Біріктірлген жылдық есеп | «Самұрық-Энерго» АҚ

Аудит

Компанияның ішкі аудиті

Ішкі аудит қызметінің жұмысы кәсіби ішкі аудит тәжірибесінің халықаралық негіздеріне құрылған және Ішкі Аудиттің Халықаралық Кәсіби Стандарттарына сәйкес деп танылған.

Өз дағдыларымыз бен білімімізді қолдана отырып, біз Компания мен оның ЕТҰ-ларында 
тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау, корпоративтік басқару  жүйелерін жетілдіруге бағытталған тәуелсіз және объективті кепілдіктер мен консультациялар ұсыну арқылы Компанияға пайда келтіреміз.   

Қызмет функционалдық бағынуы тұрғысынан Компанияның Директорлар кеңесіне, әкімшілік тұрғыдан Компания Басқармасына есеп береді. Қызметтің жұмысын Аудит комитеті қадағалайды. Қызмет жетекшісі мен мүшелерін Директорлар кеңесі тағайындайды.

2017 жылы Кеңес саны 7 адамнан тұрды.

Ішкі аудиторлар тұрақты түрде үздіксіз кәсіби дамуға көңіл бөледі. Сөйтіп, Қызмет қызметкерлерінің CIA ішкі аудиторының халықаралық сертификаты,  IFA Халықаралық Аудит және Менеджмент Институтының (DipIFA) дипломдары, САР ЕССБА халықаралық сертификаты, Ұлыбритания Қаржы менеджерлері институтының (DipPIA және DiPCPIA) дипломдары бар.

Ішкі аудит қызметінің негізгі функциялары мыналар:

  • Компания мен оның ЕТҰ-ларын корпоративтік басқару, операциялық (өндірістік және қаржылық) қызмет саласындағы, сондай-ақ олардың ақпараттық жүйелеріндегі тәуекелдерді ішкі бағалау тәуекелдерін, барабарлығын және тиімділігін бағалау;
  • Компания мен оның ЕТҰ-ларындағы этикалық стандарттар мен құндылықтарға сәйкес келетін қабылданған корпоративтік басқару қағидаттарын ендіру мен оның сақталуын бағалауды қоса алғанда, Компания мен оның ЕТҰ-ларындағы корпоративтік басқару жүйесіне бағалау (диагностика) жүргізу;
  • Қоғам мен оның ЕТҰ-ларының стратегиялық мақсаттары аясында олардың алдына қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету үшін Компания мен оның ЕТҰ-ларының бөлімшелерінде қолданылатын шаралардың барабарлығын бағалау;
  • Директорлар кеңесіне, Атқарушы органға, Қоғам мен оның ЕТҰ-ларының құрылымдық бөлімшелеріне ішкі бақылауды, тәуекелдерді басқаруды, корпоративтік басқаруды және ішкі аудитті ұйымдастыруды жетілдіру мен ұйымдастыру мәселелері бойынша консультациялар беру.

Тәуекелдерге бағдарланған жылдық аудиторлық жоспарларды Компанияның Директорлар кеңесі қарап, бекітеді.

Барлық жоспарланған аудиторлық тапсырмалар толық көлемде орындалды.

Өзінің функцияларын жүзеге асыру барысында Қызмет Директорлар кеңесіне өзінің кімнің болмасын ықпалына тәуелді емес екенін дәлелдеді.

Қызмет пен оның басшысының НҚК-сі Компанияның стратегиялық мақсаттарын ескере отырып, белгіленеді. Қоғамның Директорлар кеңесі Қызметтің жұмысын «ТИІМДІ» деп бағалады.

Компанияның сыртқы аудиті

Компанияның аудиторлық ұйымын таңдау «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген «Самұрық ---
Қазына» АҚ мен дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың Аудиторлық ұйымды таңдау қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Аудиторлық ұйымды таңдаудағы негізгі критерийлер қызметтің сапасы мен құны болып табылады.

2012 жылдан бастап Компанияның сыртқы аудиторы PricewaterhouseCoopers (бұдан әрі – PwC) фирмалар желісі болып табылады.

PwC дүниежүзілік энергетикалық тобы энергетика саласындағы 4,000 маманның құрамында әлемдік желі арқылы энергетика  нарығының әрбір секторында жұмыс істейтін клиенттерге консультациялық қызмет ұсынуға маманданады. Қазақстандағы PwC қызметкерлерінің барынша қиын әрі техникалық тұрғыдан күрделі  жобалармен жұмыс істеу тәжірибесі бар.

Неғұрлым толық ақпаратты www.pwc.kz сайтынан алуға болады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Аудиторлық ұйымдардың қызметін тарту саласындағы саясатына сәйкес, Компания әр бес жыл сайын аудит үшін негізгі жауапкершілік арқалайтын серіктесті ауыстыру принципін қолданады. 2012 жылдан 2015 жылға дейін аудит үшін Дана Іңкәрбекова  негізгі жауапты серіктес болды. 2016 жылдан бастап – Бауыржан Бұрханбеков.

Мұның үстіне, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында аудиторлық ұйымның қызметкерлерін жұмысқа қабылдау шарттары ерекше. Сонымен, Компанияның міндетті аудитіне Компанияның Басқарма мүшесі, басқарушы директоры немесе бас аудиторы лауазымына тағайындаған (сайлаған) датаның алдындағы екі жыл ішінде аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде екі жыл бойына қатысқан аудиторлық ұйымның қызметкерін тағайындау мүмкін болған жағдайда, мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында Аудит комитетінің алдын ала мақұлдауын алу талап етіледі.

PwC Компанияның мына ЕТҰ-ларында аудит жүргізеді:

Компания

Қызмет түрі

Кезең

«Самұрық-Энерго» АҚ

Холдингтік компания

2008–2010, 2012–2017 жж.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

Алматы қ. мен Алматы облысы үшін электр энергиясын тасымалдау, желідегі электр энергиясын техникалық бөлу қызметі

2010, 
2012–2017 жж.

«Алматы электр станциялары» АҚ

Алматы қ. мен Алматы облысы үшін электр- және жылу энергиясын өндіру

2010, 
2012–2017 жж.

«АлматыЭнергосбыт» ЖШС

Алматы қ. мен Алматы облысы аумағында электр энергиясын сатуды жүзеге асырады

2008–2010, 2012–2017 жж.

«Шардара СЭС» АҚ

Электр энергиясын өндіру

2007 ж.

«Мойнақ СЭС» АҚ

Шарын өзенінде су электр станциясын салу

2008, 
2012–2017 жж.

«Маңғыстау электртораптық бөлу команиясы» АҚ

Маңғыстау облысының мұнай және басқа компанияларына электр энергиясын тасымалдау, желідегі электр энергиясын техникалық бөлу, сонымен қатар шалғай ауылдық аудандарға электр энергиясын сату бойынша қызмет

2008–2010, 2012–2016 жж.

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ

«Богатырь» және «Северный» көмір кесіктерінде өндірілетін көмір негізінде электр және жылу энергиясын өндіру

2005–2009 жж.

«Шығыс Қазақстан аумақтық энергетикалық компаниясы» АҚ

Электр энергиясын жеткізу және тарату

2012–2017 жж.

«Богатырь Көмір» ЖШС

«Богатырь» және «Северный» көмір кесіктерінде ашық тәсілмен тас көмір өндіру

2008–2010, 2012–2017 жж.

Аудиторлық ұйымға аудиторлық қызмет үшін және 2017 жылғы қаржылық есептілікке байланысты емес жеке қызмет үшін төленген сыйлықақы:

Қызмет

2017 жыл

Аудит

27 499 808 теңге

Оқыту

7 829 248 теңге

Тәуелсіз аудитордың қорытындысы

«ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС сыртқы аудиторының пікірінше, шоғырландырылған қаржылық есептілік «Самұрық-Энерго» АҚ мен оның еншілес компанияларының 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша барлық маңызды қарым-қатынастарындағы қаржылық жағдайын, сонымен қатар оның жыл ішіндегі аталған  күні аяқталған қаржылық нәтижелері мен ақшалай қаражатының қозғалысын дұрыс көрсетеді