Біріктірлген жылдық есеп | «Самұрық-Энерго» АҚ

«ЭКОЛОГИЯЛЫҚ» санат

В 2016 жылы Environmental Performance Index (EPI) рейтингіне сәйкес, Қазақстан 180 елдің ішінде 69 орынды иеленді. Бұл – Қазақстан үшін мемлекеттік экологиялық саясатқа ендіруді қажет болатын әлемнің үздік экологиялық стандарттарына жақындау жолындағы қауіп-қатерлер ауқымының жақсы мысалы.

Компания орнықты даму қағидаттарына адал болып қала береді, қатысу өңірлерінде экологиялық жағдайдың барынша маңыздылығын және өзінің еншілес ұйымдарының өндірістік қызметінің қоршаған ортаға тиетін теріс әсері үшін қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін түсінеді.

Экологиялық аспектіні басқару үшін Компанияда экологиялық менеджмент жүйесі (ЭМЖ) құрылды, ол корпоративтік басқару жүйесінің құрамдас бөлігі және қаржылық емес тәуекелдерді басқару жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Компаниядағы ЭМЖ тәуелсіз консультанттарды тарта отырып, озық әлемдік тәжірибелерге сәйкестікті үнемі бағалап отырады және бірте-бірте жетіліп келеді.

Өндірістік қызметті жүзеге асыратын «Самұрық-
Энерго» АҚ-ның барлық компаниялар тобында «Экологиялық менеджмент» ISO 14001 стандарты енгізілді.

Бар тәжірибені және қабылданатын технологиялардың ерекшелігін, отынның қолжетімді түрлерін, климатымыздың ерекшеліктерін, сондай-ақ басқа да бірқатар ынталандырушы және көбінесе тежегіш факторларды ескере отырып, біз Компанияның орнықты даму саласындағы саясатының бір бөлігі болып табылатын кешенді ұзақ мерзімді бағдарлама ретінде экологиялық саясатты құрдық.

Компанияны дамытудың басым бағыттары мен табиғатты қорғау саласында қызметінің мақсаттары Қоғамның ұзақ мерзімді Даму стратегиясында және Экологиялық саясатында көрсетілді.

Ұйымның климаттың өзгеруімен байланысты қызметіне қатысты қаржылық аспектілер және өзге де тәуекелдер мен мүмкіндіктер

Атмосферадағы парниктік газдардың шоғырлануының өсуі салдарынан климаттың өзгеруі негізгі климаттық қауіптердің бірі болып танылады. Энергияға көшудің тиімді стратегиясын әзірлеу, яғни барынша тиімді, экологияға зиян келтірмейтін технологияларды пайдалану мәселелері Қазақстан Республикасы үшін жүйелік міндет болып табылады.

Оның үстіне, 2015 жылы желтоқсанда Парижде БҰҰ КӨНК–СОР-21 тараптарының конференциясы аясында қабылданған және 2016 жылғы 4 қарашада күшіне енген Климат жөніндегі Париж келісімі Киота хаттамасының орнын ауыстырды. Париж келісімін 170 ел, соның ішінде Қазақстан да бекітті. Келісімнің мақсаты –ғаламдық орташа температураның өсуін 2 °C-дан «әлдеқайда төмен» ұстау және шамасы 1,5 °C мөлшердегі температураның өсуін шектеуге «күш салу».

Қазақстан 1990 жылғы негізгі деңгейден 2030 жылға қарай (яғни 2020 жылдан 2030 жылға дейін) шартсыз мақсаты – 15% және шартты мақсаты – 25% түрінде парниктік газдардың шығарындыларын шектеу немесе азайту бойынша өзінің болжамды үлесін мәлімдеді.

Кез келген халықаралық экологиялық келісімдер мен конвенциялар – бұл бизнес үшін үнемі жаңа және кейде өте өршіл мақсаттар, ал Климат жөніндегі Париж келісімі – Қазақстанның көміртекті көп қажет ететін экономикасы үшін атарлықтай қауіп-қатер болып табылады. Бірақ екінші жағынан, Қазақстанның жаңартылатын энергия көздері секторына инвестиция тарту мүмкіндігі бар: сарапшылардың болжалды бағасы «Париж» қаржыландыруы есебінен дамушы елдерде ЖЭК-терге салынатын инвестициялар 30-50 пайызға өсуі ықтимал екенін көрсетеді

Қазақстанда 2013 жылы парниктік газдардың (ПГ) шығарындыларыларын реттеу үшін парниктік газдар шығарындыларын квоталау жүйесі (ШКЖ) ендірілді. 2016 жылы бұл жүйе квоталаудың алдағы екі кезеңінде анықталған сәйкессіздіктер мен қайшылықтарды 2018 жылға дейін түзету және жою үшін тоқтатылған болатын.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Экологиялық кодексінің «Парниктік газдардың шығарындыларына арналған квоталарының» 94-2-бабы күшіне енді. Квоталаудың келесі кезеңі үш жылдық кезең анықталды – 2018–2020 жылдар. Квоталарды бөлудің Ұлттық жоспарына электр энергетикасы, металлургия, мұнай-газ, кен өндіру, химия және өңдеу салалары секілді экономика секторларынан 225 құрылғы кірді.

Құрылғылардың операторларына квоталарды бөлу әдісін тандау ұсынылды: негізгі желіні қолдану негізінде немесе парниктік газдар шығарындыларының шекті коэффициенттері негізінде (ШШК әдісі). Екі әдістің те өндірістің тарихи көлемін (2013–2015 жж.) ескеретіндігінен және тиісінше ПГ шығарындыларына квота бөлудің Ұлттық жоспары күшінде болатын кезеңде өндірілетін өнімнің көлемін арттыру бойынша компаниялардың жоспарларын ескермейтіндігінтен, квота бөлінетін құрылғылардың операторлары үшін тәуекелдер бар.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның ЕТҰ-лары арасында квота бөлінетін құрылғыларға «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «АлЭС» АҚ, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ және «Богатырь Көмір» ЖШС жатады. 

Қазіргі таңда Компанияның квота бөлінетін құрылғылары станциялардың энергия тиімділігін арттыру үшін бірқатар іс-шараларды атқарады, сондай-ақ ПГ эмиссияларын азайтуға бағытталған заманауи технологиялар қарастырылады, бұл квота бөлудің 3-ші кезеңінің аяқталуына қарай, яғни 2020 жылдың аяғына қарай квоталар шектелімдерінің асып кету тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

Бұған қоса, біз ЖЭК жобалары аясында (ҚР ЭК 94-10-бабы) ПГ шығарындыларын азайту бойынша ішкі жобалар деп аталатын жобаларды іске асыру мүмкіндігін пайдалануды жоспарлаймыз.

Жұмсалған материалдар

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның энергия өндіруі – отын өндірісінің, су энергетикасы мен жаңартылатын энергетиканың «үштағаны» болып табылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның дәстүрлі, яғни энергияны отынмен өндіру көмір, мазут және газ сияқты отын түрлерін жағу есебінен жүзеге асырылады.

2017 жылдың қорытындылары бойынша дәстүрлі энергия өндіру үлесіне компания тобының жалпы электр энергиясын өндіру көлемінің 88%-ы келеді, ол 2016 жылға қарағанда 4%-ға артық. 

«Таза» энергия көздері туралы айтатын болсақ, 2017 жылы СЭС-тегі өндіру үлесі 4%-ға азайды, ал ЖЭК-тің үлесі шамамен сол деңгейде қалды.

Генерация түрлері бойынша

Жұмсалған материалдар (тонна)

 

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

Көмір

13 014

2 779 658

6 009 109

6 677 558

6 999 479,5

Мазут

0

29 114

56 783

58 601

81 776

Газ

0

559 160

609 361

609 832

599 720

ДО

184

13 634

19 987

21 499

23 036

Бензин

313

3 888

4 585

4 712

6 146

 

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

Көмір

12 909 236

14 834 866

11 852 922

11 834 484

15 350 595

Мазут

12 721

51 000

21 606

19 894

21 092

Газ

500 531

657 509

623 548

794 806

831 593

ДО

24 003

23 172

21 105

18 557

20 731

Бензин

6 227

6 118

5 774

5 319

4 732

Суды тұтыну

Суды тұтыну қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкестікте жүргізіледі, яғни «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниялары су алуды суды пайдалануға және суды тұтынуға қолда бар рұқсаттарына сәйкес жүзеге асырады. 
Су қоймаларын толықтыру, буды салқындату, күлді жерлерді суландыру, күл үйінділерінде судың деңгейін сақтау сияқты мақсаттар үшін қолданылады, ал СЭС-тер судың салмағын энергия көзі ретінде пайдаланады.

Энергия көздері бойынша бөлгенде алынатын судың жалпы мөлшері, мың м3

 

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

Алынатын судың жалпы көлемі:

696

74 588

131 732

12 921 796

15 877 253

беткі су объектілерінен

12

7 071

72 541

12 862 314

15 817 555

жер асты су көздерінен

19

4 790

4 214

4 431

5 508

басқа ұйымдардың ағын сулары

1,55

126

389

415

547

муниципалдық және өзге жүйелерден

665

62 727

54 976

55 048

54 191

Бірнеше рет немесе қайта пайдаланылған су көлемі

132

63 071

833 433

766 534

781 088

 

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

Алынатын судың жалпы көлемі:

13 007 836

15 930 525

13 578 720

9 671 594

10 313 409

беткі су объектілерінен

12 953 121

15 879 552

13 527 569

9 798 145

10 261 611

жер асты су көздерінен

5 530

5 690

7 237

6 817

6 858

басқа ұйымдардың ағын сулары

497

445

444

406

399

муниципалдық және өзге жүйелерден

49 184

45 283

43 914

44 765

44 940

Бірнеше рет немесе қайта пайдаланылған су көлемі

2 461 874

2 591 087

2 126 698

2 921 806

2 663 002

Атмосфераға тасталатын шығарындылар

Отын электр станцияларына тән негізгі ластағыш заттар – азот тотықтары, күкірт тотықтары, көміртек тотықтары, ұшпа күл.

2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда электр энергиясын өндіру көлемі 27%-ға ұлғайды, сәйкесінше жалпы шығарындылардың көлемі ұлғайды. Компания тобы бойынша 2017 жылы жалпы шығарынды 264,3 мың тоннаны құрады, бұл 2016 жылға қарағанда 21%-ға артық.

Табиғатты қорғау іс-шараларының кешенді бағдарламаларын іске асыру және ЖЭК пен СЭС объектілерінде өндіру көлемін ұлғайту Компания өндірген өнімнің бір бірлігіне ластағыш заттардың салыстырмалы шығарындыларының азаюын қамтамасыз етті. 

ЕГРЭС-1 мен ЕГРЭС-2-нің барлық энергия блоктарында жаңа буынды электр сүзгілері, сондай-ақ АлЭС станцияларында дымқыл күлді тұту эмульгаторлары іске қосылған соң атмосфераға щығарылатын шығарындылардың азаюында оң үрдіс байқалады. 2009 жылдан 2017 жылға дейінге кезеңде барлық күл шығарындылары 3 есеге азайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның компаниялар тобы бойынша өндірілген өнімнің көлемі

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның компаниялар тобы бойынша Жалпы шығарынды көлемі

Компанияның жиынтық шығарындыларындағы ЕТҰ-ның үлесі «Генерация» секторы

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша ЗВ салыстырмалы шығарындылары, г/кВт•сағ /em>

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның барлық күл шығарындыларының тренді, 2009–2017 жылдар

Атмосфераға тасталатын NOx, SO2 және басқа да маңызды ластағыш заттардың шығарындылары

 

 

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

NOx

мың тонна

Болмашы

14,0

25,4

28,8

29,5

SO2

мың тонна

45,1

67,5

77,8

72,1

мың тонна

0,8

5,3

2,0

1,4

Қатты бөлшектер

мың тонна

18,1

95,8

23,1

21,0

СОЗ

тонна

ЛОС

тонна

62,4

53,96

52,8

53,64

78,1

СО2

мың тонна

3 821,16

3 586,75

16 076,4

20 520,6

18 638,5

 

 

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

NOx

мың тонна

69,5

65,2

52,9

54,7

66,4

SO2

мың тонна

162,6

143,4

125,8

132,9

160,4

мың тонна

2,2

2,2

2,6

2,8

3,14

Қатты бөлшектер

мың тонна

51,7

35,9

30,1

28,0

34,4

СОЗ

тонна

ЛОС

тонна

99,13

139,17

133,1

115,4

245,6

СО2

мың тонна

32 156,6

30 298,6

25 039,7

24 150,66

29 839,62

Ағынды су төгіндісі

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның І санатты өнеркәсіптік объектілерінде табиғи объектілерге ағынды суларды төгу жұмыстары жүргізілмейді. Ағынды суларды жинақтаушы ретінде жер асты суларына тигізетін теріс әсерді болдырмау үшін құрылыс нормаларының барлық талаптарына сәйкес келетін жасанды құрылыстар қолданылады.

Барлық ЕТҰ-ларда судың айналмалы жүйесі қолданылатынын ескерсек, ағынды сулардың көлемі болмашы ғана (жиналатын су көлеміің 1%-ынан аз). Ағынды сулар жинақтаушыларға төгілгенге дейін талап етілетін көрсеткіштерге дейінгі қажетті тазартудан өтеді. Ағынды сулардың бір бөлігі қалалық кәріз желілеріне тікелей жіберіледі, одан соң муниципалдық тазарту құрылғыларында тазартудан өтеді

 

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

Ағынды сулардың көлемі

1 521,786

4 274,101

29 295,297

16 600,016

15 718,573

 

 

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

Ағынды сулардың көлемі

59 440,511

48 675,118

46 345,592

64 842,095

60 144,078

Маңызды айыппұлдардың ақшалай мәні және қаржылық емес санкциялардың жалпы саны

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде мемлекет тарапынан инспекторлық экологиялық тексерулер көзделген, оның нәтижелері бойынша заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін айыппұл салынуы мүмкін. 2017 жылы айыппұл едәуір соманы  - шамамен 12,5 млн. теңгені құрады.

 

Өлш. бірл.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

Едәуір айыппұл сомасы

мың теңге

797,492

2 610,343

748,9

29 818,07

8 031,715

Қаржылық емес санкциялар

оқиғалар саны

Дауды шешу тетігі пайдаланылған істер

мың теңге

 

Өлш. бірл.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

Едәуір айыппұл сомасы

мың теңге

11 651,23

6 920,808

115 393,4

10 587,4

12 596,25

Қаржылық емес санкциялар

оқиғалар саны

Дауды шешу тетігі пайдаланылған істер

мың теңге

Түрлері бойынша бөлгенде ҚОҚ-қа жұмсалған жалпы шығындар мен инвестициялар

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның І санатты әрбір ЕТҰ-сында («Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «АлЭС» АҚ, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ және «Богатырь Көмір» ЖШС) уәкілетті органмен келісілген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары бар, оны орындау арнайы табиғатты пайдаланудың міндетті шарты болып табылады.

 

 

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

Барлығы

мың теңге

17 821,5

1 238 050,4

6 299 217,2

4 978 326,9

5 599 315,6

Қалдықтарды пайдалануға, шығарындыларды тазартуға, сондай-ақ экологиялық зияндарды жоюға байланысты шығындар

мың теңге

16 184,5

1 218 044,6

6 279 705,4

4 925 625,7

5 549 652,7

Қоршаған ортаға әсерді болдырмау үшін және экологиялық менеджмент жүйесіне жұмсалған шығындар

мың теңге

1 637

20 005,7

19 511,9

52 701,2

49 662,8

 

 

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

Барлығы

мың теңге

7 106 406

9 156 251,6

3 193 912,4

1 197 259,2

2 213 407,5

Қалдықтарды пайдалануға, шығарындыларды тазартуға, сондай-ақ экологиялық зияндарды жоюға байланысты шығындар

мың теңге

3 769 515

9 028 699,6

2 877 691,9

825 732,8

1 825 147

Қоршаған ортаға әсерді болдырмау үшін және экологиялық менеджмент жүйесіне жұмсалған шығындар

мың теңге

3 336 891

127 552

316 220,5

160 383,4

388 260

2017 жылы Компанияның қоршаған ораны қорғауға жұмсалған шығындары мен инвестициялары 2,2 млрд. теңгені құрады.

Қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерді мүмкіндігінше азайту мақсатында мынадай іс-шаралар орындалды:

«ЕГРЭС-1» ЖШС:

  • –    күлді тұту коэффициенті 99,6% болатын «Lodge Cottrell» (Корея) және «Alstom» (Франция) заманауи электр сүзгілерін орнату. Түтін газдарын тазарту тиімділігі 99,6%-ға дейін өсті, жаңа электр сүзгілері орнатылғаннан кейін тозаңдылық көрсеткіштері 
1 620 мг/Нм3-ның орнына 300–400 мг/Нм3 құрайды. 2013 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі кезеңде күлдің салыстырмалы шығарындылары 
2,47 г/кВт•сағ-тан 1,29 г/кВт•сағ-қа дейін төмендеді.
  • –    төмен эмиссиялық турбуленттік жанарғыларды орнату;
  • –    суды химиялық тазарту құрылғысын қайта құру;
  • –    ТӨҚ жүйесін жөндеу;
  • –    аумақты абаттандыру және көгалдандыру.

«ЕГРЭС-2» АҚ:

  • –    жұмыс істейтін екі энегия блогында күл тұту коэффициенті 99,4–99,6% болатын «Alstom» (Франция) электр сүзгілерін орнату (орнатқанға дейін – 88%);
  • –    құрғақ күл құрылғысын салу;
  • – ОКЦ-ға отынды жеткізу жолының аспирацилық құрылғыларын жөндеу;
  • –    жағу құрылғыларын жөндеу;
  • –    ТӨҚ жүйесін жөндеу;
  • –    шаруашылық-тұрмыстық кәріздің тазарту құрылғыларын қайта құру;
  • –    аумақты абаттандыру және көгалдандыру.

«АлЭС» АҚ:

  • –    күл құбырын жөндеу және ауыстыру бойынша іс-шараларды жаппай атқару;
  • –    қазандық агрегатына күл тұту деңгейі кемінде 99,4% болатын жаңа буынды эмульгаторларды орнату; 
  • –    Техникалық регламент талаптарына сәйкес, азот тотықтары эмиссияларының деңгейіне сәйкес келу мақсатында төмен эмиссиялы жағу құрылғыларын орнату, бұл күл шығарындыларын (1-ші қазандық агрегаты) 0,11 г/сек-ке, NOx – 0,6 г/сек-ке, SO2 –  0,8 г/сек-ке азайтуға мүмкіндік берді;

«ЕГРЭС-2» АҚ, «ЕГРЭС-1 ЖШС», «АлЭС» АҚ күл үйінділерінде:

  • –    күл үйінділерінің падаланылған бөліктерін қалпына келтіру, күлді жерлердің күлін басу.

«Богатырь Көмір» ЖШС:

  • –    сыртқы жыныстар үйінділеріндегі аршыма тау жыныстарын қаттау көлемін азайту, бұл тотығу-қалпына келу процестерінің өтуін баяулатуға және атмосфераға ластағыш заттардың бөлінуін азайтуға мүмкіндік береді;
  • –    су алған ұғымалардағы жарылыс жұмыстары, бұл атмосфераға ластағыш заттардың шығарындыларын азайтады;
  • –    кенжарларда көмірді ұңғылау кезінде күлді басу, кесіктегі автожолдарда күлді басу үшін шахталық суларды пайдалану;
  • –    кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру.