Біріктірлген жылдық есеп | «Самұрық-Энерго» АҚ

Орнықты даму

Компания еліміздегі аса ірі энергетикалық холдинг ретінде өзінің мемлекет экономикасына, қоршаған орта мен социумға тигізетін ықпалының маңызын жете түсінеді. Компанияда орнықты даму қағидаттарын үздіксіз сақтау жүйесі ендірілді, мүдделі тараптардың мүдделер теңгерімі сақталады, басқаруда тәуекелге бағдар ұстаған тәсіл қолданылады, ол ұзақ мерзімді келешекте құнды тұрақты өсіруге және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға қол жеткізуге мүмкіндік беретін болады.

Тәуекелге бағдар ұстаған басқаруды ұйымдастыру, сыртқы және ішкі ортаның өзгеруіне дер кезінде жауап қайтару, сондай-ақ тәуекелдерді іске асырған кезде орын алуы мүмкін шығындарды азайту мақсатында «Самұрық-Энрего» АҚ компаниялар тобында 2010 жылдан бастап тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін ендіру және жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін ендіру және жетілдіру компания тобының стратегиялық және операциялық мақсаттарына қол жеткізуінің қажетті шарты және таяу келешектегі маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Алғашқы қадамдардың бірі Компанияда тәуекел-мәдениетті арттыру үшін тәуекелдерді басқару бойынша ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу болып табылады, Компанияның негізгі қызметкерлеріне арнап тәуекелдерді басқару саласында оқыту семинарлары өткізілді. 

2011 жылдан бастап жыл сайын сыртқы және ішкі қызмет факторларына байланысты Тәуекелдер тіркелімі мен Тәуекелдер картасын өзектендіру жүзеге асырылып келеді, олар Компания қызметіне тән тәуекелдердің толық тізбесінен тұрады және ықтималдылық пен әсер ету критерийлері бойынша олардың маңыздылығын, тәуекелді оқиғалардың әсерін азайтуға бағытталған Іс-шаралар жоспарларын графикалық тұрғыдан көрсетеді.  Осы мақсаттар үшін тәуекелдердің Компания қызметіне әсер ету маңыздылығын сезіне отырып, 2012 жылы тәуекелдерді басқаруға жауапты дербес құрылымдық бөлімше, Басқарма жанында Тәуекелдер комитеті құрылды, ішкі бақылау жүйесін ендіру бойынша жұмыстар басталды, тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігіне бағалау жүргізілді, оның нәтижелері бойынша одан әрі жетілдіруге қатысты ұсынымдар алынды.

Еншілес және тәуелді ұйымдарда тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылауға жауапты бөлек құрылымдық бөлімшелер құрылды, тәуекелдерді басқару бойынша ішкі нормативтік құжаттар әзірленді, негізгі тәуекелдерді басқару бойынша Тәуекелдер тіркелімдері, Тәуекелдер карталары мен Іс-шаралар жоспарлары жасалды.

Компания 2017 жылы 14 негізгі тәуекелді (Компанияның ұзақ мерзімді даму стратегиясын орындалмау тәуекелі, Компанияның адам ресурстарының тәуекелдері, қызметтік міндеттерін орындау барысында қызметкерлердің денсаулығына және өміріне зиян келтіретін өндірістегі жазатайым оқиғалар тәуекелі, ЕТҰ-лардың іске асырылатын/перспективті инвестициялық жобалар мен инвестициялық бағдарламаларының тәуекелі, электр энегиясын сату жоспарының орындалмау тәуекелі, Трансформациялау бағдарламасын іске асырумен байланысты тәуекелдер, активтерді сатып алумен, қайта құрумен және сатумен байланысты тәуекелдер, операциялық, инвестициялық, қаржы қызметін жүзеге асыру үшін өтімділіктің жеткіліксіздігі тәуекелі, валюталық және кредиттік тәуекелдер, тариф белгілеу тәуекелі, сыртқы кредиторларлардың ковенантын және листингк талаптарын бұзу тәуекелдері, активтердің құнсыздану тәуекелі, өндірістегі авариялар мен апаттар тәуекелі) сәйкестендірді, оларды іске асыру ықтималдығын, салдарларының ауқымын, сондай-ақ оларға әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды бағалады және оларды басқару жөніндегі Іс-шаралар жоспарын әзірледі. 2017 жылғы желтоқсанда Компанияның Директорлар кеңесі алдағы жылға арналған Негізгі тәуекелдерді басқару бойынша Тәуекелдер тіркелімін, Тәуекелдер картасы мен Іс-шаралар жоспарын, негізгі тәуекел-көрсеткіштер және тәуекел-тәбетін бекітті.

Компания «Үш қорғану бағыты» моделін пайдалана отырып, COSO стандартын ұстанады:

ТБКЖ үнемі жетілдіріледі, тәуекел-менеджментінің озық тәжірибесі, жаңа реттегіш талаптар, тәуекел-менеджментінің тәжірибесі мен стандарттары ескеріледі, сондай-ақ атқарушы органдарды орын алған тәуекелдер мен оларды басқару туралы тұрақты хабардар етіп отырады.

Компания орнықты дамудың үш құрамдасы (экономикалық, экологиялық және әлеуметтік) тұрғысынан негізгі трендтер мен тәуекелдерге талдау жүргізеді. Басқа елдердің төмен көміртекті экономикаға көшу тәжірибесі зерттеледі, сарапшылармен үнемі энергетика, экология және климаттық өзгерістер бойынша кездесулер өткізіледі.

Компанияның орнықты даму аясындағы негізгі трендттері мен тәуекелдері

Үрдістер

Тәуекелдер

Мүмкіндіктер

Экономикалық аспект

 

 

Электр энергиясын тұтынудың өсу қарқынының баяулауы

Макроэкономикалық жағдайдың нашар-лауы, электр энергиясына сұраныстың өсу қарқынының азаюы; жаңа қуаттарды енгізудің сұраныстың нақты өсімінен артық жоспарланатын қарқынының жоғары болуы

Активтердің қалып-тасты-рыл-ған порт-фелін тиімді пайдалану

Бағалардың жаһандық құбыл---малылы--ғына қарай ресурс өндіретін салалардың дағ-дарыс-қа ұшырағыштығына бай-ланыс-ты экономикалық жүйе-нің тұрақ-сыздығының өсуі 

Жаңа жобаларды қаржыландыруға қол жеткізуді қиындататын дағдарыстардың пайда болу ықтималдығының артуы

Өндіріс тиімділігін жақсарту, қолда бар активтерді жаңғырту

Энергия үнемдеуді арттыру және экономиканың энергия тиімділігінің өсуі

Дәстүрлі түрде өндірілетін электр энергия-сына сұраныстың азаюы

Көмірді «таза» көмірдің озық тех-нологияларымен үйлестіре отырып, пайдалану

Экологиялық аспект

 

 

Экономиканы көміртексізден-діруге бағытталған тренд

Газға, СЭС-ке, АЭС-қа, ЖЭК-пен салыс-тырғанда көмір өндірісі бәсекелес-тігінің азаюы

Жаңа жобаларды әзірлеу үшін пайдалы болатын жағдайларда қарыз алу («таза көмір», көмірді жер асты газдандыру, метан өндіру, ЖЭК-өндірісін дамыту); пайдаланылатын отынның сапасын арттыру

Экологиялық заңнамаларды қатайту

Зиянды заттардың рұқсат етілетін шекті концентрациясын қатайту; эмиссиялар үшін төлем мөлшерлемелерін арттыру; суды тұтынуға қойылатын талаптарды қатайту – айналмалы сумен жабдықтауға көшу, температуралық режимдерді қатайту; қалдық-тарды кәдеге жаратуға жұмсалатын шығындар

«Жасыл» технологияларды қолдануды кеңейту

Жергілікті қоғамдастықтардың экологиялық талаптарын көтеру

Жеткілікті кәсіби талдау жасалмаған жағдайда БАҚ-тың экологиялық ақпарат-тандырудағы белсенділігі, компанияның теріс имиджін қалыптастыру

«Жасыл» көшбасшы және жауап-ты табиғатты пайдалану субъек-тісі ретіндегі PR, қоғамның адалдығын арттыру

Әлеуметтік аспект

 

 

Халық санының өсу қарқынының баяулауы

Электр энергиясына сұраныстың өсу қарқынының баяулауы

Мақсатты болған жағдайда экспорттық әлеуетті дамыту

Жоғары білікті мамандарға қажеттіліктің артуы

Тиісті біліктілігі бар мамандард-ың же-ткіліксіздігі, еңбек құнын «озық» арттыру және шығындардағы ЕТҚ үлесінің өсуі

Еңбек өндірісін арттыу; өндіріс сапасын жақсарту; білім беру және мамандарды даярлау сапасын арттыру

Индустриялық сектордағы жұмыс тартымдылығының азаюы

Компаниядағы бос орындарға орналасудағы қиындықтардың артуы

Кадр резервін, Компания ішіндегі лауазымдар сабақтастығын дамыту

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды тиімді басқару жүйесі ұзақ мерзімді құнды орнықтыру үшін қажетті шарттарды қамтамасыз етуге, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге және оң беделді қалыптастыруға ықпал етеді. Мүдделі тарптармен өзара іс-қимыл жасау әлеуметтік капиталды ұлғайтуға, тәуекелдердің алдын алуға және оларды мейлінше азайтуға, сондай-ақ даму үшін жаңа мүмкіндіктерді анықтауға мүмкіндік береді. Осыған орай, сыртқы, сондай-ақ ішкі мүдделі тараптармен сындарлы қатынастарды орнатудың маңызды екенін сезіне отырып, Компания мүдделі тараптармен өзара тиімді іс-қимылды орнатудың бастапқы қағидаттарын АА1000 сериясы стандартының негізінде бейімдеді.

Мәселенің басында «қамтылу» қағидаты тұр, ол ұйымды басқарудың толыққанды процесінде барлық мүдделі тараптардың (қоршаған орта мен келешек ұрпақ сияқты өз пікірін білдіре алмайтын тараптарды қоса алғанда) мүдделері мен сұраныстарын назарға алуды білдіреді. «Қамтылу» аясында мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың үш қағидаты ерекшеленеді: маңыздылық, толықтық және жауап қайтару. Олардың әрқайсысын қолдану ғана мүдделі тараптармен жан-жақты, өзара пайдалы әрі тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Компанияда Стейкхолдерлер картасы әзірленді. Оның негізінде тараптардың мүдделерін, пікірлері мен қызығушылықтарын сыйлау мен есепке алу, мүдделі тараптарды үнемі хабардар ету және қабылданған міндеттемелерді уақытылы орындау қағидаттары жатыр.

Мүдделі тараптардың картасын әзірлеген кезде Компания төрт кезеңнен тұратын Әдістемені ұстанды:

Қазіргі таңда Компанияның мүдделі тараптары халық, қызметкерлер, акционерлер, өнім берушілер, ЕТҰ-лар, кәсіподақтар, серіктестер, тұтынушылар, мемлекеттік органдар, бәсекелестер, қаржылық институттар, қоғамдық бірлестіктер, БАҚ, үлестес тұлғалар, рейтингтік және аудиторлық компаниялар болып табылады.

Компания өз қызметі аясында мынадай ұлттық және халықаралық ұйымдарға, қауымдастықтарға/ұйымдарға мүше болып табылады:

ТМД Электр энергетикалық кеңесі(бұдан әрі – ТМД ЭЭК).

Қадағалаушы ретінде қатысуды 2012 жылдан бастады. Атқарушы комитет ТМД Электр энергетикалық кеңесінің тұрақты жұмыс істейтін мемлекетаралық үйлестіруші органы болып табылады. ТМД ЭЭК-ге мүшелік ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің энергия жүйелерін шоғырландыру процесіне қатысуға, оның ішінде ұжымдық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге; энергия жүйелерінің параллель жұмыс істеуін камтамасыз етуге; ортақ электр энергетикасы нарығын құруға, энергетика саласында халықаралық шарттарды, техникалық ережелерді әзірлеуге; электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді біріздендіру мен үйлестіруге және т.б. процестерге қатысуға мүмкіндік береді. Компания ТМД ЭЭК өткізетін ашық отырыстарға, жұмыс топтарының отырыстарына, семинарларға қатыса алады. 

Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығы (бұдан әрі – ҚЭҚ).

2011 жылдан бастап мүше болып табылады. ҚЭҚ-қа мүше болу ақпарат алмасуға және электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру мен дамытуға, сондай-ақ ҚЭҚ қамқорлығымен өткізілетін конференцияларға, семинарларға, форумдар мен өзге де шараларға қатысуға мүмкіндік береді.

«KAZENERGY» қауымдасығы.

2009 жылдан бастап Қауымдастықтың мүшесі болып табылады. «KAZENERGY» қауымдастығына мүшелік ҚР-ның инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бастамалар мен іс-шараларға, өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуетті арттыру шараларын әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысуға, сондай-ақ құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру-басқарушылық мәселелер бойынша көмек алуға мүмкіндік береді. Қоғам «KAZENERGY» қауымдастығы ұйымдастыратын көптеген іс-шараларды, оның ішінде форумдарды, Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің даму келешегі туралы ұлттық баяндамаларды басып шығаруды айтарлықтай қаржыландырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  (бұдан әрі – ҚР ҰКП).

2013 жылдан бастап ҚР ҰКП-ның мүшесі болып табылады. ҚР ҰКП-ға мүшелік кәсіпкерлік ортамен байланысты нығайтуға, электр энергетикасы бизнесін дамытуға, оның ішінде ҚР заңнамалық базасын жетілдіру аясында дамытуға ықпал етеді. 

Орталық Азияның Үйлестіруші Электр энергетикалық Кеңесі. (бұдан әрі – ОА ҮЭК). Қадағалаушы ретінде 2014 жылдан бастап қатысты. ОА ҮЭК-ға мүшелік Орталық Азия елдерінің арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді, ОА ҮЭК өткізетін электр энергетикасы саласындағы шараларға қатысуға мүмкіндік береді. 

Дүниежүзілік Энергетикалық Кеңес (бұдан әрі – ДЭК).

2008 жылдан бастап ДЭК-ның мүшесі болып табылады. ДЭК-ке мүшелік жаһандық және өңірлік сипаттағы жобалар мен мәселелер бойынша ДЭК-пен жұмыс жасауға мүдделі, әлемнің энергетика саласындағы санаулы жетекші компанияларына ғана арналған бағдарламаны білдіреді. ДЭК бағдарламасы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін эксклюзивті іс-шараларға және дөңгелек үстелдерге қатысуға мүмкіндік береді. 

БҰҰ Ғаламдық шарты

2011 жылдан бастап мүшелік етеді. БҰҰ-ның Ғаламдық шартына қосылу аясында Компания өз стратегиясында және күнделікті қызметінде Ғаламдық шарттың он қағидатын ұстанатыны туралы хабарлайды.

Компания кері байланыс алу және өздері үшін ерекше маңызды тақырыптарды жинақтаған кезде пікірлерді ескеру мақсатында барлық стейкхолдерлермен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасайды. 2017 жылғы желтоқсанда Стейкхолдерлермен байланыс жоспары әзірленді, ол мүдделі тараптарға хабарлау мерзімдері мен әдістері бойынша іс-шаралардан тұрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Стейкхолдерлермен байланыс орнату жоспары

Мүдделі тараптар

Мүдделі тараптардың үлесі

Мүдделі тараптардың мүдделері

Хабарлау бойынша шаралар/мерзімі

1

Акционерлер

Қаржы құралдарын бөлу, жарғылық капиталды толықтыру

Табыстың өсуі, дивидендтерді уақытылы төлеу, Қордың құнын арттыру

есептілікті ұсыну (қаржылық, қаржылық емес) – тұрақты негізде;

маңызды тақырыптарды ашу бойынша сауалнама жүргізу – жыл сайын;

кездесулер өткізу, іскери хат алмасу – тұрақты негізде;

Компанияның корпоративтік сайтында, әлеуметтік желілерде Компания туралы өзекті жария ақпаратты пайда болуына қарай орналастыру – тұрақты негізде;

акционердің болжалдарын орындау, Бизнесті трансформациялау бағдарламасын және инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы мәселелерді ДК-де талқылау – жыл сайын;

БАҚ-та жариялау – тұрақты негізде;

Компания басшылығының конференцияларға, форумдарға және т.с.с. спикерлер/пікірталастырушы ретінде қатысуы арқылы хабарлау – тұрақты негізде.

2

 

Еншілес және тәуелді ұйымдар

Акционерлердің мүдделерін сақтау

Мемлекеттік органдармен жұмыс жасаған кезде көмек көрсету, коммерциялық мүдделер

      акционердің ЕТҰ-ның ДК-ға/ҚБ-ға қатысты болжалдарын ЕТҰ-ға хабарлау – жыл сайын;

      өзге мақсатты көрсеткіштерді, ІНҚ-ны әзірлеуге арналған талаптар мен басқа ақпаратты ЕТҰ-ға электрондық пошта, телефон, кеңсе арқылы жеткізу – тұрақты негізде;

      ЕТҰ-ның ДК-да/ҚБ-да өзекті мәселелерді талқылауы – ай сайын;

      ұсынылатын есептілікті қарастыру және ол бойынша кері байланыс – тұрақты негізде;

      Компанияның ішкі корпоративтік порталына өзекті ақпаратты орналастыру – тұрақты негізде;

      Компанияның корпоративтік сайтында, әлеуметтік желілерде туындауына қарай Компания туралы өзекті жария ақпаратты орналастыру – тұрақты негізде;

      БАҚ-та жариялау – тұрақты негізде;

      маңызды тақырыптарды ашу бойынша сауалнама жүргізу – жыл сайын;

      Компания басшылығының конференцияларға, форумдарға және т.с.с. спикерлер/пікірталастырушы ретінде қатысуы арқылы хабарлау – тұрақты негізде.

 

3

Қызметкерлер

Адам ресурстары

Бейілділік

Жоғары жалақы, лайықты еңбек жағдайлары, кәсіби даму, мансаптық өсу

ұжыммен, ЕТҰ-мен, кәсіподақпен жиналыс өткізу («Жыл қорытындылары») – жыл сайын, 31 наурыздан кешіктірмей;

қызметкерлер үшін мәдени корпоративтік шараларды қалыптастыру – жыл сайын;

электрондық пошта арқылы қызметкерлерді бос орындар, ішкі корпоративтік конкурстар туралы ақпараттандыру – тұрақты негізде;

Компанияның корпоративтік сайтында, әлеуметтік желілерде туындауына қарай Компания туралы өзекті жария ақпаратты орналастыру – тұрақты негізде;

Компанияның ішкі корпоративтік порталына өзекті ақпаратты орналастыру;

БАҚ-та жариялау – тұрақты негізде;

маңызды тақырыптарды ашу бойынша сауалнама жүргізу – жыл сайын;

Компания басшылығының конференцияларға, форумдарға және т.с.с. спикерлер/пікірталастырушы ретінде қатысуы арқылы хабарлау – тұрақты негізде.

4

Кәсіподақ

Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге көмектесу, еңбек қатынастарын реттеу және қақтығыстарды шешу

Қызметкерлердің құқықтарын сақтау және қорғау

ұжыммен, ЕТҰ-мен, кәсіподақпен жиналыс өткізу («Жыл қорытындылары») – жыл сайын, 31 наурыздан кешіктірмей;

Компанияның корпоративтік сайтында, әлеуметтік желілерде туындауына қарай Компания туралы өзекті жария ақпаратты орналастыру – тұрақты негізде;

маңызды тақырыптарды ашу бойынша сауалнама жүргізу – жыл сайын.

БАҚ-та жариялау – тұрақты негізде.

 

5

Серіктестер

Жобаларды бірлесіп іске асыру

Технологиялардың, құзыреттердің және инновациялардың трансферті

Коммерциялық мүдделер

Компанияның корпоративтік сайтында, әлеуметтік желілерде туындауына қарай Компания туралы өзекті жария ақпаратты орналастыру – тұрақты негізде;

БАҚ-та жариялау – тұрақты негізде;

маңызды тақырыптарды ашу бойынша сауалнама жүргізу – жыл сайын;

кездесулер өткізу, іскери хат алмасу – тұрақты негізде;

Компания басшылығының конференцияларға, форумдарға және т.с.с. спикерлер/пікірталастырушы ретінде қатысуы арқылы хабарлау – тұрақты негізде.

6

Тұтынушылар

Компанияның адалдығы

Тауарларды және қызметтерді сатып алу арқылы қалыптастырылатын қаржы ресурстары

 

Коммерциялық мүдделер

Компанияның корпоративтік сайтында, әлеуметтік желілерде туындауына қарай Компания туралы өзекті жария ақпаратты орналастыру – тұрақты негізде;

БАҚ-та жариялау – тұрақты негізде;

маңызды тақырыптарды ашу бойынша сауалнама жүргізу – жыл сайын;

Компания басшылығының конференцияларға, форумдарға және т.с.с. спикерлер/пікірталастырушы ретінде қатысуы арқылы хабарлау – тұрақты негізде;

Жұмыс істеп жатқан және әлеуетті тұтынушылармен іскери хат алмасу, кездесулер өткізу – тұрақты негізде.

7

Мемлекеттік органдар

Мемлекеттік реттеу

Салық түсімдері, экономиклық өсім, әлеуметтік міндеттерді шешу

есептілікті ұсыну (қаржылық, қаржылық емес) – тұрақты негізде;

кездесулер өткізу, іскери хат алмасу – тұрақты негізде;

Компанияның корпоративтік сайтында, әлеуметтік желілерде туындауына қарай Компания туралы өзекті жария ақпаратты орналастыру – тұрақты негізде;

БАҚ-та жариялау – тұрақты негізде;

маңызды тақырыптарды ашу бойынша сауалнама жүргізу – жыл сайын;

Компания басшылығының конференцияларға, форумдарға және т.с.с. спикерлер/пікірталастырушы ретінде қатысуы арқылы хабарлау – тұрақты негізде.

8

Бәсекелестер

Келешекте дамуға арналған мүмкіндіктер

Нарыққа қатысу үлесін арттыру

Компанияның корпоративтік сайтында, әлеуметтік желілерде туындауына қарай Компания туралы өзекті жария ақпаратты орналастыру – тұрақты негізде;

БАҚ-та жариялау – тұрақты негізде;

Компания басшылығының конференцияларға, форумдарға және т.с.с. спикерлер/пікірталастырушы ретінде қатысуы арқылы хабарлау – тұрақты негізде.

 

9

Қаржылық институттар

Халықаралық гранттар

Жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру

Кредиттік желілер

Ақша қаражатын орналастыру

Негізгі қарызды және сыйлықақыны уақытылы төлеу, салынған инвестициялардың рентабельділігіБос ақша құралдарын депозиттік шоттарға орналастыру, арнаулы шоттарға қызмет көрсету, Компанияның бағдарламаларын іске асыруға қатысу

Ұлттық Банкке:

1) тоқсан сайынғы/жарты жылдық/ жылдық негізде есептілікті ұсыну.

«Қазақстан қор биржасы» АҚ порталы:

«Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы орган мүшелерінің сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Ұлттық Банкінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысына және «Қазақстан қор биржасы» АҚ Листингтік қағидаттардың талаптарына сәйкес мерзімдерде есептілікті/ақпаратты, хаттамаларды және т.б. орналастыру.

Кредиторлар:

қолданыстағы кредиттік келісімдердің талаптарына сәйкес Компания туралы есептерді/ақпаратты ұсыну.

Барлық қаржылық институттар:

Компанияның корпоративтік сайтында, әлеуметтік желілерде туындауына қарай Компания туралы өзекті жария ақпаратты орналастыру – тұрақты негізде;

БАҚ-та жариялау – тұрақты негізде;

маңызды тақырыптарды ашу бойынша сауалнама жүргізу – жыл сайын;

Компания басшылығының конференцияларға, форумдарға және т.с.с. спикерлер/пікірталастырушы ретінде қатысуы арқылы хабарлау – тұрақты негізде.

 

10

Өнім берушілер

Жеткізу желілері мен құнды қалыптастыру тізбегінің тиімділігі

Коммерциялық мүдделер

Компанияның корпоративтік сайтында, әлеуметтік желілерде туындауына қарай Компания туралы өзекті жария ақпаратты орналастыру – тұрақты негізде;

БАҚ-та жариялау – тұрақты негізде;

кездесулер өткізу, іскери хат алмасу – тұрақты негізде;

Компания басшылығының конференцияларға, форумдарға және т.с.с. спикерлер/пікірталастырушы ретінде қатысуы арқылы хабарлау – тұрақты негізде.

 

11

Тұрғындар

Қызметті жүзеге асыратын орындарда қолдау көрсету

Жұмысқа орналасу мүмкіндігі, әлеуметтік бағдарламаларды шешу, Комания қызметінің мөлдірлігі, экологияны қорғау

Компанияның корпоративтік сайтында, әлеуметтік желілерде туындауына қарай Компания туралы өзекті жария ақпаратты орналастыру – тұрақты негізде;

БАҚ-та жариялау – тұрақты негізде;

маңызды тақырыптарды ашу бойынша сауалнама жүргізу – жыл сайын;

ҚР-ның қолданыстағы экологиялық заңнамасына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру аясында қоғамдық тыңдауларға қатысу – қажеттілігіне қарай.

 

12

Қоғамдық бірлестіктер

Қызметте жоғары стандарттарды қолдануға ынталандыру

Адалдық және ынтымақтастық

 

Қоғамдық бірлестіктердің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру

ұжыммен, ЕТҰ-мен, кәсіподақпен жиналыс өткізу («Жыл қорытындылары») – жыл сайын, 31 наурыздан кешіктірмей;

кездесулер өткізу, іскери хат алмасу – тұрақты негізде;

Компанияның корпоративтік сайтында, әлеуметтік желілерде туындауына қарай Компания туралы өзекті жария ақпаратты орналастыру – тұрақты негізде;

БАҚ-та жариялау – тұрақты негізде;

маңызды тақырыптарды ашу бойынша сауалнама жүргізу – жыл сайын;

Компания басшылығының конференцияларға, форумдарға және т.с.с. спикерлер/пікірталастырушы ретінде қатысуы арқылы хабарлау – тұрақты негізде.

13

БАҚ

Сындарлы ынтымақтастық

Жағымды қоғамдық пікір

Компанияның қызметі туралы жарияланымдар және ақпараттандыру, коммерциялық мүдделер

Компанияның корпоративтік сайтында, әлеуметтік желілерде туындауына қарай Компания туралы өзекті жария ақпаратты орналастыру – тұрақты негізде;

баспасөз көнференцияларын өткізу, баспасөз хабарламаларын ұсыну;

маңызды тақырыптарды ашу бойынша сауалнама жүргізу – жыл сайын;

Компания басшылығының конференцияларға, форумдарға және т.с.с. спикерлер/пікірталастырушы ретінде қатысуы арқылы хабарлау – тұрақты негізде;

«Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Ұлттық Банкінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысына сәйкес мерзімдерде есептілікті/ақпаратты, хаттамаларды және т.б. орналастыру.

14

Үлестес тұлғалар

Өзара ынтымақтастық

Коммерциялық мүдделер

Компанияның корпоративтік сайтында, әлеуметтік желілерде туындауына қарай Компания туралы өзекті жария ақпаратты орналастыру – тұрақты негізде;

БАҚ-та жариялау – тұрақты негізде.

15

Рейтингтік агенттіктер, тәуелсіз аудиторлық компаниялар

Өзара ынтымақтастық

Коммерциялық мүдделер

Рейтингтік агенттіктерге:

1) агенттіктердің сұрауларына сәйкес ақпаратты ұсыну – жыл сайын.

Аудиторлық компанияларға:

 1) сұратылатын ақпаратты ұсыну – жартыжылдық негізде.

Барлық стейкхолдерлерге:

1) Компанияның корпоративтік сайтында, әлеуметтік желілерде туындауына қарай Компания туралы өзекті жария ақпаратты орналастыру – тұрақты негізде;

2) БАҚ-та жариялау – тұрақты негізде.

Анықталған маңызды Аспектілер мен Шекаралар

Мүдделі тараптарды талдау аясында Компанияға да, сондай-ақ стейкхолдерлерге де маңызды тақырыптар мен мәселелер сараланады, ол стейколдерлердің басымдықтарын нақты түсіну негізінде олармен өзара сындарды іс-қимылды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Компания үшін де, сондай-ақ стейкхолдерлер үшін де маңызды тақырыптардың шоғырландырылған тізбесі маңыздылық матрицасын білдіреді.

Компанияның стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жасаудан алатын нәтижелері орнықты даму саласындағы тиімді және сындарлы саясаттың іргетасы болып табылады, оның аясында Компания мүдделі тараптардың мүдделері мен Компанияның стратегиялық міндеттері арасындағы оңтайлы балансты сақтай отырып, өндіріс, экологиялық бастамалар, еңбек қауіпсіздігі саласындағы және Компанияның қатысу өңірлеріндегі экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін әлеуметтік саладағы озық тәжірибелерді ендіру арқылы орнықты даму аспектілерін кеңінен қолдануға тырысады.

Компания басшылығы мен мүдделі тараптар өкілдерінің бірлескен жұмысының нәтижелері ретінде есептілік саласындағы Жаһандық бастаманың ұсыныстарын (Global Reporting Initiative, GRI) ескере, сондай-ақ әзірленеген сауалнаманы пайдалана отырып («Самұрық-Энерго» АҚ‑ның орнықты даму саласындағы Нұсқаулықтың 2-қосымшасы), «маңыздылық матрицасы» қалыптастырылды. 

Осы есепте стейкхолдерлер мен Компания үшін барлық маңызды аспектілер ашылды (жоғары маңызды аймақ).

Төменде маңызды тақырыптар мен мәселелерді анықтау кезеңдері сипатталды.

2016–2017 жылдардың маңыздылық матрицасы

  1. Қоршаған ортаны қорғау
  2. Э/э генерациясының сенімділігі мен орнықты дамуы
  3. Әртүрлілік және тең мүмкіндіктер
  4. Энергия тиімділігі
  5. Инновацияларды дамыту мен операциялық тиімділік
  6. Лайықты төлем және өтемақы
  7. Қызметкерлер мен мердігерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығы
  8. Ашық жергілікті қауымдастықтармен өзара әрекеттесу, бағалау және салдарын жұмсарту әдістері
  9. Корпоративтік басқаруды жақсарту
  10. Төтенше жағдайларға дайындық, жергілікті қоғамдастықты тарту тетіктері
  11. Активтердің тұтастығы және өндірістік процестердің қауіпсіздігі
  12. Компанияның беделін көтеру және аймақтағы өзінің қатысуының оң көзқарасы
  13. Адам құқықтары туралы білім беру
  14. Жабдықтаушылардың Қоғамға ықпалын бағалау
  15. Қалдықтарды басқару
  16. Жеткізудің / жауапты сатып алудың маңызды аймақтарында жергілікті жеткізушілерге шығындардың үлесі
  17. Жергілікті тұрғындардың қызметкерлер құрамын көбейту
  18. Аймақтардағы инфрақұрылымға біздің инвестицияларымыздың әсері, соның ішінде жергілікті қоғамдастықты қолдау
  19. Жобаның жергілікті қоғамдастықтарға әсері туралы шағымды қарау механизмдері
  20. Облыстағы тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау
  21. Экологиялық мәселелер бойынша шағым беру механизмдері
  22. Адам құқықтарын бұзуға қатысудың жоқтығы
  23. Жұмыс берушілердің тартымдылығы
  24. Қызметкерлердің жеке және жеке өсуі
  25. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес