Біріктірлген жылдық есеп | «Самұрық-Энерго» АҚ

Есеп туралы

Компания өз қызметінде орнықты даму қағидаттарын ұстанатындығын мәлім етеді. Осы Есепті әзірлеуде мүдделі тараптардың ұсыныс-пікірлері ескерілді, сондай-ақ G4 Орнықты даму саласындағы есептілік жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес барлық негізгі аспектілер қамтылды. Бұған қоса «Есептегі стандартты элементтердің орналасуын көрсететін кесте Нұсқаулыққа сәйкес әзірленген Есептің негізгі нұсқасы үшін GRI мазмұнының көрсеткіші қоса ұсынылып отыр. Компания Есеп мазмұны мен сапасына қатысты төмендегідей қағидаттарды ұстанады

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл және маңыздылық

Кәсіпорынның Директорлар кеңесі бекіткен  «Самұрық-Энерго»  АҚ Орнықты даму жөніндегі нұсқаулығына сәйкес есепті жариялаудың маңызды аспектілері анықталып, басты тақырыптар нақтыланды. Осы есеп «Есептілік бойынша ғаламдық бастама» (бұдан әрі – G4 нұсқасының GRI) есебін дайындау қағидаттарын ескере отырып, электр энергетикасы (Electric utility, EU) саласындағы GRI салалық хаттамасына, БҰҰ Жаһандық шарты есептілігінің талаптарына, сондай-ақ Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкес  әзірленді. Компания жыл сайын өзінің стейкхолдерлері үшін толық шынайы және маңызды ақпарат әзірлеу мақсатында мүдделі тараптар картасын және маңыздылық матрицасын өзектендіріп отырады. 

Орнықты даму мәнмәтіні

Есеп Компанияның экономикалық, экологиялық, әлеуметтік аспектілерге қатысты өзіндік үлесі туралы ақапарат береді.

Толықтық

Есеп көрсеткіштері мен мазмұны Компанияның экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға қатысты үлес-қызметін толық көрсету үшін жеткілікті болып табылады.

Теңгерімділік

Осы Есепте Компанияның есепті жыл ішіндегі жұмыс нәтижелерінің оң және теріс аспектілері толық көрсетіледі.

Салыстырмалылық

Осы Есепті пайдаланатын мүдделі тұлғалар Компанияның қаржылық және өндірістік көрсеткіштері туралы ұсынылған ақпаратты өткен кезеңдегі нәтижелермен және оның мақсаттарымен салыстыра алады.

Дәлдік

Есепте ұсынылған ақпарат мүдделі тараптардың осы есепті кезең ішіндегі Компания қызметінің нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретіндей деңгейде дәл және толық болып табылады. Ақпарат сапалық сипаттаулар ғана емес, сандық деректермен де көрсетілген.

Уақытылы орындалуы

Есеп жыл сайын, ағымдағы жылдың 30 шілдесіне дейін ұсынылады, бұл  осы Есепте көрсетілген ақпараттың өзектілігін бағалауға мүмкіндік береді. Есеп корпоративтік веб-сайтта қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде барлық стейкхолдерлердің назарына бірдей уақытта ұсынылады.

Ашықтық

Есепте берілген ақпарат мүдделі тұлғаларға түсінікті және қол жетімді нысанда баяндалған.

Сенімділік

Осы Есепті әзірлеу кезеңінде ұсынылған ақпарат алдын ала талданып-сараланып және мүдделі тараптардың осы есепті тексеруге және оның мазмұнының шынайлық деңгейін бағалауға мүмкіндік беретіндей нұсқада жария етілді.

Деректер жыл сайын мемлекеттік органдарға ұсынылатын ресми есептілік мазмұнына негізделіп әзірленді. Бірқатар көрсеткіштер ішкі аудит рәсімдері аясында компанияның жауапты өкілдері тексеретін ішкі есептілік нысандарына сәйкес жинақталды және есептелді.

Қоғам Есебінде көрсетілген өндірістік, әлеуметтік және экологиялық көрсеткіштерді есепке алу, жинақтау және біріктіру Орнықты даму саласындағы есептілік бойынша нұсқаулық пен Қоғамды корпоратвитік басқару рәсімдерінің қағидаттарына мен талаптарына сәйкес жүргізілді Орнықты даму саласындағы көрсеткіштердің әр санаты бойынша сандық мәліметтердің қате берілу ықтималдығы барынша азайтылды. Сандық мәліметтер жалпыға бірдей қабылданған өлшем бірліктерін пайдалану арқылы көрсетілген және стандартты коэффиценттердің көмегімен есептелді.

Есеп барлық мүдделі тараптарға 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы жағдай бойынша «Самұрық-Энерго» компаниялар тобы қызметінің нәтижелері мен жетістіктеріне шолу ақпаратын электронды нұсқада, қағаз жеткізгіште немесе онлайн нысанында ұсынады. Компанияның өткен жылғы Біріктірілген жылдық есебінің жарияланған күні – 2017 жылғы 1 маусым.

Есептің қамту саласы мен шекараларын шектеу

Қоғамның осы Есепте көрсетілген 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 2017 жылғы және 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 2016 жылғы есебі ТОО «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС («PwC») тәуелсіз аудитінің нәтижесі болып табылады.

Осы Есеп аясында компанияның экономикалық қызметі, орнықты даму, қаржы-операциялық нәтижелер бойынша ақпарат келтірілген. Ақпарат пен сандық мәліметтер 2017 жылды қамтиды, көрсеткіштер бойынша берілген ақпаратты салыстыру және талдау жасау үшін қолдануға болатын тұстарда 2015 және 2016 жылдардың да деректері пайдаланылды.

Компанияның 2017 жылғы аудит өткізілген шоғырландырылған қаржылық есептілігінде төмендегідей ЕТҰ қызметтерінің көрсеткіштері пайдаланылды:

«АлЭС» АҚ (100%), «АЖК» АҚ (83,56%), «Шардара СЭС» АҚ (100%), «ГРЭС-1» ЖШС (100%), «Мойнақ СЭС» АҚ (100%), «ПВЭС» ЖШС (100%), «Samruk-Green Energy» ЖШС (100%), «EWP» ЖШС (100%), «Шүлбі 
СЭС» АҚ (92,14%), «Бұқтырма СЭС» АҚ (90%), «Усть-
Каменогорская ГЭС» АҚ (89,99%), «Казгидротех---
энерго» ЖШС (100%), «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС (100%), «Energy Solutions Center» ЖШС (100%), «Энергия Семиречья» ЖШС (51%), Forum Muider (50%), 
«ГРЭС-2» АҚ (50%), «БТЭС» АҚ (49,99%).

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Есепте болашаққа қатысты келтірілген мәліметтер болжамдық сипаттағы ақпаратқа негізделген. «Жоспар» мақсатындағы «санайды», «болжайды», «күтеді», «бағалайды», «көздейді», «жоспарлайды» секілді сөздер мен осы мазмұндас сөздер ақпараттың болжамдық мағынада екенін көрсетеді. Нақты нәтижелердің жоспарлы және мақсатты көрсеткіштерден, күтілетін нәтижелерден, болжамды мәлімдемелердегі бағалар мен ниеттерден айтарлықтай айырмашылықтары болуы мүмкін. Болжамдық мәлімдемелер Есеп жарияланған күнге ғана жарамды. Компания болжамды мәлімдемелердегі күтілетін қызмет нәтижелеріне іс жүзінде қол жеткізілетініне кепілдік бермейді, сондықтан олар неғұрлым ықтимал немесе типтік сценарий ретінде қаралмайды және қарала алмайды