Біріктірлген жылдық есеп | «Самұрық-Энерго» АҚ

«ЭКОНОМИКАЛЫҚ» санат

«Сенімділік және электр энергиясын өндіруді орнықты дамыту» аспектісі

Электр энергетикасы – экономиканың барлық қалған секторларын электрмен және жылумен қамтамасыз ететін негізгі инфрақұрылымдық сала. Энергияны тұтынумен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейі де, әр адамның өмірі де тікелей байланысты. Компания электр энергиясына сұранысты қанағаттандыруда өзіндік орынға ие және сәйкесінше өзінің басым міндеттерінің бірі ретінде ұзақ мерзімді даму стратегиясында электр энергиясын өндіруді жоғары технологиялық дамытуды қояды. Бұл дегеніміз - жаңа қуаттарды салу бойынша инвестициялық бағдарламаны іске асыру да, қоршаған ортаға әсерді азайту да және энергия тиімділігін арттыру технологияларын қолдана отырып, ағымдағы жабдықтарды қайта құру да, сондай-ақ бұл ЖЭК-өндіруді қарқынды даму бойынша міндеттер де, ауқымды трансформация да және бұл – операциялық тиімділікті арттыру да болып табылады.

Энергия қауіпсіздігі бойынша елдік міндетті орындау мақсатында тұрақты негізде ЭӨЖ жабдықтарының берілген жүктемелерді көтеру үшін техникалық дайындығын (оның ішінде жоспарлы тоқтатуды және ҚҚжЖ өткізу) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіледі. «Самұрық-Энерго» АҚ тобының ағымдағы, жаңа және әлеуетті тұтынушыларына талдау, жоспарлау және жедел түрде станциялардың дайындығын қамтамасыз ету бөлімінің деректерімен синхрондау жүргізіледі.

Компания тұрақты негізде ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Жұмыс тобының басқа өкілдерімен бірлесіп электр қуатының нарығы, экология және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша жұмыстарды жүрізуде.

Компанияның экспорттық жеткізілімдер мәселелері бойынша ұстанымын қалыптастыру аясында мына бағыттар бойынша жұмыстар жүргізеді:

ЕАЭК-тың Ортақ электр энергетикалық нарығын (ЕАЭК ОЭН) құру.

ТМД ЭЭК Ортақ электр энергетикалық нарығын құру.

ЕАЭК ОЭН-ді құру бойынша ұсыныстарды әзірлеу аясында Компания ЕАЭК ОЭН-ді құру жөніндегі кіші комитет пен Еуразия экономикалық комиссияның (бұдан әрі - ЕЭК) алқасы жанындағы Электр энергетикасы жөніндегі консультативтік комитеттің отырыстарына қатысты.

«Инновациялық және операциялық тиімділікіті дамыту» аспектісі

Компанияның ұзақ мерзімді Даму стратегиясы Қазақстан Республикасының экономикасын көміртексіздендіру, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер саласындағы құзыреттің дамуымен қамтамасыз етілген технологиялық тиімділік есебінен өндіруші қуаттардың жұмысын оңтайландыру жөніндегі міндетті шешуді көздейді.

Компанияның негізгі энергия өндіруші көздеріне арналған отын Екібастұз кен орнының күлі көп көмірі болып табылады.

«Назарбаев Университеті» АБҰ-мен ынтымақтасып, отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды әрі экологиялық тұрғыдан жауаптылықпен пайдалануды қамтамасыз ету үшін «Екібастұз кен орнының №3 қыртысының күлі көп көмірі мен жанғыштығы азайған көмірді/көмірді байыту қалдықтарын жағуға арналған қазандықтар агрегаттарының от жағу құрылғыларының технологияларын әзірлеу» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысы орындалуда.

Аталған ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу мақсатында «Nazarbayev University Research and Innovation System» ЖМ аумағында ғылыми-зерттеу зертханасын құрылды.

Жұмыс күлі көп көмірді жағу бойынша эксперименттік құрылғыларды құруды көздейді. Жұмыс нәтижелері бойынша ҚҚ (қайнау қабаты) немесе АҚҚ (айналма қайнау қабаты) өнеркәсіптік құрылғысының газды динамикалық процесінің технологиялық моделі әзірленеді және ҚҚ мен АҚҚ қазандықтары бар ЖЭС-ті салуға техникалық-экономикалық талдау жасалады.

Экономкиалық салаларды цифрландыру жөніндегі тасырма аясында Компания «Цифрлы электр станция» және «Цифрлы кесік» жобаларын іске асыруға бастама жасады.

Бірінші жоба бойынша «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС негізінде цифрлы электр станциясын құру болжанады, мұнда өнеркәсіптік деректер, жабдықтың математикалық модельдері, аналитикалық алгоритмдер жиналып, өңделетін болады, сондай-ақ негізгі және қосымша жабдықтың техникалық жағдайына нақты уақыт режимінде қашықтан мониторинг және диагностика жүргізіледі. Бұл электр станциясының энергия блоктары жұмысының режимін оңтайландыруға, қауіпті және еңбекті көп қажетсінетін учаскелерде адам факторын азайтуға ықпал етуге, өндіріс және басқару процестерінің жеделдігі мен икемділігін арттыруға, өнімділікті, жабдықтың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Екінші жоба бойынша көмірді өндіру мен түсіру, «Богатырь Көмір» ЖШС-да көмір кесігінің цифрлы деректерін нақты уақыт режимінде өңдеу және талдаудың өндірістік процестерін басқару бойынша бірыңғай автоматтандырылған жүйе құру болжанады. Бұл карьерлік техниканың өнімділігіне аттыруға, энергия ресурстарын тұтыну мен көмір өндірудің өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік береді.

Компанияның жылу электр станцияларында мазут шығынын болдырмау, күлі көп көмірді жағу кезінде жүктемелер төмен болған жағдайда көміртозаңды факелдің жануын тұрақтандыру мақсатында қазандық агрегаттарын мазутсыз жағу технологиясын (плазмалы отындық жүйесін) ендіру жобасын әзірлеп, іске асыру жоспарланады. Жобаны іске асыру электр станцияларының техникалық-экономикалық және экологиялық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.

«Энергия тиімділігі» аспектісі

Компания Басқармасының шешімімен Энегияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағдарламасы бекітілді.

Бағдарлама энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жоспарлап, жүзеге асыру үшін негіз қалаушы құжат болып табылады.

Аталған бағдарламаның мақсаты инновациялық технологияларды қолдану арқылы отын-энергетикалық ресурстарды тиімді және экономикалық тұрғыдан мақсатты пайдалану бойынша шаралар әзірлеу болып табылады.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жүргізілетін жұмыс аясында бекітілген жоспарларға сәйкес іс-шаралар жүзеге асырылады. Жылдың қорытындылары бойынша отын-энергетикалық ресурстарды тұтынуды азайтуға бағытталған 69 шара орындалды.

Ұйым ішінде энергия тұтыну

2014–2016 жылдар кезеңінде жалпы отын тұтынудың азаюы байқалады. 2017 жылдың қорытындылары бойынша отын (көмір, газ) тұтынудың өсуі «ЕГРЭС-1» ЖШС электр энергиясын өндірудің артуына (РФ-ға экспорттау), сондай-ақ 2016 жылы жаңа № 3 турбиналық агрегатты іске қоса отырып, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ белгіленген қуатын арттыруға байланысты.

Ұйым ішінде тұтыну

2014ж.

2015ж.

2016ж.

2017ж.

Отынды жалпы тұтыну, 106 ГДж, оның ішінде:

272,6

225,4

225,5

285,2

көмір

244,4

199,1

196,1

254,8

газ

24,7

23,6

27,3

28,4

мазут

2,0

1,3

0,8

0,7

бензин

0,3

0,3

0,3

0,2

дизель

1,3

1,1

1,0

1,1

Электр энергиясын жалпы тұтыну, 103 млн. кВт*сағ

3,9

3,5

3,5

3,6

Жылу энергиясын жалпы тұтыну, 106 ГДж

3,7

3,0

2,7

2,6

Энергияны жалпы тұтыну, 106 ГДж

17,7

15,8

15,3

15,6

Негізгі 2014 жылға қарағанда жалпы жылдар бойынша энергия тұтынудың азаю үрдісі байқалады.

2016 жылмен салыстырғанда мотор отынын (бензин) тұтыну 15%-ға азайды, бұл автокөліктің бір бөлігін газға ауыстырумен байланысты. Мазутты тұтынудың 12%-ға азаюына «ЕГРЭС-1» ЖШС резервтен энегия блоктарын іске қосу санын азайту, сондай-ақ «АлЭС» АҚ ЖЭО-1-ге газ жеткізуді тұрақтандыру есебінен қол жеткізілді.

Энергия сыйымдылығы

2017 жылдың қорытындылары бойынша, Компанияның жалпы тауар өнімінің энергия сыйымдылығы 29 ш.т.к./млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда электр энергиясын өндірудің 28%-ға артуына және активтердің істен шығуына (МЭБК мен ШҚАЭК-ны жекешелендіруге) байланысты.

Аталған көрсеткішті есептеген кезде  ұйым ішінде отын-энергетикалық ресурстарды тұтыну көлемі, сондай-ақ өндірілген жылу және электр энергиясының, жеткізілген электр энергиясының, өндірілген көмірдің көлемі қолданылды.

отынның шартты тоннасы/млн. теңге