Біріктірлген жылдық есеп | «Самұрық-Энерго» АҚ

Корпоративтік басқару

Компания қызметінің тиімділігін арттыру басқару деңгейлерінің әрқайсысында корпоративтік басқарудың дұрыс құрылған процестері есебінен түрлі тәуекелдерді дер кезінде табуға, тиімді басқаруға жағдай туғыза отырып, олардың алдын-алу жолымен қамтамасыз етіледі

Акционер

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 100 % акциясы «Самұрық-
Қазына» АҚ-ға тиесілі (www.sk.kz).

Жалғыз акционермен өзара қарым-қатынас жасау оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және оған құрметпен қарауға келіп тіреледі, ол адалдыққа, есептілікке, жауапкершілік пен ашықтыққа негізделген. 

Жалғыз акционер қызметтің басым міндеттері мен стратегиялық бағыттарын белгілеу арқылы Компанияны басқарады.

Сондықтан Компания қызметтің ұзақ мерзімді құны мен орнықты дамуының өсуін қамтамасыз ету арқылы Жалғыз акционердің мүдделерін сақтауға ұмтылады.

Сөйтіп, Компания қызметінің қорытындылары бойынша, 2017 жылы жарияланған бағалы қағаздардың жалпы саны 8 602 187 данаға, орналастырылғандар саны – 
5 601 687 данаға жетті. Бір жай акцияның номинал құны 842 теңгені құрады.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Дивидендтік саясатына сәйкес, Жалғыз акционердің 25.07.2017 ж. №14/17 хаттамасының шешімі негізінде 2016 жылдың қорытындысында жай акциялар бойынша 4 704 895 450 теңге мөлшерінде дивидендтер төленді.

Директорлар кеңесі

Директорлар кеңесі акционерлер үшін құндылықтар жасауды, сондай-ақ шешім қабылдаған кезде барлық мүдделі тараптар алдындағы жауапкершілігін қаперінде ұстайды.  Кеңес Заңнамаға және Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес Компанияның алдындағы өзінің міндеттерін, атап айтқанда, шешім қабылдау барысында акционерлердің ең маңызды мүдделері мен Компанияның ұзақ мерзімді орнықты дамуына сәйкес келетін шешімдерді қабылдаған кезде бизнестің табысқа жетуіне жәрдемдесуге қатысты міндеттерді үнемі назарында ұстайды. Директорлар кеңесі Компанияға стратегиялық басшылықты жүзеге асырады және атқарушы органның жұмысына бақылау жасайды. 

Біздің стратегиямызды ойдағыдай іске асыру нағыз таланттарды тарту мен оларды сақтап қалуға байланысты. Бұл Директорлар кеңесі құрамы сапасының жоғары болуынан басталады. Теңгерім Кеңес құрамына қойылатын маңызды талап болып табылады, оның үстіне тек атқарушы және атқарушы емес директорлардың санына ғана емес, сонымен бірге тәжірибе, дағдылардың, білімнің, ойлау стилінің әралуандығы тұрғысымен да байланысты.

Директорлар кеңесінің сапалық құрамына қойылатын критерийлер «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің құрамын қалыптастыру қағидаларымен реттеледі.

2017 жылы Прайсвотерхаускупер сарапшылары корпоративтік басқару рейтингін бағалау аясында Самұрық-Энерго Директорлар кеңесінің жұмысының тиімділігіне талдау жүргізіп, үздік тәжірибелерді ендіру бойынша бірнеше семинарлар өткізді, Компанияда корпоративтік басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар берді.

 

31.12.2017ж. жағдай бойынша Компанияның Директорлар кеңесінің құрамы:

  • ДК төрағасы – Бектеміров Қуаныш Әбдіғалиұлы
  • Басқарма төрағасы – Директорлар кеңесінің мүшесі - Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы
  • Жалғыз акционердің өкілі – Рахметов Нұрлан Құсайынұлы
  • Тәуелсіз директор – Спицын Анатолий Тихонович
  • Тәуелсіз директор – Андреас Сторзел
  • Тәуелсіз директор – Лука Сутера
  • Тәуелсіз директор – Хоакин Галиндо Велез

 

Тәуелсіз директорлар Компанияның мүдделеріне барынша сәйкес келетін объективті шешімдер қабылдаудың кепілі болып табылады. Тәуелсіз директорларды сайлаудағы негізгі критерий - қандай да бір тараптың ықпалына тәуелсіз объективті шешімдер қабылдау үшін жеткілікті кәсібилік пен дербестіктің болуы. Тәуелсіз директорлар Компанияда үздік әлемдік тәжірибенің стандарттарын қолдану үшін тәжірибелері мен білімдерімен белсенді түрде бөліседі.

2017 жылдың қорытындысы бойынша, Қоғамның тәуелсіз директорлары тәуелсіздік критерийлеріне толық сәйкес келеді.

Кеңес өзінің комитеттеріне мәселелер мен қабылданатын шешімдерді барынша терең зерттеу және сапалы пысықтау мақсатында тиімді жұмыс істей және лайықты көңіл бөле алуы үшін Кеңестің атынан белгілі бір міндеттерді орындауға өкілеттіктер береді. Компания Директорлар кеңесінің  жанында мынадай комитеттер жұмыс істейді: Аудит комитеті, Тағайындаулар және сыйақы комитеті және Стратегиялық жоспарлау комитеті.

2018 жылы Жалғыз акционердің шешімімен Бектемиров К.А. мен Сатқалиев А.М. өз өкілеттіліктерін тоқтатты. Жалғыз акционердің өкілі Айдарбаев А.С. Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

Директорлар кеңесі мүшелерінің негізгі деректері төменде келтірілді. Кеңестің әрбір мүшесі бойынша түйіндеменің толық нұсқасымен мына сайтта танысуға болады: www.samruk-energy.kz.

Айдарбаев Алик Серікұлы

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Акционердің мүдделерін қорғаушы өкіл

Азаматтық: Қазақстан Республикасының азаматы

Туған күні: 1963 жылы 19 мамыр

Алғашқы сайлау күні: 2018 жылғы 23 сәуір

Компанияның, өнім берушілер мен бәсекелестердің акцияларына иелік етпейді.

Техникалық ғылымдар кандидаты, Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің құрметті профессры

Мұнай-газ саласы, сондай-ақ стратегиялық және корпоративтік басқару саласы бойынша сарапшы


Рахметов Нұрлан Құсайынұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, Акционердің мүдделерін қорғаушы өкіл

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған жылы: 1965 жылы 24 қыркүйек

Бірінші сайланған уақыты: 2017 жылғы 28 қаңтар

Компанияның, өнім берушілер мен бәсекелестердің акцияларына иелік етпейді.

Стратегиялық басқару, экономика, қаржы және аудит саласы бойынша сарапшы

Қоса атқаратын жұмысы және ДК-ге мүшелік:

  • 2012 ж. қазаннан 2016 ж. наурызға дейін «ҚазМұнайГаз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
  • «Самұрық-Қазына» АҚ ҚР Үкіметімен өзара іс-қимыл жөніндегі басқарушы директор.

Лука Сутера 

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің аға тәуелсіз директоры

Азаматтығы: Италия Республикасының азаматы

Туған жылы: 1971 жыл 07 шілде

Бірінші сайланған уақыты: 2012 жылғы 08 мамыр

Аға тәуелсіз директор болып сайланған уақыты: 14.10. 2016 ж. бастап

Қайта сайланды: 2016 жылғы 05 шілде

Компанияның, өнім берушілер мен бәсекелестердің акцияларына иелік етпейді.

Аудит комитетінің төрағасы, Тағайындаулар және сыйақы комитетінің мүшесі, Стратегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі.

Мына салалар бойынша сарапшы:

  • Бухгалтерлік есеп, қаржы, аудит, (CPA сертификаты бар)
  • Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау
  • Корпоративтік стратегия
  • Бірігу және жұтылу
  • Инвестициялық баға
  • HR және ұйым
  • Өнімділікті басқару
  • Корпоративтік басқару (IoD UK дипломы бар директор)
  • Компанияларды пайдалануға беру, біріктіру және олардың айналымы.
  • Компанияның ірі ауқымды трансформациялау бағдарламалары.

Қоса атқаратын жұмысы және ДК-ге мүшелік:

  • Nebras Power қаржы тобының вице-президенті, Басқарма мүшесі. (Катар мемлекеттік халықаралық энергетикалық компаниясы).
  • 2011 жылдың сәуірінен Лука Сутера Ресей Тәуелсіз директорлары қауымдастығының мүшесі болып табылады.
  • 2014 жылдың сәуірінен Лука Сутера Британ Директорлар институтының (IoD) мүшесі.
  • 2015 жылғы тамыздан Group Chief Financial Officer Nebras Power, Катар мемлекеттік халықаралық энергетикалық компаниясы.

Спицын Анатолий Тихонович

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры

Азаматтығы: Ресей Федерациясының азаматы

Туған жылы: 1939 жыл 24 мамыр

Бірінші сайланған уақыты: 2012 жылғы 08 мамыр

Қайта сайланған уақыты: 2016 жылғы 05 шілде

Компанияның, өнім берушілер мен бәсекелестердің акцияларына иелік етпейді

Тағайындаулар және сыйақы комитетінің төрағасы; Аудит комитетінің мүшесі; Стратегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі.

Экономика, қаржы, басқару және стратегиялық даму саласы бойынша сарапшы

Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының (РЖҒА) толық мүшесі, КСРО және РФ Архитекторлар одағының мүшесі.

Қоса атқаратын жұмысы  және ДК-ге мүшелік:

  • Қазіргі кезде РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы экономика және қаржы қоғамдық секторының профессоры, Еуразия Экономикалық Қоғамдастығы Интеграциялық мәселелерді стратегиялық зерттеулер институтының директоры.
  • Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті, Халықаралық инвестициялар академиясының бірінші вице-президенті, ЕурАзЭҚ интеграциялық мәселелерін стратегиялық зерттеу институтының директоры, «KEGOC» АҚ Тәуелсіз директоры.

Андреас Сторзел

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры

Азаматтығы: Германия азаматы

Туған жылы: 1963 жыл 12 қазан

Бірінші сайланған күні: 2016 жылғы 05 шілде

Компанияның, өнім берушілер мен бәсекелестердің акцияларына иелік етпейді.

Стратегиялық жоспарлау комитетінің төрағасы, Тағайындаулар және сыйақы комитетінің мүшесі, Аудит комитетінің мүшесі.

Корпоративтік басқару, стратегия, қаржы, бірігу, сатып алу және инвестициялар саласындағы сарапшы

Қоса атқаратын жұмысы және ДК-ге мүшелік:

  • 2014 жылдан бастап қазіргі кезге дейін – Innogy Middle East& North Africa бас атқарушы директоры, Дубай, БАӘ
  • 2012 жылдан 2014 жылды қоса алғандағы мерзімде RWE Middle East Ltd бас директоры, Дубай, БАӘ.

Хоакин Галиндо Велез

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры

 Азаматтығы: Испания азаматы

Туған жылы: 1957 жыл 27 тамыз

Бірінші рет сайланған уақыты: 2017 жылғы 28 қаңтар

Компанияның, өнім берушілер мен бәсекелестердің акцияларына иелік етпейді.

Тағайындаулар және сыйақы комитетінің мүшесі, Аудит комитетінің мүшесі, Стратегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі.

Бизнесті басқару және экономика, өндіру және жобалау бойынша сарапшы  

Қоса атқаратын жұмысы және ДК-ге мүшелік:

  • Латын Америкасының Аргентина, Бразилия, Колумбия, Чили және Перуде жұмыс жасайтын жетекші өндіруші компаниясының  (16,000 МВт) бас атқарушы директоры.

Директорлар кеңесі отырыстарының саны

 

 

 

 

 

2017

2016

2015

2014

Отырыстар саны

11

11

8

11

Тікелей нысанда

9

7

8

9

Сырттай нысанда

3

4

0

2

Директорлар кеңесі мүшелерінің қатысуы

 

 

 

 

 

2017

2016

2015

2014

Бектеміров Қуаныш Әбдіғалиұлы

100 %

100 %

100 %

100 %

Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы

100 %

100 %

100 %

100 %

Лука Сутера

100 %

100 %

100 %

100 %

Спицын Анатолий Тихонович

100 %

100 %

100 %

100 %

Андреас Сторзел

100 %

100 %

 

 

Хоакин Галиндо Велез

100 %

 

 

 

Рахметов Нұрлан Құсайынұлы

100 %

 

 

 

2017 жылы Компанияның Директорлар кеңесі 11 отырыс өткізді, оның 9-ы тікелей, 3-еуі сырттай нысанда. Отырыстар аясында 151 мәселе қаралды. Директорлар кеңесі тоқсан сайынғы негізде Тәуекелдерді басқару және оларды мейлінше азайту бойынша атқарылған жұмыстар туралы есептерді, Қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттанушылық саласындағы жұмыс туралы есептерді, Корпоративтік басқаруды жетілдіру және Корпоративтік басқару кодексін ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есепті, Компанияның инвестициялық жобалар бойынша инвестицияны игеру туралы есептерін, «Самұрық-Энерго» АҚ ұзақ мерзімді Даму стратегиясын іске асырудың Жол картасының орындалуы бойынша есептерді, Компанияның Шоғырландырылған аралық қаржылық есептілігін    қарады.

Сонымен қатар, активтерді жекешелендіру туралы мәселелер қаралды, Қоғам Жарғысына енгізілетін толықтырулар алдын ала келісілді, Компанияның Омбудсмені тағайындалды, Компанияның бюджеті бекітіліп, Даму жоспарын орындау бойынша мәселелер талқыланды. Компанияның Трансформациялау бағдарламасын іске асыру және  оның қызметінің басқа да бағыттары бойынша құжаттар бекітілді.

Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы беру

Директорлар кеңесінің құрамындағы Жалғыз акционердің өкілдері мен Басқарма Төрағасы сыйақы алмайды.

Қоғамның Директорлар кеңесі мүшесінің міндеттерін атқарғаны үшін тәуелсіз директорлар жылдық тіркелген сыйақы, сондай-ақ комитет мүшесі ретінде Қоғамның Директорлар кеңесі комитетінің әрбір тікелей отырысына қатысқаны үшін қосымша сыйақы алады. 

Тәуелсіз директорға оның тұрғылықты жерінен тыс жерде өткізілген Қоғамның Директорлар кеңесінің және Директорлар кеңесі комитеттерінің отырыстарына баруына байланысты (жол жүру, тұру, тәуліктік шығыстар) шығыстары өтеледі.  

Тәуелсіз директорларға 2017 жылы төленген сыйақы

Тәуелсіз директорлар

Төленгені

Спицын Анатолий Тихонович

 

АҚШ доллары

74 287

Теңге

24 293 849

Sutera Luca

 

АҚШ доллары  

74 287

Теңге

24 074 576

Storzel Andreas

 

АҚШ доллары  

74 287

Теңге

24 127 866

Joaquin Galindo Velez

 

АҚШ доллары  

64 864

Теңге

21 172 096

БАРЛЫҒЫ: 

 

АҚШ доллары  

287 725

Теңге

93 668 387

Директорлар кеңесі комитеттерінің жұмыс қорытындылары бойынша есеп

Комитеттер бойынша отырыстарда қаралған мәселелер саны

 

 

 

 

 

2017

2016

2015

2014

Аудит комитеті

48

43

33

47

Тағайындаулар және сыйақы комитеті

40

37

28

32

Стратегиялық жоспарлау комитеті

30

19

15

15

Аудит комитеті

Аудит комитеті Жалғыз акционердің мүддесін көздеп, іс-қимыл жасайды, оның жұмысы өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелерді тереңдете зерттеу үшін Директорлар кеңесіне мына мәселелер бойынша жәрдемдесуге бағытталған:

1) Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасаудың тиімді жүйесін белгілеу, оның ішінде қаржылық есептіліктің толықтығы мен дұрыстығы бойынша ұсынымдар әзірлеу;

2) ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқарудың сенімділігі мен тиімділігіне бақылау жасау бойынша ұсынымдар әзірлеу;

3) сыртқы және ішкі аудиттің тәуелсіздігін бақылау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету процесіне бақылау жасау бойынша ұсынымдар әзірлеу;

4) қызметінің ауқымы мен түрі теңдес келетін қазақстандық және шетелдік компаниялардағы Ішкі аудит қызметі басшыларына сыйақы беру деңгейі мен саясатына  салыстырмалы талдау жүргізу.

Комитет құрамы:

  • Лука Сутера – аға тәуелсіз директор, Комитет төрағасы;
  • Спицын Анатолий Тихонович – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі;
  • Андреас Сторзел – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі;
  • Хоакин Галиндо – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі;

Аудит комитеті отырыстарының саны

 

 

 

 

 

2017

2016

2015

2014

Отырыс саны

9

8

10

10

Тікелей нысанда

9

8

10

10

Сырттай нысанда

0

0

0

0

Комитеттің дауыс беру құқығы бар мүшелерінің қатысуы

100 %

100 %

100 %

100 %

Негізгі қаралған мәселелер:

Есептерді тоқсан сайын талқылау және алдын ала мақұлдау: Қоғамның «Самұрық-Қазына» АҚ тобында қаржылық есептілікті дайындау процесіндегі кемшіліктерді жою жөніндегі бірыңғай іс-шаралар жоспарын орындауы туралы; Корпоративтік басқару кодексі қағидаттары мен ережелерінің сақталу/сақталмауы туралы; Қызметтің жұмысы туралы, сипаттамасы мен негізгі тәуекелдерге жасалған талдауы бар тәуекелдерді, сондай-ақ тәуекелдерді мейлінше азайту жоспарлары мен бағдарламаларын іске асыру жөніндегі мәліметтерді басқару туралы есеп.

Киберқауіпсіздікке байланысты тәуекелдерге бағалау жүргізілді, сыртқы аудитордың тәуелсіздігі мен объективтілігі бағаланды.

Тағайындаулар және сыйақы комитеті

Тағайындаулар және сыйақы комитеті Директорлар кеңесінің консультативтік-кеңестік органы болып табылады. Комитет әзірлеген барлық ұсыныстар Директорлар кеңесінің қарауына ұсынылатын ұсынымдар болып саналады. Қызметтің негізгі бағыттары:

1) Компанияның ішкі құжаттарының ережелерін ескере отырып,  Директорлар кеңесіне Тәуелсіз директорларға, Басқарма құрамына, Корпоративтік хатшыға үміткерлер сайлау мен тағайындау бойынша ұсынымдары әзірлеу және ұсыну;

2) Директорларға, Басқарма мүшелеріне, Корпоративтік хатшыға Компанияның мақсаттарына, міндеттеріне, ағымдағы жағдайына және қызмет ауқымы мен түрі бойынша осы тектес компаниялардағы сыйақы беру деңгейіне сәйкес, сыйақы беру бойынша ұсынымдар;

3) Директорларға, Басқарма мүшелеріне және Корпоративтік хатшыға сыйақы берудің құрылымдалған және ашық жүйесін ендіру бойынша ұсынымдар.

Комитет құрамы:

  • Спицын Анатолий Тихонович – тәуелсіз директор, Комитет төрағасы;
  • Андреас Сторзел – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі;
  • Лука Сутера – аға тәуелсіз директор, Комитет мүшесі;
  • Хоакин Галиндо – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі

Тағайындаулар және сыйақы комитеті 
отырыстарының саны

 

 

 

 

 

2017

2016

2015

2014

Отырыс саны

9

11

9

9

Тікелей нысанда

9

11

9

9

Сырттай нысанда

0

0

0

0

Комитеттің дауыс беру құқығы бар мүшелерінің қатысуы

100 %

100 %

100 %

100 %

Негізгі қаралған мәселелер:

Есепті кезеңде Директорлар кеңесіне «АлматыЭнерго-Сбыт» ЖШС, «Маңғыстау электр тораптық бөлу компаниясы» АҚ, «ШҚ АЭК» АҚ, «АЖК» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Шардара СЭС» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС Байқаушы кеңестеріне/Директорлар кеңесіне мүшелер сайлау мәселелері бойынша ұсынымдар берілді.

Мына лауазымдарға: «Казгидротехэнерго» ЖШС, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Ereymentau Wind Power» ЖШС, «Energy Solution Center» ЖШС бас директорлары, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының құрамы бойынша ұсынымдар берілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма мүшелерінің, Ішкі аудит қызметі жетекшісінің және корпоративтік хатшының қызметінің негізгі көрсеткіштерінің нақты мәндері, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма мүшелерінің, Ішкі аудит қызметі жетекшісінің және корпоративтік хатшының қызметінің ынталандыру НҚҚ қаралды. 

Job matching кейбір мәселелері, «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы берудің тиімді саясатын бағалау, «Самұрық-Энерго» АҚ негізгі лауазымдарына байланысты сабақтастықты жоспарлаудың тиімді процесін бағалау нәтижелері, сондай-ақ өзге мәселелер талқыланды.

Стратегиялық жоспарлау комитеті

Стратегиялық жоспарлау комитеті Компания қызметінің басым бағыттарын, стратегиялық мақсаттарын әзірлеу, Компанияның  орнықты даму жүйесін басқару, инвестициялық жобаларын, ұзақ мерзімді перспективада Компания қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін іс-шараларды әзірлеу мәселелерін қоса алғанда, шеберлік-жоспарларын іске асыру мәселелері бойынша ұсынымдар беру үшін құрылған.

Комитет құрамы:

  • Андреас Сторзел – тәуелсіз директор, Комитет төрағасы.
  • Спицын Анатолий Тихонович – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі.
  • Лука Сутера – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі.
  • Хоакин Галиндо – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі.

Стратегиялық жоспарлау комитеті отырыстарының саны

 

 

 

 

 

2014

2015

2016

2017

Отырыс саны

8

9

6

7

Тікелей нысанда

8

9

6

7

Сырттай нысанда

0

0

0

0

Комитеттің дауыс беру құқығы бар мүшелерінің қатысуы

100 %

100 %

100 %

100 %

Негізгі қаралған мәселелер:

Тоқсан сайын мынадай есептерді қарау: қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік  жарақаттанушылық саласындағы жұмыс туралы, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның корпоративтік басқаруды жетілдіру және 2016–2017 жылдарға арналған Корпоративтік басқару кодексін ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы,  «Самұрық-Энерго» АҚ ұзақ мерзімді Даму стратегиясын іске асыруда Жол картасының орындалуы туралы, Акционердің болжалдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы, Компанияның инвестициялық жобалары бойынша инвестициялардың игерілуі, стратегиялық НҚК-ні бекіту және оның орындалуын кейіннен бақылау туралы есептер.

2015–2025 жж. арналған Стратегиясының кейбір мәселелерін қарау және өзектендіру.

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі Стратегиялық жоспарлау комитетінің 2017 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы іс-шараларды іске асыру тиімділігін бағалау.

«Алматы энергия кешеніне газ жүргізу, Алматы 2-ЖЭО-ны қоршаған ортаға тигізетін әсерді мейлінше азайта отырып, жаңғырту», «Алматы энергия кешеніне газ жүргізу, Алматы 1-ЖЭО-ны газ-турбиналық технологиялар базасында жаңа энергия көзін орната отырып кеңейту» жобасының инвестиция алды кезеңі, «АлЭС» АҚ ЖЭО-2-ЗТК жылу магистралін қайта құру, «АлЭС» АҚ Алматы 3-ЖЭО-ны қайта құру» жобасының инвестиция алды кезеңі мақұлданды.

Атқарушы орган

Басқарма – Компанияның алқалық атқарушы органы. Атқарушы орган Компанияның күнделікті қызметіне басшылық жасайды және оның стратегияға, даму жоспарына және Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдерге сәйкестігін қамтамасыз етеді.

31.12.2017 ж. Басқарманың құрамы

  1. Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы
  2. Мақсұтов Қайрат Берікұлы
  3. Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы
  4. Огай Алексей Владимирович
  5. Түйтебаев Серік Сүйінбекұлы
  6. Оспанов Ерсайын Ерікұлы
  7. Балтабаев Асқар Қуатбайұлы

2018 жылы жалғыз акционердің шешімімен Жуламанов Б.Т. Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Қоғам Басқармасы мүшелерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік критерийлері Қоғамның Директорлар кеңесінің 14.11.2016ж. (№07/16 хаттама) шешімімен бекітілді және Қоғамның ұйымдық құрылымына сәйкес стратегиялық мақсаттарды, бизнес-процестерді, міндеттемелерді және жауапкершіліктерді басқарудың, үйлестірудің тиімділіктерін арттыру талаптарына сәйкес келеді.

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма мүшелері қызметінің тиімділігін бағалау Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 14 қазандағы (№07/16 хаттама) шешімімен бекітілген Компанияның басқарушы қызметкерлерінің қызметін бағалау және сыйлықақы беру қағидаттарына (бұдан әрі – Қағидат) сәйкес жүргізіледі.

Қағидаттар басқарушы қызметкерлер жұмыстарының нәтижелілігіне байланысты Компания мен оның акционерлерінің мүдделеріне жауап беретін тапсырмаларды орындауы мен өзара іс-қимыл жасауына орай сыйлықақы мөлшерінің өзара тәуелділігі қағидаттарына құрылды.

Жоламанов Бақытжан Төлеужанұлы

Басқарма Төрағасы

1966 жылы 23 желтоқсанда туды

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы

Дамыту және сату жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі

1963 жылы 23 қазанда туған

Азаматтығы: Қазақстан Республикас

Огай Алексей Владимирович

Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі

1970 жылы 1 желтоқсанда туған

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Түйтебаев Серік Сүйінбекұлы

Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшелері

1958 жылғы 27 мамырда туған

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Басқарманың есебі

2017 жылы Компания Басқармасының 19 тікелей отырысы өткізілді, онда 344 мәселе қаралды.

Қоғам Басқармасы мынадай ең маңызды шешімді қабылдады:

  • «Самұрық-Энерго» АҚ жасалуына мүдделі мәміле ретінде SAP бағдарламалық жасақтаманы пайдалану құқығын жалға беру бойынша қызметтерді ұзақ мерзімді сатып алу туралы шартын жасау туралы;
  • «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің жаңа ұйымдық құрылымының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуіне бағалау жүргізу туралы (Job matching);
  • Менеджмент жүйесінің жұмысы туралы;
  • «Самұрық-Энерго» АҚ штаттық кестесін жаңа редакцияда бекіту туралы;
  • «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2018–2022 жж. арналған Даму жоспарын мақұлдау туралы;
  • «МЭБК» АҚ акцияларын сатудың кейбір мәселелері туралы;
  • Газтурбиналық технологиялар негізінде жаңа энергия көзін орната отырып, «Алматы энегия кешенін газдандыру. «АлЭС» АҚ-ның 1-ЖЭО-ны кеңейту» жобасын іске асыруды мақұлдау туралы;
  • «Алматы энегия кешенін газдандыру. Қоршаған ортаға әсерін мейлінше азайта отырып, «АлЭС» АҚ-ның 2-ЖЭО-ны жаңғырту» жобасының инвестиция алдындағы кезеңін мақұлдау туралы;
  • «АлЭС» АҚ-ның 2-ЖЭО ТЖК жылу магистралін қайта құру» жобасының инвестиция алдындағы кезеңін мақұлдау туралы;
  • «АлЭС» АҚ-ның 3-ЖЭО-ны қайта құру» жобасының инвестиция алдындағы кезеңін мақұлдау туралы;
  • «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Стратегиялық және орта мерзімді жоспарлау стандартын бекіту туралы.

Қоғам Басқармасы отырыстарының саны

 

 

 

 

2017

2016

2015

Отырыстар саны

19

27

18

Тікелей отырыстар үлесі

100 %

100 %

100 %

Қарастырылған мәселелер саны

344

430

356

Басқарма Комитеттері

Қазіргі уақытта Басқарма Компания Басқармасының жанынан сарапшылардың Басқарма мүшелеріне ең қиын тапсырмаларды шешуге көмек көрсетуі үшін құрылған мынадай консультативтік-кеңес органдары жұмыс істейді.

Барлық комитеттер Компания Басқармасына есеп береді және осы органдар туралы ережелерге сәйкес Басқарма берген құзырет аясында әрекет етеді.

Тәуекелдер және менеджмент жүйесі комитеті

Комитет Компанияның тәуекелдерін, менеджмент жүйесін басқару және ішкі бақылау саласында шешімдер қабылдауда Басқармаға көмек көрсетеді, жұмысын және тәуекелдерді анықтауға, өлшеуге, қадағалауға, бақылауға тартылған процестердің дамуын қамтамасыз ете отырып, тәуекелдерді басқару жүйесін, ішкі бақылау мен менеджмент жүйесін ұйымдастыру, сондай-ақ оны тиімді қолдау бойынша ұсыныстарды, ұсынымдарды әзірлейді. Комитет осы салалардағы жұмысты үйлестіруге бақылау жүргізу бойынша ұсыныстар әзірлейді.

2017 жылғы есеп

 

Отырыстар саны

4

Қарастырылған мәселелер саны

13

Қатысуы, %

100

 

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Активтерді сату процесі бойынша тәуекелдер матрицасын және бақылауларды алдын ала мақұлдау туралы

 

Негізгі тәуекелдердің сипаттамасы мен талдауы, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ‑ның 2016 жылғы 4-тоқсандағы, 2017 жылғы 1-, 2- және 3-тоқсандағы тәуекелдерді мейлінше азайту бойынша жоспарлар мен бағдарламаларды іске асыру туралы мәліметтері бар Тәуекелдерді басқару жөніндегі есепті алдын ала мақұлдау туралы

 

«Самұрық-Энерго» АҚ Тәуекелдер мен қаржылық есептілікті дайындауды бақылау матрицасын алдын ала мақұлдау

 

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2017 жылға арналған Ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу және өзектендіру жөніндегі жоспарын бекіту туралы

 

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2018 жылға арналған шоғырландырылған Тәуекелдер тіркелімін, шоғырландырылған Тәукелдер картасын, әрбір негізгі тәуекелге қатысты төзімділік деңгейлерін анықтай отырып, Негізі тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын, Негізгі тәуекелдік көрсеткіштерінің паспорттарын алын ала мақұлдау туралы

 

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2018 жылға арналған тәуекел-тәбетін алдын ала мақұлдау туралы

Қызметті жоспарлау және бағалау комитеті

Комитеттің негізгі мақсаты Қоғам мен еншілес және тәуелді ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру, олардың активтері мен шығындарының құрылымын оңтайландыру.

Негізгі мақсатты іске асыру үшін Комитет мына функцияларды атқарады:

  1. Даму жоспарларының жобаларын қарастыру және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  2. есептік кезең үшін негізгі қызмет көрсеткіштерінің орындалуы туралы есепті қарастыру және ұсыныстар әзірлеу;
  3. есептік кезең үшін қаржылық есептілікті бекіту туралы мәселені қарастыру;
  4. аяқталған қаржылық жылдағы таза табысты үйлестіру және дивидендтердің мөлшері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  5. қызмет тиімділігін арттыру мәселелерін қарастыру және ұсыныстар әзірлеу.

2017 жылғы есеп

 

Отырыстар саны

39

Қарастырылған мәселелер саны

79

Қатысуы, %

100

Негізгі мәселелер

Түзетулерді ескере отырып, Қоғам ЕТҰ-лардың 2018–2022 жылдарға арналған даму жоспарларын қарастыру

 

Қоғамның корпоративтік орталығының 2017 жылға арналған даму жоспарына түзетулерді келісу

 

Қоғам ЕТҰ-ларының Даму жоспарларын орындағаны туралы есептері

Инвестициялық-инновациялық кеңес

Кеңес «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша инвестициялық және инновациялық қызметтің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Осы мақсаттар үшін Кеңес төмендегі бағыттар бойынша ұсыныстар әзірлейді:

  1. инвестициялық және инновациялық қызмет мәселелері бойынша ішкі құжаттарды мақұлдау, инвестиция алды және инвестициялық жобалар сатысының белгіленген кезеңдерін іске асыру, келесі сатыға көшуге қатысты ұсыныстар әзірлеу
  2. Компанияның басқа заңды тұлғаларының акцияларын (қатысу үлестерін), оның ішінде жер қойнауын пайдаланумен байланысты объектінің жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алудағы басымдық құқығын іске асыру аясында сатып алу және иеліктен шығару, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобын сыртқы заңды тұлғалармен біріктіру, Инвестициялық жобалар аясында заңды тұлғаларды құру
  3. жобалардың негізгі параметрлерін түзету, ғылыми-техникалық жетістіктер мен халықаралық көшбасшы компаниялардың озық тәжірибесін пайдалану, инновациялық сипаттағы тапсырмаларды шешу.

2017 жылғы есеп

 

Отырыстар саны

6

Қарастырылған мәселелер саны

31

Қатысуы, %

90

Негізгі мәселелер

«Алматы энергия кешенін газдандыру. «АлЭС» АҚ-ның ЖЭО-2-ні қоршаған ортаға тигізетін әсерді мейлінше азайта отырып жаңғырту» жобасының инвестиция алды кезеңін мақұлдау туралы

 

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның «Станцияның №3,4,5,6,7,8 энергия блоктарында турбиналарды жаңғырту» жобасын мақұлдау туралы

 

«Қарасай ауданында маңайындағы 35/10кВ ҚС-лардың жүктемелерін көшіру арқылы «Шамалған» (Үшқоңыр) 110/10кВ ҚС-ны салу арқылы электр желілерін дамыту» жобасын одан әрі іске асыруды мақұлдау туралы

Активтер мен пассивтерді басқару комитеті

Комитеттің мақсаты Компанияның уақытша бос ақша қаражатын (УБАҚ) орналастыру туралы инвестициялық шешімін алдын ала мақұлдаумен байланысты мәселелер бойынша шешімдердің уақытылы және сапалы қабылдануын қамтамасыз ету болып табылады. Комитет қаржылық активтерге қатысты ұсыныстардың әзірленуін, оның ішінде ақшаны қаржылық құралдарға инвестициялауды жүзеге асырады, құралдарды орналастырған кезде жоспарлы және нақты іс жүзіндегі нормативтердің сақталу жағдайына бақылау жасайды. Сонымен бірге, Комитет инвестициялық портфельдің ағымдағы және болжанатын нарықтық жағдайға сәйкес келу мәніне талдау жасайды, тәуекелдерді мейлінше азайту мақсатында оларды хеджирлеу бойынша ұсыныстар әзірлейді, сондай-ақ қазынашылық портфельді қайта инвестициялау, әртараптандыру және жіктеу бойынша ұсыныстар әзірлейді.

2017 жылғы есеп

 

Отырыстар саны

6

Қарастырылған мәселелер саны

6

Қатысуы, %

100

Негізгі мәселелер

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның уақытша бос ақша қаражатын орналастыру туралы инвестициялық шешімдерді мақұлдау туралы

 

Қолданыстағы депозиттік шарттарды ұзарту туралы

 

Банктік салымдар шарттарын мерзімнен бұрын бұзу туралы және басқа да мәселелер

Кредит комитеті 

Кредит комитетінің негізгі міндеттері «Самұрық-Энерго» АҚ-ның кредит саясатын және Қордың қарызды басқару мен қаржылық тұрақтылық саясатын іске асыру болып табылады. 

Осы мақсаттар үшін Комитет:

  1. кредитті, қаржылық көмекті және кепілді беру туралы өтінімдерді қарастырады, олар бойынша және оларды беру үшін негізгі шарттарды алдын ала белгілеу бойынша ұсыныстар әзірлейді
  2. кредит портфелінің лайықты құрылымын және сапасын белгілейді, проблемалық кредиттер бойынша ұсыныстар әзірлейді

2017 жылғы есеп

 

Отырыстар саны

7

Қарастырылған мәселелер саны

7

Қатысуы, %

74

Негізгі мәселелер

Мүдделілігі бар мәмілелерді жасау туралы

 

Екінші деңгейлі банктермен кредит келісімдерін жасау туралы

Корпоративтік басқару тәжірибесінің Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттарына сәйкес келуі туралы ақпарат, сондай-ақ әрбір қағидаттың сақтамау себебі туралы түсіндірмелер

Корпоративтік басқару тәжірибесін ендіру бекітілген Корпоративтік басқару кодексіне негізделеді. Бекітілген Кодекс ЭЫДҰ қағидаттарын, Ұлыбританияның корпоративтік басқару кодексін, сондай-ақ корпоративтік басқарудың озық әлемдік тәжірибелерін ескере отырып әзірленді.

Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында Компанияда Кодекстің қағидаттары мен ережелерін ендіру бойынша мақсатты және жоспарлы жұмыс жүргізіледі.

Компания Кодекс қағидаттарын ендіре отырып, Директорлар кеңесінің, атқарушы органның теңгерімділігі мен тиімділігіне, тәуекелдерді басқаруға, ішкі бақылау мен аудитке, сондай-ақ Компанияның орнықты дамуы мен ашықтығына ерекше назар аударады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шаралардың іске асырылуына бақылау жүргізу үшін «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында Комплаенс қызметі құрылды.

2017 жылдан бастап Қор тобында ақпаратты жинақтайтын, өңдейтін, Қор мен Қоғамға жолдайтын тәуелсіз ұйым – Делойт компаниясын тарту арқылы шағымдарды құпия қарастыру механизмі ендірілді. «Жедел желіге» қоңырау шалуға, электрондық поштаға хат жолдауға болады, үш тілдегі (қазақ, орыс және ағылшын) қажетті мәліметтері бар стендтер Қордың әрбір еншілес ұйымында орналасқан. Ақпарат тіркеледі, шоғырландырылады және Қоғамға жолданады, сондай-ақ өтініштердің мазмұны бойынша ІАҚ, Омбудсмен және Комплаенс қызметіне үйлестіріледі.

Компанияның сайтында Қазақстан Республикасының заңнамасына және Биржаның листингтік ережелеріне сәйкес, стейкхолдерлердің мүдделерін қозғайтын барлық ақпарат көрсетіледі. Ақпарат уақытылы орналастырылады. Компания ҚЕД және KASE интернет ресурсында «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңдарды және Қоғамның ІНҚ-ны сақтау аясындағы корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты орналастырады.

Компания өз қызметінде Корпоративтік басқару кодексінің талаптары мен ұсыныстарын орындайды, ерекшеліктер:

Кодекс ережесінің №

«Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары

Ішінара сақталады

Кодекс ережелерінің сақталу/
сақталмауы туралы ақпарат

1-тарау. Үкімет Қордың акционері ретінде

 

 

 

2

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қордың жалғыз акционері болып табылады.

Қор мен ұйымның негізгі стратегиялық міндеті – ұзақ мерзімді құнының өсуі және Қордың орнықты дамуы болып табылады, бұл Қор мен компаниялардың даму стратегиясында көрсетіледі. Қабылданатын барлық шешімдері мен әрекеттері даму стратегиясына сәйкес келуі тиіс.

Қор мен компанияларда активтердің оңтайлы құрылымы құрылуы тиіс. Қор мен компаниялар өз активтерінің құрылымын және ұйымдастырушылық-құқықтық нысан-да-рын барынша жеңілдетуге тырысуы тиіс.

Ұйымдар қызметтерін өзінің негізгі (бейінді) қызметінің аясында жүзеге асырады. 

Қызметтің жаңа түрлерін жүзеге асыруға аталған нарықта бәсекелес жоқ немесе Қор мен ұйымдардың қатысуы шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етеді деген шартпен жол беріледі.

Қор ұйымдарында бақылау акцияларының (қатысу үлесінің) болуы мен оларды сақтау ұсынылады.

 

Ішінара сақталады

2015 жылғы 15 қазандағы Директорлар кеңесі «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған Ұзақ мерзімді даму стратегиясын бекітті, оның стратегиялық мақсаттары мыналар болып табылады: қатысу нарықтарында энергия ресурстарының сенімді және бәсекеге қабілетті жеткізілуін қамтамасыз ету; бизнес-тің әлеу-меттік жауапкершілігін, орнық-ты дамуын қамтамасыз ету; акцио-нер-лік капиталдың құнын арттыру. Қабыл-данатын барлық шешімдер мен қызметтер Стратегияға сәйкес келеді. Стратегияның іске асырылуын мониторингілеу мақсатын-да Компанияның Директорлар кеңесі және Басқармасы стратегиялық сессияларды өткізеді, олар-дың барысында қызметтің негізгі бағыт-тары, міндеттері, проблемалық мәселелер, тәуекелдер, түзету шара-лары талқыланады. Компанияның инвестиция-лық қызметі Стратегияны іске асыру аясында жүзеге асырылады.

Қоғамның компаниялар тобына әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанды ЕТҰ-лар кіреді: акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер. Кодекс «Қор мен компанияларда актив-тердің оңтайлы құрылымы құрылуы тиіс. Қор мен компаниялар өз активтерінің құрылымын және ұйымдастырушылық-құқық-тық нысандарын барынша жеңілде-туге тырысуы тиіс» деп ұсынады.

Стратегияға сәйкес, сондай-ақ «Жекеше-лендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысына сәйкес, активтердің мақсатты құрылымына қол жеткізу үшін Қоғам белгіленген активтерді сату шараларын жүргізеді. Сатылатын активтердің жалпы саны – 6.

 

Кодекс ережесінің №

«Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары

Ішінара сақталады

Кодекс ережелерінің сақталу/
сақталмауы туралы ақпарат

5-тарау. Директорлар кеңесінің және атқарушы органның тиімділігі

 

 

 

5

Директорлар кеңесінің құрамында тәжірибе-сі, жеке басының сипаттамалары мен гендерлік құрамы бойынша әртүрлілікті қамтама-сыз ету қажет. Директорлар кеңесі-нің қабылданатын шешімдерінің тәуел-сіздігін және барлық акционерлерге әділ қарым-қатынастың болуын қамтамасыз ету үшін тәуелсіз директорлар жеткілікті мөл-шерде кіруі тиіс. Компанияның Директор-лар кеңесінің құрамындағы тәуел-сіз директорлардың ұсынылатын саны Дирек-торлар кеңесінің жалпы сандық құрамының елу пайызын құрайды.

Ішінара сақталады

Директорлар кеңесінде гендерлік құрам бойынша әртүрлілік жоқ.

7

Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелері үшін қызметке кіріспе бағдарламасын және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесі үшін кәсіби даму бағдарламасын бекітеді. Корпоративтік хатшы аталған бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Ішінара сақталады

Қоғамда Директолар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелері үшін Кызметке кіріспе бағдарламасы әрекет етеді. Сонымен қатар, аталған бағдарламаның орындалуын мониторингілеу механизмін ендіру мақсатында 2016 жылы ол аталған рәсім ресімдеу бөлігінде өзектендірілді. Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесі-нің жаңадан сайланған мүшелерінің Қыз-метке кіріспе бағдарламасынан өтуді қам-тамасыз етті. Кәсіби даму бағдарламасы Директорлар кеңесінің тек кейбір мүшелері үшін бекітілді.

 

 

 

 

Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерінің сәйкестігі туралы толық есеппен мына сайтта танысуға болады: https://www.samruk-energy.kz/ru/shareholder/other-statements.