана отырып, Орталық және Оңтүстік Азия электр энергиясының өңірлік нарығын құру жолындағы алғашқы қадам болып табылады. 2022 жылдан бастап электр энергиясын CASA-1000 бағытында кемінде 1 млрд. кВт•сағ. көлемінде экспорттауды қамтамасыз ету болжануда.

2)   Көмірді байыту

Екібастұз көмірі жылу шығару қабілетін ұлғайту және күлділікті азайту бойынша техникалық эәне экономикалық әлеуетке ие. 2021 жылы көмірді байыту бойынша толық қуаттарды енгізуді қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылы жоба бойынша жұмыс басталады деп жоспарлануда.

3)   Технологиялық мұқтаждықтар үшін отынның, судың меншікті шығындарын азайту

Отынға жұмсалатын шығындарды азайтуға «Екібастұз 
ГРЭС-1» ЖШС-ға 2017 жылғы 372,4 г/кВт•сағ-тан 2020 жылғы 
366 г/кВт•сағ дейін электр энергиясын босатуға шартты отынның меншікті шығынын (ШОМШ) азайту нәтижесінде қол жеткізуге болады. Пайдалану режимін экономикалық тұрғыдан тиімді жүргізу есебінен ШОМШ-ты азайтудың негізгі себеп--тері –
іске қосулы ПВД-мен жұмыс, турбиналарды IV іріктеуден өткізген ТПН-дағы жұмыс және белгіленген қуатты пайдалану коэффициентін (БҚПК) 2018 жылғы 54%‑дан 2020 жылы 65%-ға дейін көбейту. Технологиялық мұқтаждықтарға су бойынша шығында 504 млн. теңге көлемінде азайтуға су қоймасын толықтыру көлемін оңтайландыру, сондай-ақ суды технологиялық мұқтаждықтарға жұмсауды азайту есебінен қол жеткізілді. 

4)   ОЭР-энергия үнемдеуге жұмсалатын шығындарды оңтайландыру

ОЭР-энергия үнемдеуге жұмсалатын шығындарды азайтуға энергия ресурстарын, жөндеу-сервистік қызметті қайта жарақтандыру, жаңғырту, қайта құру, есепке алуды жетілдіру есебінен қол жеткізілетін болады.

5)   Ағымдағы жөндеу жұмыстарына жұмсалатын шығындарды оңтайландыру

Станцияның негізгі жабдықтарының нақты жай-күйіне сүйене отырып, жөндеу жұмыстарына жұмсалатын шығындарды оңтайландыру есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстарына шығындарды азайту, яғни жабдықтардың жарамдылық мерзімі бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу. 

6)   Өндірістік активтерді қолданыстық күйде ұстап тұруға жұмсалатын күрделі шығыстарды оңтайландыру

2018–2022 жылдарға өндірістік активтерді қолданыстық күйде ұстап тұруға жұмсалатын капиталдандырылатын шығыстарды қысқарту бойынша бастама қарастырылады. Капиталдандырылатын шығыстарды қысқарту жалпы станциялық жабдықтарды жөндеуге жұмсалатын шығындарды азайту есебінен көрсетілді.

7)   Активтерді сату

Даму жоспарында сатылатын активтердің тізбесі қарастырылған: «Тегіс Мұнай» ЖШС, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «АЖК» ЖШС  – 2018 жылы, «АлЭС» АҚ – 2019 жылы.

8)   Қаржылық тұрақтылықты жақсарту

Стратегиялық НҚК-ге ҚБС талаптарының орындалуы жөніндегі бастаманың әсері. ҚБС талаптарына сәйкес, Қарыз/EBITDA қаржы тұрақтылығы коэффициентінің мақсатты және шекті мәні мынадай:

Компания

Мақсатты

Шекті

K1 Қарыз/EBITDA

K1 Қарыз/EBITDA

аспайтын

аспайтын

«Самұрық-Энерго» АҚ

3,50

4,50

Аталған қаржылық тұрақтылық коэффициенті сондай-ақ компанияның стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылады.

Компания мынадай негізгі іс-шаралардың есебінен Қарыз/EBITDA бойынша мақсатты көрсеткішке қол жеткізуге ұмтылады:

  1. 2018-2019 жж. активтерді жекешелендіру арқылы түсіруден жоспарланатын қаражат есебінен сыртқы қарызды өтеу;
  2. Жекешелендірілген компаниялар қарызын есептен шығару есебінен шоғырландырылған қарыз көлемін азайту;
  3. Электр энергиясын сату және сәйкесінше EBITDA көлемінің артуы;
  4. Өтеу кестесіне сәйкес, қарызды жоспарлы өтеу;
  5. Уақытша бос ақшалай қаражатты қарызды азайтуға бағыттау.

Есеп саясатының қағидаттары

2017 жылы Қоғамның электр энергетикасы және көмір салаларындағы жұмысы бекітілген жоспарларға сәйкес жүзеге асырылды.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары туралы шоғырландырылған есепті жасаған кезде бірыңғай ұстаным ұстану мақсатында үлестік қатысу әдісі қолданылады. Бұдан бөлек, қолданыстағы есеп саясатына сәйкес, негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді көрсету бастапқы құн бойынша, яғни қайта бағалау есепке алынбай жүргізіледі. Енші-ле-с компаниялар шоғырландырылған қаржылық есепке сатып алу әдісі бойынша енгізіледі. Сатып алынған сәйкестендірілетін активтер, сондай-ақ бизнесті біріктірген кезде алынған міндеттемелер мен шартты міндеттемелер бақыланбайтын үлестік қатысу мөлшеріне қарамастан, сатып алған күнгі әділ құн бойынша көрсетіледі.

Жоғарыда аталғандардың негізінде, шоғырландырылған теңгерімдегі үлестік қатысу әдісін пайдаланған кезде 
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ,  «Forum MuiderB.V.» көмір активтері компаниясы секілді ірі компаниялардың айналымдары алынып тасталды, «Самұрық-Энерго» АҚ тарапынан олардағы иелену үлесі 50%-ды құрайды. Бұдан бөлек, үлестік пайда мен инвестицияның құнсыздануынан
«БЖЭС» АҚ қауымдастырылған компаниясының 50% -1 акция иелену үлесі бойынша қаржылық нәтижесі көрсетіледі.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның шоғырландырылған қаржылық нәтижесін қалыптастырған кезде осы компаниялар бойынша пайданың үлесі «ұйымның үлестік қатысу мен инвестицияның құнсыздану әдісі бойынша есептелетін пайдасының/залалының үлесі» бабында көрсетіледі.

2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша  «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, құрамында «Шығысэнерготрейд» ЖШС бар «ШҚ АЭК» АҚ және «МЭБК» активтері АҚ Компанияның Директорлар кеңесінің 2016 жылы 23 қарашада Жекешелендіру жоспарын орындау аясында бекіткен шешіміне сәйкес сатылды.

Қаржы-экономикалық көрсеткіштер

№ р/с

Көрсеткіш, млн. теңге

2016

нақты

2017

нақты

2018

болжам

2019

болжам

 

 

 

 

 

 

1

Өнімді сатудан және қызмет көрсетуден түскен кіріс

181 310

219 892

220 125

193 070

1.1.

Электр энергиясын өндіру

124 085

151 861

194 407

189 381

1.2.

Энергиямен қамтамасыз етуші ұйымдардың электр энергиясын сатуы

90 284

94 458

0

0

1.3.

Жылу энергиясын өндіру

13 991

17 370

20 440

191

1.4.

Электр энергиясын жеткізу және тарату

33 448

38 058

0

0

1.5.

Химиялық тазартылған суды сату

1 662

1 672

1 699

0

1.6.

Жалға алулар

3 504

3 289

3 417

3 417

1.7.

Өзге

778

1 701

1 203

1 073

2

Сатылған өнім мен көрсетілген қызметтердің 
өзіндік құны

136 127

159 611

146 676

100 693

2.1.

Электр энергиясын өндірудің өзіндік құны

91 658

107 795

125 383

100 102

2.2.

Энергиямен қамтамасыз етуші ұйымдардың электр энергиясын сатуының өзіндік құны

88 644

91 817

0

0

2.3.

Жылу энергиясын өндірудің өзіндік құны

13 699

17 122

19 036

0

2.4.

Электр энергиясын жеткізудің өзіндік құны

26 506

28 337

0

0

2.5.

Химиялық тазартылған суды сатудың өзіндік құны

1 614

1 644

1 686

0

2.6.

Негізгі қызметтің басқа түрлерінің өзіндік құны

215

443

719

724

 

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы

41 053

43 824

41 067

37 497

3

Жалпы пайда

45 184

60 281

73 449

92 378

4

Қаржыландырудан түскен кірістер(1)

3 396

2 805

1 033

434

5

Өзге кірістер

6 061

3 224

426

558

6

Өнімді сату мен қызмет көрсетуден түскен шығыстар

3 017

15 145

16 277

21 052

7

Жалпы және әкімшілік шығыстар

12 826

12 709

12 658

9 997

8

Қаржыландыруға жұмсалған шығыстар (2)

19 218

29 182

31 752

23 937

10

Негізгі емес қызметке жұмсалған өзге шығыстар (3)

2 056

5 959

492

586

11

Ұйымның үлестік қатысу және инвестицияның құнсыздану әдісі есептелетін пайдасының/залалының үлесі 

4 895

26 636

9 825

8 436

12

Тоқтатылған қызметтен түскен пайда (залал)

2 494

1 670

13 934

10 576

13

Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар

6 521

5 553

10 135

12 532

14

Азшылықтың үлесі

632

681

276

276

15

«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының Акционерлеріне тиесілі барлық пайда

17 759

27 884

27 076

44 002

1 Аудит жүргізілген ҚЕ-де 2016ж. бағам айырмасының сальдосы «қаржылық кірістер» бөлімінде көрсетілді

2  Аудит жүргізілген ҚЕ-де 2017ж. бағам айырмасының сальдосы «қаржылық кірістер» бөлімінде көрсетілді

3  2017 ж. аудит жүргізілген ҚЕ-де «құнсызданудан шеккен залалды қалпына келтіруден» түскен кіріс пен құнсызданудан түскен залал (НЕТТО) «қаржылық шығыстар» бабында көрсетілді 

Ескертпе: Қызмет түрлері бойынша кірістер мен өзіндік құн алып тастауды есептемей көрсетілді.

«Самұрық-Энерго» компаниялар тобы бойынша Өнімді сатудан және қызмет көрсетуден түскен кірістер 2017 жылы 219 892 млн. теңгені құрады:

Шоғырландырылған түсім негізінен электр энергиясын өндіру сегменті бойынша электр энергиясын сату көлемінің өсуі есебінен өсті. Алайда, 2017 жылы Энергия өндіруші ұйымдардың 1 тобы үшін өлшенген орташа тарифтің төмендегені байқалады, ол орталықтандырылған сауда-саттықта электр энергиясын нарықтық бағалар бойынша  сату үлесінің ұлғаюына, сондай-ақ дағдарыс жағдайында қолдау көрсету мақсатында нарықтың 
стратегиялық субъектілері үшін жеңілдіктер беруге байланысты. Осылайша, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ге 2017 ж. 4 субъект үшін жалпы сомасы 6,85 млрд. теңгеге жеңілдікті тарифтер берілді. 

Сегменттер бойынша түсімнің бөлінуі мен сатылуы (өткізу), өсуі электр энергиясының көлемі мен тарифтерге байланысты.

Алдағы кезеңге арналған болжам: 2018 жылға арналған болжамда сатудан түскен кіріс 2017 жылдың фактісі деңгейінде 220 125 млн. теңге мөлшерінде жоспарланған, бұл жоспарланатын сатуға сәйкес «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның кірісін электр энергиясын сату көлемін өсіре отырып ұлғайтуға және сонымен қатар «АЖК» АҚ мен «АЭС» ЖШС-ның айналымынан алып тастауға байланысты. 2019 жылға арналған болжамда 2018 жылмен салыстырғанда табыстың төмендеуі байқалады, бұл «АлЭС» АҚ-ны сату жоспарымен байланысты болып отыр, бұл ретте «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС бойынша электр энергиясын өндіру көлемінің өсуіне байланысты табыс көлемі ұлғаяды.

Шоғырландырылған түсім, млн. теңге

Қызметтің негізгі түрлері бойынша 2017 жылғы кірістің құрылымы

Өндірушілер бойынша бөлгендегі өнімді сатудан және қызмет көрсетуден түскен кіріс

Көрсеткіш, млн. теңге

2016

2017

2018 (болжам)

2019 (болжам)

 

 

 

 

 

Өнімді сатудан және қызмет көрсетуден түскен кіріс

181 310

219 892

220 125

193 070

«Самұрық-Энерго» АҚ

8 417

20 765

63 475

66 649

«Green-Energy» ЖШС

113

131

180

285

«Бұқтырма ГЭС» АҚ

3 503

3 288

3 417

3 417

«Шардара СЭС» АҚ

3 157

3 405

2 989

7 305

«Мойнақ СЭС» АҚ

9 919

10 889

8 868

10 095

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС

90 284

94 458

0

0

«АЖК» АҚ

33 848

38 658

0

0

«АлЭС» АҚ

60 761

62 349

65 489

0

«ЕГРЭС-1» ЖШС

62 729

90 177

134 414

166 904

«БЖЭС» ЖШС

3 435

4 388

4 757

4 995

«Energy Solution center» ЖШС

334

666

1 052

1 061

«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы ішілік айналымдар (алып тастау)

-95 190

-109 282

-64 515

-67 641

Қоғамның негізгі қызметінен түскен кірістегі негізгі үлес «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ға, «АлЭС» АҚ-ға, «АЖК» АҚ-ға, «АЭС» ЖШС-ға тиесілі. Сонымен бірге, жалпы сомадағы кірістерді шоғырландырған кезде негізінен энергия өндіруші және энергия таратушы компаниялар бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы ішіндегі айналымдар алынып тасталады.

Өнім мен қызмет көрсетудің өзіндік құны

Көрсеткіш, млн. теңге

2016

2017

2018 (болжам)

2019 (болжам)

 

 

 

 

 

Отын

31 626

43 364

53 050

35 592

Еңбекке ақы төлеу және оған байланысты шығыстар

22 316

24 035

15 160

5 174

Сатып алынған электр энергиясының құны

4 679

7 256

5 143

4 043

Негізгі құралдардың тозуы және МЕА амортизациясы

41 053

43 824

41 067

37 497

Жөндеу және жұмыс қалпында ұстау

6 416

6 517

6 212

4 533

Электр энергиясын жеткізу және басқа қызметтер

7 444

8 506

2 994

44

Материалдар

1 880

1 762

1 986

1 224

Сумен қамтамасыз ету

3 835

4 455

5 030

2 589

Желілердегі шығын

198

205

0

0

Табыс салығынан басқа салықтар

5 955

7 627

8 803

7 427

Сыртқы ұйымдардың қызметі

7 528

7 394

5 264

1 829

Басқа

3 198

4 665

1 968

739

БАРЛЫҒЫ

136 127

159 611

146 676

100 693

2017 жылдың қорытындысы бойынша өзіндік құн 159 611 млн теңгені құрады, бұл 2016 жылдың фактісінен 17%-ға жоғары. Негізінен, бұл өсу өндіріс және сату көлемінің өсуіне байланысты, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі есебінен өзгеріп отыратын шығыстар бойынша болды.

Қызметтің негізгі түрлері бойынша өзіндік құнның құрылымы

Алдағы кезеңге арналған болжам: 2018 жылға арналған болжамда сатылған өнім мен көрсетілген қызметтің өзіндік құны азаяды, бұл өндіріс көлемінің өсуі есебінен «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС бойынша өзіндік құн ұлғайған кезде «АЖК» АҚ мен «АЭС» ЖШС активтерін негізгі қызметтен тоқтатылған қызметке қайта жіктеуге байланысты. 2019 жылға арналған болжамда өзіндік құн бойынша шығыстар өндіріс көлемінің өсуі есебінен «Екібастұз ГРЭС‑1» ЖШС бойынша өзіндік құн ұлғайған кезде «АлЭС» АҚ-ны негізгі қызметтен тоқтатылған қызметке қайта жіктеуге байланысты азаяды.

2017 жылдың қорытындылары бойынша сатуға жұмсалған шығындар едәуір өсті, аталған ауытқу 01 ақпаннан бастап «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның РФ-ға электр энергиясын жеткізуіне, сондай-ақ «KEGOC» АҚ тарифтерінің өсуіне орай «KEGOC» АҚ желілері бойынша электр энергияны тасымалдауға жұмсалған шығындарға байланысты. 

2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылға жасалған болжамда сатуға жұмсалған шығындардың өсімі 7%-ды құрайды. Шығындардың ұлғаюы РФ-ға электр энергиясын экспорттау көлемінің өсуіне негізделген, бұл жерде «ГРЭС-1» ЖШС үшін «KEGOC» АҚ желілері бойынша тасымалдауға арналған шығындарға 0,71 мөлшерінде уақытша төмендету коэффициенті алынды, ол 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

2019 жылдың болжамында шығындардың өсуі «KEGOC» АҚ тарифтерінің өсуіне байланысты.

Компаниядағы шығындарды оңтайландыру бойынша өткізілетін іс-шараларға байланысты 2017 жылдың қорытындылары бойынша әкімшілік шығыстар 12 709 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы фактінің деңгейінен төмен.

Сатуға жұмсалған шығындар, млн. теңге

Әкімшілік шығыстар, млн. теңге

Қаржылық шығыстар, млн. теңге

Алдағы кезеңге арналған болжам: 2018 жылға арналған болжамда әкімшілік шығыстар 2017 жылдың деңгейінен төмен және 12 658 млн. теңгені құрайды. 2019 жылға арналған болжамда 2018 жылғы болжаммен салыстырғанда әкімшілік шығыстар азаяды және активтерді негізгі қызметтен тоқтатылған қызметке қайта жіктеумен байланысты 9 997 млн. теңгені құрайды.

2017 жылдың қорытындылары бойынша қаржылық шығыстар 29 182 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы нақты мәннен жоғары. Қаржыландыруға жұмсалған шығындардың ұлғаюы негізінен бұрын капиталдандырылған пайыздарды аудару есебінен «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС
бойынша және еурооблигацияларды едәуір жоғары мөлшерлеме бойынша қайта қаржыландырумен (соған қоса теңгені қайта қаржыландыру есебінен валюталық тәуекел азаяды) және активтерді сату арқылы төлемдерді бөліп төлеу дисконтын көрсетуге байланысты Корпоративтік орталық бойынша болады.

Алдағы кезеңге арналған болжам: 2018 жылға арналған болжамда қаржыландыруға жұмсалған шығындар 31 752 млн. теңгені құрайды, 2017 жылдың фактісі бойынша, ұлғаю 2017 жылы еурооблигацияларды едәуір жоғары пайыздық мөлшерлеме бойынша қайта қаржыландыру есебінен болды. 2019 жылға арналған болжамда шығындардың азаюы Корпоративтік орталықтың заемдарын өтеумен байланысты.

Бірлескен және қауымдасқан кәсіпорындардың пайдасындағы үлес пен инвестициялардың құнсыздануы

Көрсеткіш, млн. теңге

2016

2017

2018

2019

 нақты

 нақты

жоспар

жоспар

Бірлескен және қауымдасқан кәсіпорындардың пайдасындағы үлес

4 895

(26 636)

9 825

8 436

2017 жылғы үлестік кіріс және инвестициялардың құнсыздануы ұқсас кезеңге қатысты (31 530) млн. теңгеге қысқарып, (26 635) млн. теңгені құрады.

Негізгі өзгерістер мына активтер бойынша болды:

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ – өткен жылмен салыстырғанда 10 334 млн. теңгеге азаю төмендегі факторларға негізделген:

5 844 млн. теңге мөлшерінде НҚ-ның құнсыздануынан болған шығындарды көрсетуге және 5 233 млн. теңгеге қаржыландыруға жұмсалған шығындардың өсуіне байланысты, оған қоса 780 млн. теңге мөлшерінде бағам айырмашылығынан болған шығындар азайды;

Forum Muider – 4 461 млн. теңгеге ұлғаю негізінде «Богатырь Көмір» ЖШС бойынша 5 777 мың тонна (16,5%) көмірді ішкі және сыртқы нарықтарға сату көлемінің артуы мен экспорт бағасының 16,1%-ға артуы есебінен болды.

Үлестік кірістің өзгеруі мен инвестициялардың құнсыздану динамикасы, млн теңге

«БЖЭС» АҚ – 2016 жылмен салыстырғанда 25 658 млн. теңгеге азаюы негізінде 27 571 млн. теңге сомаға инвестициялардың құнсыздануын тану есебінен болды.

2018 жылғы жоспарда кіріс 9 825 млн. теңгені, 2019 жылы – 8 436 млн. теңгені құрады..

Тоқтатылған қызметтен түскен кіріс (шығыс)

Көрсеткіш, млн. теңге

2016

2017

2018 (болжам)

2019 (болжам)

 

 

 

 

 

Тоқтатылған қызметтен кіріс

2 494

1 670

13 934

10 576

2017 жылдың қорытындылары бойынша, Тоқтатылған қызметтен түскен кіріс 1 670 млн. теңгені құрады, бұл мына ЕТҰ-лардың қаржылық нәтижелерін қамтиды: «ШҚ АЭК» АҚ, «ШЭТ» ЖШС, «МЭБК» АҚ, «Тегіс Мұнай» ЖШС және «Маңғышлақ-Мұнай» ЖШС.

2018 жылға арналған болжалда тоқтатылған қызметке «АЖК» АҚ, «АЭС» ЖШС, 2019 жылы – «АлЭС» АҚ активтері жатқызылды.

Тариф саясаты

Табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілері мен бәсекелес нарықта басым сипатқа ие субъектілер болып табылатын «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының   еншілес компаниялары мен оның бірлескен кәсіпорындарының операциялық қызметі «Электр энергетикасы туралы», «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» және «Бәсекелестік туралы» ҚР Заңдарымен реттеледі.  Тарифтік реттеу энергетикалық компанияның қызметінің түріне байланысты ҚР Ұлттық экономика манистрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің немесе салалық министрлік – Энергетика министрлігінің құзыретіне жатады.

Энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына тарифтер Энергетика министрінің 2015 ж. 27 ақпандағы №160 2016–2018жж. кезеңге «Энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» бұйрығымен бекітілді. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланушы объектілер өндіретін электр энергиясын жеткізуге тарифтер тіркелген болып табылады және ЖЭК технологияларына (жел, күн және басқа көздер үшін бөлек) байланысты ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді және жыл сайынғы индекстеуге жатады. Бұл жерде есеп айырысу-қаржылық орталығы сатып алушы, ал энергия өндіруші ұйым сатушы ретінде қызмет етеді. Энергия жеткізуші компаниялар үшін электр энергиясын жеткізу мен бөлуге, жылу энергиясын өндіруге және энергиямен жабдықтауға белгіленетін тарифтерді Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті реттейді. Комитет заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерге қатаң сәйкестікте реттейді және бақылау жасайды. 

Тарифтер бойынша шешімдер белгілі бір деңгейде әлеуметтік және саяси мәселелердің ықпалына ұшыраған. 
ҚР Үкіметінің экономикалық, әлеуметтік және басқа саясаттарының «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының   операциялық қызметіне айтарлықтай әсерін тигізуі мүмкін.

Компания қызметінің түрлерін тарифтік мемлекеттік реттеу

Есептік кезеңде мына тарифтер қолданылды:

2009–2015 жж. кезеңде бекітілген шекті тарифтердің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін энергия өндіруші ұйымдар үшін (ЭӨҰ) 2016–2018 жж. аралығында станциялар үшін тарифтер 2015 жылдың деңгейіндегі тариф сақталды. Соған қоса, 2015 жылғы ақпаннан бастап 2016 жылғы желтоқсанға дейін ЭӨҰ-ның бірінші тобы («Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС және «Екібастұз ГРЭС-1 станциясы» АҚ) үшін белгіленген 8,80 теңге/кВт•сағ мөлшеріндегі шекті тариф болғанда Компания 8,65 теңге/кВт•сағ төмендетілген тариф бойынша электр энергиясын сатты. ҚР Үкіметінің ұлттық экономиканы қолдау жөніндегі тапсырмасын ескере отырып, 2017 жылы ішінде және қазіргі 
уақытқа дейін станциялар электр энергиясын,
42 теңге/кВт•сағ-тан аспайтын тарифтер бойынша сатуды жүзеге асырады.

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның 2017 жылғы орта өлшемді тарифі 6,39 теңге/кВт•сағ-ты құрады, бұл 2016 жылдың деңгейінен (7,33 теңге/кВт•сағ) 0,94 теңге/кВт•сағатқа төмен. Орта өлшемді тарифтің қысқаруы орталықтандырылған сауда-саттықтарда электр энергиясын нарықтық бағалар бойынша сату, сондай-ақ экспортқа бағдарланған өнеркәсіптік кәсіпорындарға жеңілдік беру нәтижесінде болды.

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның 2017 жылғы орта өлшемді тарифі 6,60 теңге/кВт•сағ-ты құрады, бұл 2016 жылғы (6,68 теңге/кВт•сағ) деңгейден 0,08 теңге/кВт•сағ-қа
төмен. Орта өлшемді тарифтің қысқаруы электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықтарда сату нәтижесінде болды.

«Мойнақ СЭС» АҚ және «Шардара СЭС» АҚ үшін ауқымды инвестициялық бағдарламаларды іске асыруды ескере отырып, 9,50 теңге/кВт•сағ мөлшерінде жеке және есептік тарифтер бекітілді, бұнда электр энергиясының бір бөлігін орталықтандырылған сауда-саттықтарда сату есебінен «Мойнақ СЭС» АҚ-ның 2016–2017 жж. кезеңіндегі нақты тарифтері бекітілген тарифтерден төмен.

Жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) үшін бекітілген тіркелген тарифтер инфляцияны ескере отырып, жыл сайынғы индекстеуге жатады.

ЭӨҰ үшін қуат нарығын ендіру ҚР Энергетика министрінің 03.07.2015 ж. №465 бұйрығымен (ҚР ЭМ-ның 28.11.2017 ж. № 414 бұйрығымен енгізілген өзгерістері бар) 2019 ж. жүзеге асырылады. ЭӨҰ-ның барлық «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобына 2019–2025 жж. аралығына 700 мың теңге /(МВт*ай) мөлшерінде электр энергиясы қуатының дайындығын қолдау жөніндегі қызметке шекті тарифтер бекітілді. ЭӨҰ үшін «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіткен кезде ескерілетін тіркелген кірісті (12% мөлшерінде тіркелген кіріс), сондай-ақ теңгерімделген электр энергиясына шекті тарифтерді бекіткен кезде ескерілетін, теңгеру үшін тіркелген кірісті (24% мөлшерінде тіркелген кіріс) белгілеу әдістемесі» бекітілді. Алайда, қуат нарығын енгізу үшін ЭӨҰ тобы бойынша электр энергиясына тарифтерді қайта бекіту қажет, себебі 2015ж. бұрын бекітілген тарифтер жоғарыда көрсетілген Әдістемеге сәйкес келмейді.

Электр энергиясын өндіруге арналған орта өлшемді тариф

Атауы

Өлш. бірл.

 2016ж. нақты

2017ж. нақты

Жоспар 2018ж.

Жоспар 2019ж.

 «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС

теңге/кВт•сағ

 

 

 

 

электр энергиясына тариф, 
теңге/кВт•сағ.

 

7,33

6,39

7,11

5,87

қуатқа арналған тариф, 
мың теңге/МВт*ай

 

 

 

 

700

 «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ

теңге/кВт•сағ

 

 

 

 

электр энергиясына тариф, 
теңге/кВтсағ.

 

6,68

6,60

7,48

5,77

қуатқа арналған тариф, 
мың теңге/МВт*ай

 

 

 

 

3 000

 «АлЭС» АҚ

теңге/кВт•сағ

 

 

 

 

электр энергиясына тариф, 
теңге/кВтсағ.

 

8,60

8,60

9,56

8,89

қуатқа арналған тариф, 
мың теңге/МВт*ай

 

 

 

 

1 543

«Ақтөбе ЖЭО»  АҚ

теңге/кВт•сағ

7,30

7,30

-

-

 «Шардара СЭС» АҚ

теңге/кВт•сағ

 

 

 

 

электр энергиясына тариф, 
теңге/кВтсағ.

 

9,50

9,50

9,50

2,28

қуатқа арналған тариф, 
мың теңге/МВт*ай

 

 

 

 

8 529

«Мойнақ СЭС» АҚ

теңге/кВт•сағ

 

 

 

 

электр энергиясына тариф, 
теңге/кВтсағ.

 

8,25

8,65

9,50

3,97

қуатқа арналған тариф, 
мың теңге/МВт*ай

 

 

 

 

5 344

«Samruk-Green Energy» ЖШС

теңге/кВт•сағ

36,13

42,12

45,11

46,88

«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС

теңге/кВт•сағ

22,68

26,11

28,31

29,43

« - » актив сатылды/сатуға жоспарланады

Заңнама талаптарын орындау үшін «АлЭС» АҚ-ның жылу энергиясын өндіруі үшін тарифтерге инвестициялық құрамдасын қоса отырып, 2017–2021жж. аралығына шекті ұзақ мерзімді тарифтер бекітілді. «Екібастұз ГРЭС‑1» ЖШС-да 2017 ж. қазаннан бастап тұтынушыларға бу мен ыстық су түріндегі жылу энергиясын іске асыруды бастады (Павлодар облысы бойынша ТМРБҚКД белгіленген тәртіпте қызметтерге арналған тарифтер бекітілді).

Жылу энергиясын өндіруге арналған тарифтер

Атауы

Өлш. бірл.

2016ж. нақты

2017ж. нақты

2018ж. жоспар

2019ж. жоспар

«АлЭС» АҚ

теңге/Гкал

2 872

3 363

3 951

4 070

«Ақтөбе ЖЭО» АҚ

теңге/Гкал

1 532

1 839

-

-

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ

теңге/Гкал

683

740

809

831

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС

теңге/Гкал

 

352

511

511

« - » актив сатылды/сатуға жоспарланады

Ұқсастығына қарай аймақтық энергия жеткізуші компаниялар (АЭК-тар) үшін ұсынылған тарифтік сметалар негізінде 2016–2020 жж. аралығына шекті ұзақ мерзімді тарифтер бекітілді. Тарифтер желілік компаниялар үшін инвестициялық бағдарламаларды қамтиды.

Электр энергиясын жеткізу қызметтеріне арналған тарифтер

Атауы

Өлш. бірл.

2016 ж. нақты

2017 ж. нақты

2018ж. жоспар

2019ж. жоспар

«АЖК» АҚ

теңге/кВт•сағ

5,35

5.83

6,04

-

«ШҚ АЭК» АҚ

теңге/кВт•сағ

3,76

3.83

-

-

«МЭБК» АҚ

теңге/кВт•сағ

4,16

4.44

-

-

« - » актив сатылды/сатуға жоспарланады

- энергиямен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін (ЭҚҰ) есептік кезеңде тарифтер ТМРжБҚК-мен келісілді.

ЭҚҰ-ның электр энергиясын сатуы үшін тарифтер

Атауы

Өлш. бірл.

2016ж. нақты

2017ж. нақты

2018ж. жоспар

2019ж. жоспар

 «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС

теңге/кВт•сағ

15,66

16.38

17,64

-

 «Шыгысэнерготрейд» ЖШС

теңге/кВт•сағ

10,48

10.99

-

-

« - » актив сатылды/сатуға жоспарланады

2017 ж. заңнаманың өзгеруіне байланысты ЭҚҰ-да тәулік аймақтары бойынша сараланған тарифтер жойылды. Жеке тұлғалар үшін тұтыну нормалары бойынша саралау сақталды, заңды тұлғалар үшін электр энергиясын жеткізу босатудың орташа тарифтері жүзеге асырылады.

Күрделі шығындарды талдау

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы

2016

2017

2018

2019

нақты

нақты

жоспар

жоспар

нақты

нақты

жоспар

жоспар

 

БАРЛЫҒЫ

79 061

72 418

71 461

74 105

1

Инвестициялық жобалар, оның ішінде

41 810

25 177

32 159

48 614

1.1

Жаңа электр сүзгілерін орната отырып, 1-ші блокты қалпына келтіру

5 296

3 962

2 471

 

1.2

Жаңа электр сүзгілерін орната отырып, 2-ші блокты қалпына келтіру

 

 

 

 

1.3

АТҚ-500 кВ-ны жаңғырту

9 805

 

 

 

1.4

№3 энергия блогын сала отырып, Екібастұз ГРЭС-2-ні кеңейту және қайта құру (50%)

4 008

–36

 

 

1.5

«Богатырь» кесігінде көмір өндірудің, тасымалдаудың, тұрақтандырудың және жүктеудің циклдық-ағындық технологиясына көшу (50%)

30

30

10 121

9 806

1.6

«Шамалған» (Үшқоңыр) ҚС-ны және жақын орналасқан 35/10кВ 
ҚС-лардан жүктемелерді аудара отырып, «Шамалған станциясы» 
ҚС-ны сала отырып, Қарасай ауданында электр желілерін дамыту

58

 

 

 

1.7

Кейін 131А ҚС-ны бөлшектей отырып, «Горный Гигант» №131А 220/110/10кВ ҚС-ны 110кВ желілер бойынша «Ерменсай»  220/110/10кВ №160А ҚС-ға аудару

340

5 079

 

 

1.8

Алматы ЖЭО-2-ні қайта құру және кеңейту. III-кезек. Қазандық агрегаты № 8 станциясы.

183

 

 

 

1.9

ЖЭО-2-де күл-қожды жоюдың құрма жүйесін қайта құру

 

 

100

 

1.10

Ақтөбе ЖЭО-ны қайта құру және жаңғырту

2

 

 

 

1.11

Мойнақ СЭС-ін салу

79

2

 

 

1.12

Шардара СЭС-ін жаңғырту

8 988

11 263

2 183

10 371

1.13

Қуаты 45 МВт Ерейментау ЖЭС-ін салу      (І-кезек)

 

 

 

 

1.14

Қуаты 50 МВт Ерейментау ЖЭС-ін салу (ІІ-кезек)

145

100

 

 

1.15

Придорожное газ кен орны базасында  ГТЭС салу

426

140

1 488

 

1.16

Өзге жобалар

12 450

4 637

15 796

28 437

2

Өндірістік активтерді жұмыс күйінде ұстау

35 731

46 042

36 686

23 495

2.1

«Богатырь-Көмір» ЖШС (50%)

1 439

3 508

4 881

3 190

2.2

«ЕГРЭС-2 ст.» АҚ (50%)

17

224

644

 

2.3

«ЕГРЭС-1» ЖШС

16 787

17 919

11 402

16 459

2.4

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

9 312

13 580

13 206

 

2.5

«Алматы Электр Станциялары» АҚ

1 681

4 848

6 021

3 825

2.6

«Ақтөбе ЖЭО» АҚ

392

374

 

 

2.7

«Мойнақ СЭС» АҚ

1 084

304

367

 

2.8

«Шардара СЭС» АҚ

124

120

6

11

2.9

«Маңғыстау ЭБК» АҚ

2 027

2 251

 

 

2.10

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС

68

35

91

 

2.11

«Samruk-Green Energy» ЖШС

3

 

15

8

2.12

«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС

24

3

54

1

2.13

«ШҚ АЭК» АҚ

2 740

2 861

 

 

2.14

«Шыгысэнерготрейд» ЖШС

33

16

 

 

3

Әкімшілік активтерді жұмыс күйінде ұстау

1 411

1 145

785

173

4

Өзге

109

54

1 831

1 823

2016 жылы іске асырылған жобалар

2016 жылы мамырда «Ақтөбе ЖЭО»-ны қайта құру және жаңғырту» жобасын іске асыру аяқталды. Жоба қуаты 
30 МВт №3 турбинаны орнату есебінен Ақтөбе облысының электр энергиясы тапшылығын жабу үшін белгіленген қуатын арттыруға бағытталған.

2016 жылы қыркүйекте Алматы ЖЭО-2-нің №8 станциясының қазандық агрегатын қайта құру аяқталды. Жоба жылу жүктемелерінің болжанатын өсімін жабуға, «Универсиада-2017» объектілерін жылумен қамтамасыз етуге және белгіленген жылуды 1414 Гкал/сағ-қарттыруға, Алматы ЖЭО-2-нің электр энергиясын 
450 млн. кВтсағатқа өндіруге бағытталған.

2016 жылы қарашада сапалық ескірген жабдықты ауыстыру (ажыратқыштар, трансформаторлар, айырғыштар) және жабдықтың қызмет ету мерзімін арттыру мақсатында Екібастұз ГРЭС-1 АТҚ-500 кВ жаңғырту аяқталды.

2017 жылы іске асырылған жобалар

2017 жылы желтоқсанда трансформаторлық қуаты 80 МВА Алматы қаласының солтүстік бөлігінің өсетін жүктемелерінің сенімді және үздіксіз электрмен қамтамасыз ету мақсатында «Түрксіб» 110/10 кВ ҚС-ны салу жобасын іске асыру ақталды.

2018 жылы аяқтау жоспарланып отырған жобалар

2018 жылдың бірінші жартыжылдығының аяғына дейін кейіннен Горный Гигант ҚС-ны бөлшектей отырып, 
110 кВ желілері бойынша Горный Гигант 220 кВ ҚС-ның жүктемесін Ерменсай 220 кВ ҚС-ға аудару жобасы бойынша жұмысты аяқтау жоспарланады.

2020 жылы аяқталуы жоспарланған жобалар

2020 жылы Шардара СЭС-ін жаңғырту жобасы бойынша жұмыстар аяқталады. Жоба станцияның белгіленген қуатын 100 МВт-дан 126 МВт-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, 2020 жылы Алматы энергия кешенін газдандыру жобасын жүзеге асыруды аяқтау жоспарланып отыр. «АлЭС» АҚ ЖЭО-1 нысанын газ турбиналық технологиялар базасындағы жаңа қуат көздерін орната отырып кеңейту. Жобаның негізгі мақсаты «АлЭС» АҚ энергия көздерінің Алматы қаласы мен Алматы өңірінің экологиясына жағымсыз әсерін төмендету болып табылады.

Өтімділік пен қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері

Сыртқы кредиторлардан ковенантты орындау

Ковенант

Норматив

2017ж. нақты

Ауытқу

Ескертпе

Қарыз/EBITDA (ЕҚҚДБ, ҚХБ)

4,5-тен аспайды

4,64

0,14

Сақталады (ЕҚҚДБ-ның 22.11.2017 ж. келісу хаты (вейвер) және ҚХБ-ның 27.12.2017 ж. келісу хаты (вейвер) алынды)

EBITDA/Пайыздар (ЕҚҚДБ)

Кемінде 3

2,83

–0,17

Сақталады (22.11.2017 ж. келісу хаты (вейвер) алынды)

EBITDA/ Пайыздар (ҚХБ)

Кемінде 3,5

2,83

–0,67

Сақталады (21.12.2017 ж. келісу хаты (вейвер) алынды)

Қарыз/Меншікті капитал (ЕАДБ және ҚДБ)

2-ден аспайды

0,71

–0,29

Сақталады

Атауы

2016

2017

2018 (болжам)

2019 (болжам)

Қарыз/EBITDA

5,41

4,64

3,28

2,02

Қарыз/Меншікті капитал

0,75

0,75

0,71

0,49

Ағымдағы өтімділік

0,66

1,36

0,68

1,22

2016  жылдан бастап Компанияның қаржылық тұрақ-ты-лы-ғы мыналардың есебінен жақсарады: өндіріс пен тарифтердің көлемі ұлғаяды; қарыз жүктемесінің азаюы мен активтерді сату.

Қаржылық тұрақтылықты жақсарту үшін «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қабылдаған шаралар

  • 2017 жылдың желтоқсанында меншікті және заемдық құралдар есебінен Қоғамның еурооблигацияларын толық төлеу арқылы валюталық тәуекелді азайту;
  • «АЖК» АҚ мен «АлЭС» АҚ-дан Компанияның «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы ішілік заемдарын қайтару – 2017 жылдың 3-4-тоқсаны.
  • Заемдардың мерзімдерін ұзарту арқылы ағымдағы өтімділікке әсерін азайту;
  • 2017 жылдың 4-ші тоқсанында 15 млрд. теңге мөлшерінде заемдарды мерзімінен бұрын төлеу;
  • Активтерді жекешелендіру аясында іске асырылатын қарыздың істен шығуы («ШҚ АЭК» АҚ, «ШЭТ» ЖШС, «МЭБК» АҚ) – 2017 жылдың 3-4- тоқсаны;
  • 2017 жылғы 22 қарашадағы Қоғамның Қарыз/EBITDA, EBITDA/Пайыздар ковенанты бойынша Еуропа қайта құру және даму банкінен (ЕҚҚДБ) келісу хатын (waiver) алу;

 Компанияның 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қарыз/EBITDA ковенанты бойынша, 2017 жылдың 21 желтоқсанындағы EBITDA/Пайыздар ковенанты бойынша Қазақстан Халық Банкінен (ҚХБ) келісу хатын (waiver) алу.

Қосымша, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Қарыз бен қаржылық тұрақтылықты басқару саясатының талаптарына сәйкес, Қоғам Қоғамды жасыл тәуекел аймағына енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) әзірледі. Аталған Іс-шаралар жоспары EBITDA көрсеткішін жақсартуға, шығындарды оңтайландыруға және қарыз жүктемесін азайтуға бағытталған 2017–2022 жж. аралығында нақты шараларды іске асыруды көздейді.

Аталған шаралар қаржылық ковенанттың және Компанияның жалпы қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Шартты және шарттық міндеттемелер мен операциялық тәуекелдер

ҚР-дағы әлеуметтік және экономикалық жағдай

Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының экономикасы дамитын нарықтарға тән кейбір өзгеше ерекшеліктерді көрсетеді. Ол мұнай мен газға және мемлекет экспортының негізгі бөлігін құрайтын басқа минералды шикізат құнының ауытқып отыруына ерекше сезімтал. Бұл ерекшеліктер мемлекеттен тыс еркін айырбастауға болмайтын ұлттық валютаның болуын және бағалы қағаздар өтімділігінің төмен деңгейін қамтиды, бірақ шектелмейді.

Өтімділіктің азаюын және халықаралық қаржыландыруды тартудағы қиындықтардың туындауын қоса алғанда, мұнай мен басқа минералдық шикізатқа бағаның төмен болуы, бағам айырмашылығының құбылмалылығы Қазақстан Республикасының экономикасына теріс әсерін тигізеді және әрі қарай тигізе беруі де мүмкін. 

2015 жылғы 20 тамызда Ұлттық Банк пен Қазақстан Республикасының Үкіметі айырбас бағамын қолдауды тоқтату және инфляциялық таргеттеу режимінде негізделген жаңа ақша-кредиттік саясатын іске асыру, валюталық дәлізді жою және еркін құбылмалы бағам айырмашылығына өту туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде, 2015 жылғы тамыз-желтоқсан ішінде теңгенің бағам айырмашылығы  АҚШ доллары үшін 187 теңгеден 350 теңгеге дейін өзгерді. Осылайша, теңгенің бағам айырмашылығына, сондай-ақ аталған фактордың Қазақстан Республикасының экономикасына тигізетін әсеріне қатысты белгісіздік бар.

2017 ж. 8 ақпанда S&P Global Ratings Қазақстан Республикасының рейтингтері бойынша болжалды «Терістен» «Тұрақтыға» қайта қарады. Сондай-ақ, агенттік «ВВВ‑/А-3» деңгейінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді тәуелсіз кредиттік рейтингтерді және «kzAA» деңгейінде ұлттық шкала бойынша елдің рейтингін растады. S&P Global Ratings пікірі бойынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің төлемдік балансына деген қысымы бірқалыпты болып қалады, ал монетарлық саясаттың икемділігін шектейтін факторлардың әсері депозиттерді долларландыруды қысқарту аясында азайды. Осының салдарынан, S&P Global Ratings Қазақстан Республикасының рейтингтері бойынша болжамды «Терістен» «Тұрақтыға» қайта қарайды және «ВВВ-/А-3» деңгейінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді тәуелсіз кредиттік рейтингтерді растайды. «Тұрақты» болжамы S&P Global Ratings талдауда үкіметтің банктік секторын қайта капиталдандыру бойынша жоспарымен байланысты бюджеттік шығындарды ескерді, ал елдің экономикалық көрсеткіштері 2020 ж. дейін айтарлықтай күшті болып қалады деген болжалды білдіреді (дереккөз: http://kase.kz/files/mix/sp_kazakhstan_rating_ 080917.pdf).

Қаржы нарықтары бұрынғысынша тұрақтылықтың болмауымен, бағаның жиі әрі айтарлықтай өзгеруімен, сауда операциялары бойынша спредтердің өсуімен сипатталады. Аталған экономикалық орта «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының   қызметіне айтарлықтай әсерін тигізеді. Басшылық «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының   орнықты қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды. Солай бола тұрса да, ағымдағы экономикалық жағдайдың болашақ салдарларын болжау қиын, басшылықтың ағымдағы болжамдары мен бағасы нақты нәтижелерден өзгеше болуы мүмкін.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасындағы энергетикалық сектор Қазақстан Республикасындағы саяси, заңнамалық, салықтық және реттеушілік өзгерістерге тәуелді болып қала береді. Қазақстан Республикасының салықтық, валюталық және кедендік заңнамалары даму үстінде, оларды түрліше түсіндіруге мүмкіндіктер бар. Қазақстан Республикасының экономикалық тұрақтылығының перспективалары белгілі бір деңгейде Үкімет қабылдайтын экономикалық шаралардың тиімділігіне, сондай-ақ құқықтық, бақылау және саяси жүйелердің дамуына, оның ішінде «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының   бақылау саласынан тыс жағдайларға байланысты.

«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының   Қазақстан Республикасы үшін стратегиялық маңызы зор, өйткені ол халықты және өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр энергетикалық кешен кәсіпорындарын біріктіреді. Қазақстан Республикасының Үкіметі экономиканың энергетикалық секторын дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын қабылдады, ол жаңа электр станцияларын салуды және жұмыс істеп жатқан электр станцияларын қайта құруды көздейді. Электр энергетикасы саласы еліміздің экономикасының стратегиялық маңызды бөлігі болып табылатындықтан, басшылық Қазақстан Республикасының Үкіметі «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобына  қолдау көрсетеді деп күтеді.

Басшылық ағымдағы жағдайларда «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының   қызметінің тұрақтылығы мен өсуіне қолдау көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынына сенімді.

Салық заңнамасы

ҚР-дағы салық шарттары өзгерістерге, жүйесіз қолданылуға және түсінуге бейім. «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы мен қазақстандық уәкілетті органдардың Қазақстан заңдары мен ережелерін түсіндіруіндегі алшақтықтар қосымша салық, айыппұл және өсімпұлды есептеуге әкеп соғуы мүмкін. Бұл «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының   бейрезиденттермен жасаған тасымалдау жөніндегі келісімшарттарына қатысты.

Қазақстан заңнамалары мен салық салу тәжірибесі үздіксіз даму үстінде, сондықтан оларды әр түрлі түсіну орын алуы мүмкін және кері әсері болуы ықтимал өзгерістерге жиі ұшырайды. Кейбір жағдайларда, салық салу базасын белгілеу мақсатында салық заңнамасы ҚЕХС ережелеріне сүйенеді,  мұның үстіне Қазақстанның салық салу органдарының ҚЕХС-тің тиісті ережелерін түсіндіруі басшылық аталған қаржылық есептілікті әзірлеген кезде қолданған есеп саясатынан, пайымдаулардан және бағалардан ерекшеленуі мүмкін, бұл «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының   қосымша салық міндеттемелерінің туындауына әкеп соғуы мүмкін. Салық органдары салық жылы аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде ретроспективтік тексеру жүргізуі мүмкін.

«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының басшылығы оның тиісті заңнаманы түсіндіруін қолдануға болады және «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының   салық жайғасымы негізделген болып табылады деп санайды. Басшылықтың пікірінше, «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы аталған қаржылық есептілікте қалыптастырылған резервтерден артық ағымдағы және әлеуметтік салықтық талап-арыздары бойынша айтарлықтай шығын шекпейді.

Сот талқылаулары

Есептік кезең ішінде «ЕГРЭС-1» ЖШС «Майкубен-Вест Холдинг» АҚ-мен сот талқылауына тартылды. «Майкубен-Вест Холдинг» тарапынан сот талқылауының заты Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (бұдан әрі – «МАЭС») бір-бірімен бірқатар байланысты мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арыз шағымы болып табылады. 2016 ж. 26 желтоқсанда Алматы қаласының МАЭС шешім шығарды, оған сәйкес «Майкубен -Вест Холдинг» АҚ-ның талап-
арыз талаптарын қанағаттандырудан бас тартылды. 2017 жылғы 20 қарашада ҚР Жоғарығы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен «Майкубен-Вест Холдинг» ЖШС-ға Алматы қаласы МАЭС-тің шешімін қайта қараудан бас тартылды.

«ЕГРЭС-1» ЖШС Павлодар облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Майкубен--Вест Холдинг» ЖШС-дан 333 миллион теңге мөлшеріндегі қарызды, сондай-ақ 10 миллион теңге сомасындағы мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы талап-арыз шағымын берді. Павлодар облысы МАЭС-тің 2016 жылғы 10 маусымдағы шешімімен талап-арыз шағымы толық көлемде қанағаттандырылды. Шешім заң күшіне енді.

«ЕГРЭС-1» ЖШС Павлодар облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Майкубен -Вест Холдинг» ЖШС-дан 1,100,000 мың теңге мөлшерінде қарызды, сондай-ақ 33,000,000 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж сомасын өндіріп алу туралы талап-арыз шағымын берді. 2016 жылғы 25 қарашада Павлодар облысының МАЭС-і шешім шығарды, оған сәйкес ЕГРЭС-1‑дің талап-арыз шағымы толық көлемде қанағаттандырылды. 2017 жылғы 21 тамызда Павлодар облыстық сотының аппелляциялық сот алқасы Павлодар облысы МАЭС-тің 2016 жылғы 25 қарашадағы шешімін жою, іс бойынша өндірісті тоқтату және «ЕГРЭС-1» ЖШС 33,000,000 теңге мөлшерінде мемлекеттік бажды қайтаруы туралы анықтаманы шығарды.

«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы қарапайым қызметті жүзеге асыру барысында туындаған басқа сот процестеріне қатысады. Басшылықтың пікірі бойынша, қазіргі уақытта нәтижелері «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының   келешек қаржылық жағдайына айтарлықтай теріс әсерін  тигізуі мүмкін қандай да бір ағымдағы сот талқылаулары немесе аяқталмаған наразылықтар жоқ.

Сақтандыру

ҚР-дағы сақтандыру нарығы ерте даму кезеңінде және әлемнің басқа елдерінде таралған сақтандыру түрлері әзірге Қазақстанда қолжетімсіз. «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы өндірістің тоқтап қалуына байланысты өндірістік ғимараттарына, жылжымайтын мүлік нысанына немесе апат салдарынан не «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы қызметінің нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залалға қатысты үшінші тарап алдында пайда болған міндеттемелерінің залалдары бойынша толық сақтандыру қорғанысы жоқ. «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы толыққанды сақтандыруды жаппайынша, белгілі бір активтердің жойылу және бүліну тәуекелі бар, ол Компанияның қызметіне және қаржылық жағдайына кері әсер етеді.

Қоршаған ортаны қорғау мәселелері

ҚР-дағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама қалыптасу кезеңінде және ҚР мемлекеттік органдарының оны сақтауын қамтамасыз етуіне қатысты жайғасымы үнемі өзгереді. «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы қоршаған ортаға тигізетін әсерімен байланысты өз міндеттемелеріне аралық бағалау жүргізеді. Міндеттемелердің анықталуына қарай, олар тез арада есепте көрсетіледі. Азаматтық талап-арыз нәтижелері бойынша қолданыстағы нормативтік актілерге өзгерістер енгізу нәтижесінде немесе заңнама аясында туындауы мүмкін әлеуетті міндеттемелер бағалауға жатпайды, бірақ маңызды болуы мүмкін. Дегенмен, қолданыстағы заңнаманы қазіргі кездегі түсіндіруге сәйкес, басшылық «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының   есептелген және «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының   операциялық қызметінің нәтижелеріне немесе қаржылық жағдайына айтарлықтай теріс ықпалын тигізуі мүмкін, аталған шоғырландырылған қаржылық есептілікте көрсетілген сомаларға қосымша маңызды міндеттемелер жоқ деп санайды.

Күл үйінділерін жоюға арналған резерв

Табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес, «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының өзінің операциялық қызметінің қалдықтарын орналастыру полигондары болып табылатын күл үйінділері учаскелерін жоюға байланысты заңдық міндеттемелері бар. 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, күл үйінділерін жоюға арналған резервтің баланстық құны 2,404,270 мың теңгені құрады (2016 ж. 31 желтоқсан: 1,637,097 мың теңге).

Күл үйінділерін жоюға арналған қолда бар резервтің бағасы «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының   техника-экономикалық негіздемесімен және үйіндіні қалпына келтіру бойынша қалпына келтіру және жұмыс жүргізудің ағымдағы нормалары мен әдістеріне сәйкес инженерлік зерттеулерімен бекітілген ҚР-ның қолданыстағы табиғатты қорғау заңнамасын түсіндіруінде негізделген. Бұл баға кейінгі табиғатты қорғау  бойынша зерттеу жұмыстарын аяқтаған және қалпына келтіру мен қайта құру бойынша жұмыс істеп жатқан бағдарламаларды қайта қарауы мүмкін.

Күрделі сипаттағы міндеттемелер

2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының жалпы сомасы 125,739,732 мың теңге негізгі құралдарды сатып алу бойынша ұзақ мерзімді  шарттық міндеттемелері бар (2016 ж. 31 желтоқсан: 125,661,235 мың теңге).

Заемдар бойынша ковенанттар

«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобына  заемдар бойынша белгіленген ковенанттар және облигация бар. Аталған ковенанттарды сақтамау заемдар бойынша шығындардың өсуін және дефолтты жариялауды қоса алғанда, «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы үшін теріс салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін. 2017 жылғы 31 желтоқсандағы және 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы өз ковенанттарын сақтады.

Салыстырмалы талдау (бенчмаркинг)

Бенчмаркингті жүргізу мақсаты «Самұрық-Энерго» АҚ-ның әлсіз және күшті жақтарын анықтау үшін шетелдердің ұқсас компанияларымен операциялық және қаржылық көрсеткіштерді сәйкестендіру болып табылады. Бенчмаркинг үшін мына көрсеткіштер қолданылды:

  • EBITDA margin;
  • Return on invested capital (ROIC);
  • заемдық құралдар үшін коэффициент (Қарыз/Меншікті капитал)
  • қарыз/EBITDA

Бенчмаркинг нәтижелері:

Қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштері

Samruk-Energy JSC

Inter RAO UES PJSC

ČEZ České Energetické Závody AS

Tauron Polska Energia SA

Қарыз/EBITDA

4,64

0,21

2,58

2,92

ҚАРЫЗ/Капитал

0,71

0,03

0,37

0,36

2017 ж. EBITDA margin

2017 ж. Return on Invested Capital (ROIC)

Электр энергиясының 2016 ж. тарифі, АҚШ центімен

Қазіргі кезде шетелдік ұқсас компаниялармен салыстырғанда, «Самұрық-Энерго» АҚ кейбір көрсеткіштері бойынша нәтижелері төмен.

Сонымен қатар, EBITDA margin көрсеткіші бойынша, «Самұрық-Энерго» АҚ өзінің ұқсас компанияларынан басым түседі. Бұл көрсеткіш сатудан түсетін кірістің жоғары екенін білдіреді. Ұқсас компаниялармен салыстырғанда, ROIC (салынған ұзақ мерзімді капиталдың рентабельділігі) көрсеткіші бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ нәтижелері төмен, бұл инвестициялардың тиімділігін (рентабельділік, қайтарымдылық)  арттыру қажеттігін білдіреді.

Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері «Самұрық-
Энерго» АҚ қолжетімді қаржылық левереджді толықтай пайдаланатынын көрсетеді.

Соған қоса, көпшілік ұқсас компанияларға қарағанда «Самұрық-Энерго» АҚ ҚР Үкіметіне тиесілі екенін, осыған орай, Қоғам электр энергетикасы саласында мемлекеттік саясаттың жетекшісі болып табылатынын атап кету қажет. Осыған байланысты, сондай-ақ энергетикалық сектордың мейлінше тозуына байланысты 2009 жылдан бастап әлеуметтік маңызды инвестициялық жобалар іске асырылды (ҚР Энергия жүйесі жұмысының сенімділігі мен үздіксіздігіне бағытталған), бұл компанияның табыстылық деңгейін сақтаған кезде инвестицияланған капиталдың елеулі өсуіне әкеп соқты.

Инвестициялардың рентабелділік көрсеткіштеріне ықпал ететін қосымша фактор ұқсас компаниялардың мемлекеттерімен салыстырғанда Қазақстан Республикасындағы электр энергиясына тариф деңгейінің төмен болуы болып табылады.

Сатып алу және қорларды басқару

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында сатып алу рәсімдері «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің 2016 ж. 28 қаңтардағы №126 шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-
Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидасына сәйкес жүргізіледі. 

Қордың Сатып алу қағидасына сәйкес, сатып алу рәсімдері http://tender.sk.kz веб-сайтында орналастырылған Электронды сатып алудың ақпараттық жүйесінде өткізіледі.  Жеткізушіні таңдау тендер өткізу, баға ұсыныстарын сұрату арқылы және бір көзден тәсілімен жүргізіледі.

Сатып алу порталы мен өнім берушіні таңдауға қатысты тәсілді жетілдіру бойынша жүргізілген жұмыс аясында 2017 жылы желтоқсанда  http://www.zakup.sk.kz веб-сайтында ЭСАЖ-2.0. электронды сатып алудың ақпараттық жүйесі енгізілді. Бұл портал Компания тобының сатып алу жоспарларын орналастыруды көздейді, http://tender.sk.kz Электронды сатып алудың ақпараттық жүйесіне біріктірілген, алдағы уақытта Электронды сатып алу жоспары мен Автоматтандырылған есептілікті құру жүйесіне біріктірілетін болады. 

«Самұрық-Энерго» АҚ барлық компаниялар тобы үшін өнім берушілер мен 2017 жылға  арналған тауарлардың бағаларын зерттеу бойынша жұмыс жүргізді (бұдан әрі – Бағалар каталогы), ол мынадай мақсаттарға қол жеткізуге:

  1. «Самұрық-Энерго» АҚ тобы сатып алатын тауарлардың нарықтағы объективті құнын анықтауға;
  2. жоспарланатын шығындарды оңтайландыруға;
  3. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жаңа форматына сәйкес, ТЖҚ БНА кодтарын сәйкестендіруге және стандарттауға;
  4. өнім берушілердің деректер базасын құруға;
  5. «Самұрық-Энерго» АҚ барлық компаниялар тобы бойынша импорттық тауарлар тізбесін құруға (валюта бағамы ауытқыған кезде бағаны түзету мерзімін азайту үшін) мүмкіндік берді.

Аталған жоба Компания тобының сатып алатын тауарлар құнының диапазондары бойынша тәуелсіз баға берді. Сатып алынатын тауарлардың құрылымдалған топтамасы осы тектес тауарлардың құнын және оларды өзара ауыстыруды талдауға мүмкіндік берді. Аумақтық бірігу тауарлар партиясы құнын азайтуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде жоба Компанияның барлық Компаниялар тобының сатып алынатын тауарларының құнын төмендету немесе оларға нарықтық конъюнктураны ұсыну түрінде экономикалық нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді.  

Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметті сатып алудағы жергілікті қамтудың үлесіне мониторинг жүргізу Қордың уәкілетті органының порталындағы http://www.kmks.kz веб-сайтында «Сатып алудағы қазақстандық қамтуды мониторингілеу картасы» сатып алу мәселелері бойынша жүзеге асырылады.

2015–2017 жж. сатып алудағы жергілікті қамту үлесі бойынша ақпарат, млн. теңгемен*

 

нақты 2015

нақты 2016

нақты 2017

 

 

 

Нақты жеткізілген ТЖҚ жалпы сомасы

ЖҚ %

Нақты жеткізілген ТЖҚ жалпы сомасы

ЖҚ %

Нақты жеткізілген ТЖҚ жалпы сомасы

ЖҚ %

тауарлар

134 371,84

84 %

118 986,63

92 %

122 783,06

75 %

Ж/Қ

191 754,09

67 %

183 028,05

70 %

149 580,49

80 %

*Ескертпе: «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС деректері

Тауарлардағы көрсеткіштердің төмендеуі «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-да «ЖГРЭС» АҚ-дан жеткізілген электр энергиясының СТ-KZ сертификатынсыз жеткізілуіне байланысты, 2017 жылы Өзбекстаннан «АлЭС» АҚ-ға тауарлық газ тасымалдауға белгіленген тарифтің өзгеруі салдарынан газ тасымалдау қызметі «Тауарлық газ» тауарының құнына қосылды.

2015–2017 жылдары отандық компаниялармен жасалған ұзақ мерзімді шарттардың саны бойынша ақпарат

жылдар

2015

2016

2017

Ұзақ мерзімді шарттардың саны

112

184

63

Ұзақ мерзімді шарттардағы жергілікті қамту үлесі

 

 

 

тауарлар бойынша

жұмыстар,

қызметтер бойынша

92 %

96 %

86 %

70 %

80 %

70 %

64 %

79 %

64 %

Жалпы сомасы

343,4 млрд. теңге

70,6 млрд. теңге

28,6 млрд. теңге

Сонымен, 2017 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша, 439,2 млрд. теңге сомасына жасалған 346 ұзақ мерзімді шарт жүзеге асырылуда.

2015–2017 жылдары отандық тауар өндірушілермен жасалған шарттардың саны бойынша ақпарат

жылдар

2015

2016

2017

Тауарлар бойынша шарттардың саны

мына сомаға

3 083 дана

115 млрд. теңге

3 137 дана

92,6 млрд. теңге

2 900 дана

92,8 млрд. теңге

Оның ішінде ОТӨ

мына сомаға

541 дана

96,45 млрд. теңге

379 дана

67,8 млрд. теңге

473 дана

67,2 млрд. теңге

 

 

 

 

Негізгі Өнім берушілер:

«АЗИЯ АВТО» АҚ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «ҚазАзот» АҚ, «Қазэнергокабель» АҚ, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Орика-Казахстан» АҚ, «High Industrial Lubricants & Liquids Corporation» (HILL)» ЖШС, «Kaz-metiz» ЖШС (Каз-метиз), «Kazcentrelectroprovod» ЖШС (Қазорталықэлектрқұбыры), «ZHERSU POWER» ЖШС, «Азия Пром Инвест» ЖШС, «АЛТЫНЖҰЛДЫЗ TEXTILE» ЖШС, «КазПрофБезопасность» ЖШС, «Қайнар-АКБ» ЖШС, «Капитал-Кастинг» ЖШС, «Мамай - Астана» ЖШС, «Проммашкомплект» ЖШС, «Семей Май» ЖШС, «ТПГ Казкомплект ЛТД» ЖШС, «АВИКС ГРУП» ЖШС

 

 

 

Бұдан бөлек, «Самұрық-Энерго» АҚ кәсіпорындары әлеуметтік жауапкершілікке назар аударып келеді.

2015 жылы Компания мүгедектер ұйымдарымен 119,6 млн. 
теңге сомаға шарттар жасады.

2016 жылы Компания  мүгедектер ұйымдарымен 114,8 млн.
теңге сомаға шарттар жасады.

2017 жылы Қоғам мүгедектер ұйымдарымен,  оның ішінде «Ассоциация инвалидов Восток» қоғамдық бірлестігімен,
«Мамай – Астана» ЖШС-мен, «Гермес 21 век» ЖШС‑мен, «МЕГАПОЛИС-АСТАНА» ЖК-мен, «Koktem-2016» ЖШС-мен, «Delta inc» ЖШС-мен, Ахманова Д.Х. ЖК-мен, «BAYAZIT Life» ЖШС-мен, «Общество инвалидов «ар-Рохим» қоғамдық бірлестігімен, «Тараз оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесімен, «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігімен, «GrandCorp (ГрэндКорп)» ЖШС-мен, 
ӘБЕНОВ ЖК-мен, «Қолғанат-Қарағанды» ЖШС-мен арнайы киімдерді, журналдарды, бланкілерді, полиграфиялық қызметтерді сатып алуға 383,3 млн. теңге сомасына шарттар жасады.

Инвестициялық қызмет

«Самұрық-Энерго» АҚ инвестициялық бағдарламасы өндірістік қуат көздерін жаңғыртуға, реконструкциялауға және жаңадан салуға, сондай-ақ энергиямен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз етуге және электр қуаты мен жылу энергиясына деген қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған.

2017 жылдың қорытындысы бойынша күрделі қаржы салымын нақты  игеру 72 418 млн. теңгені құрады. Инвестициялық жобаларға 25 177 млн. теңге қаржы жұмсалды. Өндірістік және әкімшілік активтерін жұмыс қалпында сақтауға 47 187 млн. теңге қаржы жұмсалды. Өзге қаржылық салымдарға 54 млн. теңге қаражат жұмсалды.

Компания Инвестициялық бағдарламаны  қаржыландыру үшін сыртқы заемдар мен облигациялар секілді түрлі инструменттерді пайдаланады, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар нысандарды қаржыландыру үшін Республикалық бюджеттен бөлінетін ақшалай қаражатты пайдаланады.  

Атауы

Өлшем бірлігі

Қорытындысы бойынша өсіп отырған есепті кезең

 

 

 

кезеңдегі

жоспар

нақты

 % ара қатысы

2016 ж. қарай пайызы

Дамытуға жұмсалған жалпы шығыс (инвестициялар)

мың теңге

83 934 159

71 777 276

86 %

91 %

Оның ішінде:

 

 

 

 

 

қарыздар

мың теңге

31 697 628

8 195 691

26 %

 

Мембюджет қаражаты

мың теңге

2 498 300

6 600 625

264 %

 

компанияның өз қаражаты

мың теңге

49 738 232

56 980 961

115 %

 

«Самұрық-Энерго» АҚ миссиясына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында энергия қорларының сенімді және бәсекеге қабілетті жеткізілуін  қамтамасыз ету, акционерлік капитал құнын арттыру және «Самұрық-Энерго» АҚ бизнесінің әлеуметтік жауапкершілігін қамтамасыз ету мақсатында 2008-–2017 жж. Төмендегідей инвестициялық жобалар жүзеге асырылды: 

Жоба атауы

Жоба құны,

млн. теңге

1

Шарын өзенінде Мойнақ ГЭС құрылысын салу

54 128,7

2

Екібастұз  ГРЭС-1 қуатын кеңейту және қайта жаңарту (№8 блокты қайта қалпына келтіру)

26 294

3

Екібастұз  ГРЭС-1 қуатын кеңейту және қайта жаңарту (№2 блокты қайта қалпына келтіру)

68 716

4

«Азиада-2011» нысандарын электрмен жабдықтау үшін 4 қосалқы станция салу (Ерменсай ҚС, Медеу, ҚазМУ, Шымбұлақ ҚС)

18 357

5

Метрополитен мен ИТП АЭА аймағын электрмен жабдықтау үшін 5 қосалқы станция салу және қайта жаңарту (Отырар, Новая №16, Алатау, Кеңсай (Бесағаш), Топливная ҚС)

38 253

6

Алматы қаласы ТКШ нысандарын электрмен жабдықтау үшін 3 қосалқы станция салу (Новая 3А, Мамыр, Алтай ҚС)

7 488

7

Алматы ЖЭО-2 нысанын қайта жаңарту және кеңейту, III кезек. Бойлерная

13 212

8

Алматы ЖЭО-2 күл-қож қалдықтарын жоюдың аралас жүйесін қайта жаңарту

7 593

9

Қуаты 2 МВт болатын СЭС құрылысы, Қапшагай қ.

1 684

10

Ерейментау қаласы ауданында келешекте қуатын 300 МВт-ға дейін арттыру мүмкіндігі бар қуаты 45 МВт жел электр станциясын салу 

19 495

11

Алматы ЖЭО-2 қайта жаңарту және кеңейту, III кезек. №8 қазандық агрегаты

25 699

12

Екібастұз ГРЭС-1 станциясында АТҚ-500 нысанын қайта жаңарту

18 132

«Богатырь» Екібастұз көмір кеніші кесігінде көмірді өндіру, тасымалдау, сапасын тұрақтандыру және тиеудің циклды-ағынды технологиясына  (ЦАТ) көшу» жобасы

Жоба «Богатырь» учаскесін көмір өндірудің циклді-үздіксіз технологиясына кезең-кезеңмен көшуді және конвейерлік көлікте орта есепке алу қоймаларына кейіннен жер үсті комплексіне жүктеу арқылы жеткізуді көздейді. Жобаны іске асыру қажеттілігі темір жол көлігін пайдалану тиімді болмайтын кен жұмыстарының тереңдігіне қол жеткізумен байланысты.

Жобаны жүзеге асыру Богатырь кенішінің өндірістік қуатын жылына 32 миллионнан 40 миллион тоннаға дейін арттыруға, кәсіпорынның еңбек өнімділігін арттыруға, көмір өндірудің өндірістік құнын төмендетуге және кқмір тасымалдау мен тиеу жабдықтарын жаңартуға мүмкіндік береді.

«Придорожное» газ кен орнын игеру» жобасы

Жоба ішкі және сыртқы нарыққа сату мақсатында табиғи газды өндіруді жүзеге асыру үшін инфрақұрылым жүйесін салуды көздейді. Жоба аясында сондай-ақ «Придорожное» кен орнынан  «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырына дейін жоғары қысымды газ құбырының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.

Жоба мақсаты ҚР Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи газға деген тапшылығын жабу болып табылады, бұл ретте газ өндірудің жылдық жоғары мөлшері 290 млн. м3 болады деп күтілуде.

«Шардара СЭС-ін қайта жаңарту» жобасы

Жоба станция жұмысының өнімділігі мен пайдаланылу қауіпсіздігін арттыру үшін моральдық және табиғи тұрғыдан тозған жабдықтарды ауыстыруды көздейді, соның нәтижесінде станцияның белгіленген қуатын 126 МВт-ға арттыра отырып, жылына қосымша 57 млн кВтсағ. электр энергиясын өндіру мүмкіндігі пайда болады. 

«Балқаш ЖЭС құрылысы» жобасы

Балқаш көлінің жағасында қуаты 1320 МВт болатын жылу электр станциясын салу жылына 10 млрд.кВтсағ. электр энрегиясын өндіріп, Қазақстанның Оңтүстік аймағының электр энергиясына деген қажеттілігін қанағаттандыруға ықпал етеді.

«Қапшағай қ. қуаты 2 МВт-тық күн электр станциясының  белгіленген қуатын 416 кВт-қа ұлғайту» жобасы

Жоба  Қапшағай қ. қуаты 2 МВт-тық қолданыстағы күн электр станциясының  белгіленген қуатын 416 кВт-қа ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыру жылына қосымша 0,5 млн. кВт•сағ. электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.

Жоба мақсаты жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, оңтүстік аймақтағы энергия тапшылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасында Қытай Халық Республикасы Үкіметінің  Қазақстан Республикасының Үкіметіне өтеусіз көмек ретінде техникалық жәрдем көрсетуі туралы қой қойылған келісім аясындағы жоба

Жоба Алматы қ. «ИТП Алатау» АЭА аумағында қуаты 
1 МВт күн электр станциясын салуды және Алматы облысының Шелек ауданында қуаты 5 МВт жел электр станциясын салуды көздейді. Бұл ретте қытайлық тарап осы нысандарға жабдықтардың жеткізілуін, салынуын, құрастырылуын және пайдалануға тапсырылуын өтеусіз негізде жүзеге асырады.

Жоба мақсаты жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, оңтүстік аймақтағы энергия тапшылығын қамтамасыз ету болып табылады.

«Екібастұз ГРЭС-2-ні №3 энергия блогын сала отырып кеңейту және қайта жаңарту» жобасы

Жоба  №3 энергия блогын сала отырып станцияның белгіленген қуатын 636 МВт-қа ұлғайтуды және жылына қосымша 4,8 млрд. кВт•сағ. электр энергиясын өндіруді көздейді.

 Екібастұз ГРЭС-1 қуатын қайта жаңарту және кеңейту (№1 блокты қалпына келтіру)

Жоба Қазақстан мен Ресейдегі электр энергиясына деген өсіп отырған сұранысты қанағаттандыру мақсатында Екібастұз ГРЭС-1-дегі қуаты 500 МВт-тық №1 энергия блогын қалпына келтіруді көздедейді.

110/10 кВ-тық «Турксіб» ҚС құрылысы

Жоба бойынша тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру мақсатында Алматы қ. Түрксіб ауданында орналасқан 110/6 кВ-тық «Завод 20 лет Октября» ҚС орнына трансформаторлық қуаты 80 МВА (2х40) болатын жаңа Түрксіб станциясын салу көзделіп отыр. 

Қарасай ауданында іргелес жатқан 35/10кВ ҚС‑ның жүктемесін ауыстыра отырып, Шамалған ҚС (Үшқоңыр) салу арқылы электр желілерін дамыту

Жоба тұтынушыларды электрмен қамтамасыз ету сенімділігін арттыру мақсатында Алматы облысы Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылында трансформаторлық қуаты 50 МВА (2х25) болатын 110/10 кВ ҚС салуды көздейді.

220 кВ Горный Гигант ҚС-ның жүктемесін кейіннен Горный Гигант ҚС-ны бөлшектеу арқылы 110 кВ желілері бойынша 220 кВ Ерменсай ҚС-ға ауыстыру

Жоба Горный Гигант қосалқы станциясы орналасқан жерде болған топырақ көшкіні нәтижесіндегі төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында  220 кВ Горный Гигант ҚС-ның жүктемесін кейіннен Горный Гигант ҚС-ны бөлшектеу арқылы 110 кВ желілері бойынша 220 кВ Ерменсай ҚС-ға ауыстыруды көздейді.

«Ерейментау қаласы ауданында қуаты 50 МВт болатын жел электр станциясын салу» жобасы

Жоба Ерейментау қаласы ауданында келешекте қуатын 300 МВт-ға дейін арттыру мүмкіндігі бар қуаты 50 МВт жел электр станциясын салуды көздейді. Жобаны жүзеге асыру жылына 180 млн. кВт•сағ. электр қуатын қосымша өндіруге мүмкіндік береді.  

Жоба мақсаты жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы электр энергиясын өндірген кезде көмірсутекті энергия тасымалдағыштарды пайдалану деңгейін азайту болып табылады