Біріктірлген жылдық есеп | «Самұрық-Энерго» АҚ

«ӘЛЕУМЕТТІК» санат

Адам өмірі мен денсаулығының басымдығы қағидатын ұстана отырып, Компания авариясыз өндірістік қызметті, қызметкерлер мен мердігерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ Компанияның қатысу өңірлерінде тұратын халықтың денсаулығын сақтауға қатысты өз жауапкершілігін толығымен сезінеді. 2011 жылғы 6 қазанда «Самұрық-Энерго» АҚ өзінің ықпал ету аймағы шегінде өз стратегиясы мене күнделікті қызметінде Жаһандық шарттың 10 қағидатын ұстана отырып, БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды. Компания жыл сайын Қол жеткізілген прогресс туралы есепті әзірлейді, ол БҰҰ-ның Жаһандық шартын мүлтіксіз қолдайтыны туралы мәлімдеме болып табылады, 10 қағидатқа сәйкес қабылданған іс-қимылды сипттайды және аталған ақпаратты БҰҰ Жаһандық шартының сайтында орналастырады: https://www.unglobalcompact.org/what-is-gc/participants/14917#cop

«АДАМ ҚҰҚЫҒЫ» аспектісі

«Самұрық-Энерго» АҚ оқу және даму бағдарламаларына рұқсат алу, мансаптық өсу кезінде тең құқық беретін және Компания тобының кәсіпорындарына жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін тудыратын жұмыс беруші болып табылады.

Біз әлеуметтік-экономикалық жағдайдың белгілері, гендерлік сәйкестілік, жас, денсаулық мүмкіндіктері, діни ұстанымы, ұлты, нәсілі және т.б. бойынша кемсітушілікке жол бермейміз.

Жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, Компания тобының кәсіпорындары мүгедектерді, сынақтан өту қызметінің есебінде тұрған және бостандығынан айыру жерлерінен босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру туралы міндеттемелер алады.

Осылайша, 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, мүгедектігі бар 135 қызметкер жұмысқа орналастырылды.

Алдын алу, шағымдар мен өтініштерді реттеу, қызметкерлер арасында әлеуметтік-еңбек қақтығыстарын болдырмау мақсатында тұрақты жұмыс істейтін Келістіруші комиссиялар, Әлеуметтік-еңбек қақтығыстарын реттеу жөніндегі комиссиялар құрылды.

Компания қызметкерлерінің шағымдарын тіркеу үшін «жедел желілер», шағымдар мен өтініштерге арналған арнайы жәшіктер, ұйым басшыларының жеке блоктары жұмыс істейді, 2011 жылдан бастап омбудсмен және медиаторлар институты қызметін жүзеге асырады.

Осылайша, 2017 жылы Компания бойынша 67 өтініш тіркелді, олардың 63-і  есепті кезең ішінде реттелді, ал 4 өтініш қарастыру кезеңінде.

Соған қоса, Қоманияда тұрақты негізде еңбек проблемаларын бірыңғай түсінуге және шешуге бағытталған іс-шаралар, әлеуметтік-еңбек дауларын шешу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, персоналдың қатыстырылуына зерттеу жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша түзетуші және алдын алу іс-шаралары әзірленеді.

Қызметкерлердің кәсіби, экономикалық және әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін реттеу мен қорғау мақсатында Компанияда жұмысшылардың 90%-дан астамы мүше болып табылатын 23 кәсіподақ ұйымы жұмыс жасайды.

Шағым берудің ресми тетіктері арқылы берілген, өңделген және реттелген еңбек қатынастарының тәжірибесіне қатысты шағымдар саны

Көрсеткіш

Мәні

1.

2017 жыл ішінде шағым берудің ресми тетіктері арқылы берілген еңбек қатынастрының тәжірибесіне қатысты шағымдардың жалпы саны, олардың ішінде:

67

1.1.

есептік кезең ішінде өңделген

67

1.2.

есептік кезең ішінде реттелген

63

2.

Есептік кезең басталғанға дейін берілген және есептік кезең ішінде реттелген еңбек қатынастарының тәжірибесіне қатысты шағымдардың жалпы саны

3

Кәсіподақтармен ресми келісімдерде денсаулық пен қауіпсіздік мәселелерін көрсету

Көрсеткіш

Мәні

1.

Кәсіподақтармен жасалған ресми келісімдерде (жаһандық немесе жергілікті деңгейде) денсаулық және қауіпсіздік мәселелері қозғала ма

Иә

2.

Егер қозғалатын болса, ұйым қол қойған жергілікті келісімдерде қамтылған денсаулық және қауіпсіздік мәселелерінің дәрежесіне қатысты мәліметтер көрсетілсін. Әдетте жергілікті деңгейдегі келісімдер, мынадай мәселелерді қозғайды:

 

2.1.

Жеке қорғаныш құралдары

Иә

2.2.

Басшылық пен қызметкерлер өкіледерінің қатысуымен денсаулық және қауіпсіздік жөніндегі бірлескен комитеттер

Иә

2.3.

Қызметкерлер өкілдерінің денсаулық және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі инспекцияларға, аудиттер мен жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысуы

Иә

2.4.

Білім және оқыту

Иә

2.5.

Шағым беру тетіктері

Иә

2.6.

Қауіпті жұмыстардан бас тарту құқығы

Иә

2.7.

Аралық инспекциялар

Иә

3.

Егер қозғалатын болса, ұйым қол қойған жергілікті келісімдерде қамтылған денсаулық және қауіпсіздік мәселелерінің дәрежесіне қатысты мәліметтер көрсетілсін. Әдетте жаһандық деңгейдегі келісімдер, мынадай мәселелерді қозғайды:

 

3.1.

Халықаралық еңбек ұйымның ұсыныстарына сәйкес келу (ХЕҰ)

Иә

3.2.

Проблемаларды шешу бойынша шаралар немесе құрылымдар

Иә

3.3.

Нәтижеліліктің мақсатты стандарттарына немесе іс жүзінде қабылданатын әдістердің деңгейіне қатысты міндеттемелер

Иә

«Қауіпсіздік және денсаулықты сақтау» аспектісі

Компания еңбекті қорғау мен қызметкерлеріміздің қауіпсіздігіне басым назар аударады. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының өндірістік объектілеріндегі еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына, нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық актілеріне сәйкес жүргізіледі. Қауіпсіз еңбек жағдайларын бақылау өндірістік процестің әр кезеңінде мүлтіксіз сақталады.

2017 жылға арналған Өндірістік жарақаттанушылықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарына және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы саясатына сәйкес, барлық ЕТҰ-ларда еңбекті қорғау, экологиялық қауіпсіздік жөніндегі жұмыс жоспарлары әзірленіп, белгіленген тәртіпте бекітілді, ұйымдастырушылық және алдын алу шаралар кешені өткізілді.

Компанияның барлық ЕТҰ-ларында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 203-бабына сәйкес, қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер (бұрынғы комитеттер) құрылды, олар ұйымның бірінші басшысына немесе оған уәкілетті тұлғаға тікелей бағынады. Оның құрамына басымдық негізде еңбек жөніндегі техникалық инспекторларды қоса алғанда, жұмыс берушінің өкілдері, қызметкерлердің өкілдері кіреді.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі ресми өндірістік кеңестерде басшылық пен қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен Компания тобы қызметкерлерінің орташа есеппен 2,8%-ы ұсынылды.

«OHSAS-18001 денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджмент жүйесі» халықаралық стандарты ендірілді.

Компания «Бюро Веритас» ЖШС, «Интертек Интэрнешинал» ЖШС және «Русский Регистр Евразия» ЖШС халықаралық компаниялармен бірлесіп, «Богатырь Көмір» ЖШС-ды, «АлЭС» АҚ-да, «АЖК» АҚ-да және «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-да ISO 14001 және OHSAS 9001 менеджмент жүйелеріне сәйкестігіне аудит жүргізілді. Көшпелі аудиттер есептерінің нәтижелері бойынша түзету/алын алу әрекеттерінің жоспарлары құрастырылып, жұмысқа қабылданды.

Компанияда қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша 3 кеңейтілген кеңес өткізілді. ЕТҰ басшыларының еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласында жүргізілген жұмысы туралы есептер тыңдалды, олардың нәтижелері бойынша жұмыстарды жақсарту үшін әрі қарайғы тапсырмалар мен өндірісте орын алған жазатайым оқиғаларды болдырмау бойынша іс-шаралар жоспары белгіленді. 

Есептік кезеңдегі еңбек қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында Компанияның ЕТҰ-ларында қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелерін қадағалайтын басшылармен көшпелі семинар-кеңес өткізілді. Кездесу нәтижелері бойынша хаттама жасалды, өндірісте жазатайым оқиғаларды болдырмау жөніндегі іс-шаралар әзірленіп, орындалды.

Еңбекті қорғау мен жұмыстардың қауіпсіздігі – барлық қолданыстағы қағидалардың сақталуына бақылау жасауды талап ететін күнделікті үздіксіз процесс.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 185-бабына сәйкес, қаупі жоғары жұмыстарда, машиналармен және механизмдермен байланысты жұмыстарда істейтін жұмыскерлер ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық куәландырудан өтуге тиіс.

Сонымен қатар, «Міндетті медициналық қарап тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы №175 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығымен бекітілген Міндетті медициналық қарап тексерулерді өткізу қағидаттарына сәйкес, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері алдын ала және аралық медициналық тексерулерден өтеді. Медициналық тексерулерді денсаулық жағдайына қарай кәсіби жарамдылығын бағалау бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар денсаулық сақтау институттары жүргізеді. Алдын ала және аралық медициналық тексерулер нәтижесінде комиссия қызметкерді сауығуға, атап айтқанда, ауруханада қаралып, емделуден, оңалту мақсатында емделуден өтуге, шипажай-курорттық емделуге және оны шипажай-профилакторийге жіберуге бағытталған іс-шаралар кешенін ұсынады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның компаниялар тобы тұрақты негізде өз қызметкерлеріне вакцина алуды ұсынады, сондай-ақ аурулардың алдын алу мақсатында иммунитетті көтеру үшін өзге нысандарды пайдаланады.

Есептік кезеңде Компанияның барлық еншілес және тәуелді ұйымдарда еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарына аттестация жүргізілді. Жұмыс орындарына жүргізілген аттестацияға сәйкес, еңбекке зиян келтіретін және қауіпті жағдайлардағы жұмыс орындары анқыталды. Мұнда, «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1054 бұйрығына сәйкес, қызметкерлердің барлығы тиісті жеңілдіктермен, ооның ішінде жеке қорғаныш және арнайы киіммен қамтамасыз етілген.

Жылдарға бөлгенде жеңілдіктер алатын қызметкерлер саны

ЕТК

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

«Алматы Электр Станциялары» АҚ

2 109

2 098

2 340

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ

1 101

1 109

1 129

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС

926

902

904

«Алатау Жарық Команиясы» АҚ

164

141

210

«Шардара СЭС» АҚ

119

125

121

«Мойнақ СЭС» АҚ

55

81

54

«Богатырь Көмір» ЖШС

5 929

4 414

5 200

Компанияның барлық ЕТҰ-ларында қауіпсіздік мәдениетін жетілдіру мақсатында зиян және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің шарттарын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарлары әзірленді.

Компания қызметкерлері 97% ұжымдық шарттарды жасасты. Ұжымдық шарттарды жасау тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 14-тарауымен реттеледі (ҚР ЕК). Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы ҚР ЕК-ның 157-бабымен анықталады, оның ішінде еңбек пен тұрмыстың дұрыс және қауіпсіз жағдайларын құруды, қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру көлемін, денсаулық сақтауды жақсартуды көздейді. Ұжымдық шарттар қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздік мәселелерін 100 пайыз қамтиды.

Мердігерлерді таңдауда қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік және өрт қауіпсіздігі саласында ҚР нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға, сондай-ақ мердігерлерде сапа, экологиялық қауіпсіздік, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында халықаралық стандарттар сертификаттарының болуына сүйене отырып, талаптарды қарастыратын ішкі нормативтік құжаттарды әзірледік. Мысалы, «Булат Нұржанов атындағы ЕГРЭС-1» ЖШС-да
мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардың қызметкерлерін кәсіпорынның аумағына кіргізуге рұқсат беру жүйесі, атап айтқанда, кәсіпорынның КСТ 03.004.1.05.016-11 «Кәсіпорын аумағында мердігерлік ұйымдар жұмысын ұйымдастыру туралы ереже» стандарты әзірленіп, қолданылады. Жоғарыда көрсетілген стандартқа сәйкес, барлық мердігерлік және қосымша мердігерлік ұйымдар жұмыстарды бастағанға дейін қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне тексеруден өтеді, еңбекті қорғау (ЕҚ) қызметіне «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның аумағына кіруге рұқсат алу үшін қажетті құжаттар тізіміне сәйкес құжаттарды, соның ішінде медициналық тексеруден өткен қызметкерлердің тізілімін ұсынады. Құжаттар сәйкестікке тексерілгеннен кейін, мердігерлік кәсіпорын «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның аумағында жұмыстарды орындауға рұқсат бере отырып, кәсіпорын бойынша нұсқауларды одан әрі ресімдеу үшін еңбекті қорғау қызметіне басшы, өндіруші және жасақтар бойынша (оның ішінде жалпы және аралық) мүше болуға құқығы бар қызметкерлер тізімін жолдайды.

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша тиісті оқудан өткен мердігерлік ұйымдар қызметкерлері 100%‑ды құрайды.

Компанияның кез келген ЕТҰ-да өндірістік жарақаттанушылықтың әрбір жағдайы жоғары маңызды мәртебеге ие болады және жедел түрде Компания ЕТҰ-ның Директорлар кеңесінің/Қадағалау кеңесінің қарауына шығарылады.

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тіркеу, хабарлау тәртібі және есепке алу «Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу» ҚР ЕК-ның 20-тарауына және ҚР-ның өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Ай сайын еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау және өндірістік жарақаттану саласында жүргізілген мониторинг бойынша есеп жасалып, ол ҚР еңбек жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады. Жыл қорытындылары бойынша ҚР Статистика агенттігіне еңбек қызметіне және кәсіптік ауруларға байланысты жарақаттар туралы «7- ЖКС» нысаны бойынша есептер ұсынылды.

Жүзеге асырылған алдын алу және түзету шараларының мөлшерінің көп болуына қарамастан, 2017 жылы 7 өндірістік жарақаттанушылық оқиғасы орын алды: оның ішінде 3 – жеңіл жарақат, 4 – ауыр жарақат. Бірақ көрсеткіштің жақсару серпіні байқалды – алдағы 7 жылдың орташа көрсеткіштеріне (15 оқиға) қарағанда, 2017 жылы 47%-ға төмен. Салыстыру үшін – 2016 жылы 13 оқиға белгіленді (15 адам зақымданған).

Жазатайым оқиғалар саны

Жарақат түрлері бойынша зақымданған адамдардың саны

Жарақаттардың саны

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

Химиялық күйік

1

Соғып алу

1

2

1

Жарақаттық ампутация

1

1

Электр жарақаттары (термиялық күйіктер)

4

1

4

4

2

Сынықтар

5

3

4

5

4

Бірнеше жарақат (сынықтар, соғып алу, ішкі органдардың жыртылуы)

1

4

1

Көз жарақаты

1

Барлығы

12

4

12

15

7

Сандық көрсеткіштер

Көрсеткіштер

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

Жарақаттану коэффициенті (ЖТ)

0,06

0,02

0,07

0,08

0,06

Кәсіптік ауруға шалдығу коэффициенті (ЖАК)

0

0

0

0

0

Жоғалтқан күндер коэффициенті (ЖКК)

6,24

1,0

4,7

0,3

0,5

Жұмыс орнында болмау коэффициенті (ЖОБК)

9,8

20,5

9,2

10,1

5,2

Өлімге әкеп соққан жазатайым оқиғалар саны

0

1

1

3

0

Ескертпе:

Жарақаттану коэффициенті (ЖК)  – ЖК = Жарақаттанудың жалпы саны * 200 000 / Өтелген сағаттардың жалпы саны;

Жоғалған күндер коэффициенті (ЖКК)  – ЖКК = Жоғалған күндердің жалпы саны * 200 000 / Өтелген сағаттардың жалпы саны;

Жұмыс орнында болмау коэффициенті (ЖОБК)  ) – ЖБК = мерзім ішіндегі босатқан (болмаған) күндердің жалпы саны * 200 000 / Сол кезеңдегі өтелген сағаттардың жалпы саны.

 

2017 жылы Компания активтерінің қатысуымен халықты өлімге әкеп соқтырған жарақаттанушылық оқиғалары тіркелмеген, сондай-ақ аталған мәселе бойынша сот органдарына өтініштер келіп түспеген.

Өндірісте жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін қабылданатын шаралар

Өндірістік жарақаттануды азайту үшін Компанияның барлық ЕТҰ-ларында мынадай шаралар қолданылады:

  1. Жазатайым оқиғалардың мән-жайлары мен себептері барлық қызметкерлерге хабарланады.
  2. Барлық өндірістік персоналға жоспардан тыс нұсқама жүргізіледі.
  3. Жазатайым оқиға орын алған бөлімшелердің барлық қызметкерлерінің ТПЕ, ҚТЕ және еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау туралы нұсқаулықтар бойынша білімдеріне кезектен тыс тексеру жүргізіледі.
  4. Ай сайын кәсіпорынның бірінші басшысының қатысуымен Қауіпсіздік техникасы күні өткізіледі. Оларды өткізу нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар әзірленеді.
  5. Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қызметтері қондырғыларға, ғимараттар мен құрылғыларға, жұмыс орындарына кешенді түрде тексерістер жүргізеді. Кешенді тексеріс қорытындылары бойынша орындау мерзімдері мен жауапты тұлғалар көрсетіліп, іс-шаралар жоспары әзірленеді.
  6. Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау мәселелері бойынша қызметкерлерді оқыту, нұсқамалар беру, білімдерін тексеру ережелеріне сәйкес, барлық өндірістік қызметкерлерге оқу курстары жүргізіледі.
  7. Жөндеу науқаны алдында барлық ЕТҰ-да құрылымдық бөлімшелердің  наряд беруге, жұмыс басында басшы және өндіруші болуға құқығы бар инженерлік-техникалық қызметкерлеріне жасақты өндірістік жұмыстарға жіберу мен нарядты ресімдеуді дұрыс атқару бойынша тәжірибелік сабақтары бар семинар-кеңестер өткізіледі.
  8. Кәсіпорындарда кемінде бес жылда бір рет жұмыс орындарында еңбек жағдайлары бойынша аттестация жүргізіледі.
  9. Төзімділік ресурсын тауысқан және өндірістік персонал үшін айтарлықтай қауіп тудыратын жабдықтар жоспарлы түрде ауыстырылады.
  10. 2017 жылға арналған Өндірістік жарақаттанушылықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді және орындалды.

«Әлтүрлілік және тең мүмкіндіктер» аспектісі

Ұжымда психологиялық климатқа диагностика жасау, сондай-ақ қызметкерлердің әлеуметтік көңіл-күйлерінің, оның ішінде өндірістік персоналдың әлеуметтік шиеленістің деңгейін, әлеуметтік даму деңгейін бағалау мақсатында Компанияда 2017 жылы әлеуметтік тұрақтылық рейтингіне талдау жасады.

Қатыстырылу көрсеткіштерін мониторингілеу үшін Компанияның әкімшілік персоналдың еңбекті ұйымдастыру мен оның шарттары, мансап бойынша өсу, жеке еңбек үлесін тану деңгейі, бастамашылықты қолдау сияқты және т.б. факторларға сезімталдығын анықтауға байланысты сауалнама жүргізілді.

Зерттеу нәтижелері Компанияның әлеуметтік тұрақтылық рейтингі орташа және жоғары деңгейлер шегінде өзгеретінін және 73% деңгейінде қалыптасқанын көрсетті.

Қатыстырылу көрсеткіші 63%-ды құрады және бұрынғыша оң бағытта, бұл Компанияның әлеуметтік аспектілерге, еңбек шарттарына, ұжым арасындағы өзара қатынастарға, байланыстарға және т.б. басым назар аударатынын сипаттайды.

Компанияның әлеуметтік саясатындағы маңызды тапсырма қызметкерлердің және олардың отбасылары мүшелерінің қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.

Әлеуметтік тұрақтылық рейтингі

Осылайша, 2017 жылы әлеуметтік төлемдер 2 902 523 мың теңге сомасында жүргізілді. 2016 жылдың ұқсас кезеңінде әлеуметтік төлемдердің шығындары  3 082 651 мың теңгені құрады. Төлемдер құрылымында негізгі үлестерді мына шығындар құрайды: демалыс берген кезде денсаулығын жақсартуға арналған біржолғы жәрдемақы – 33%, қызметкерлердің шипажай-курорттық емі – 7%, медициналық сақтандыру – 5%, қызметкерлердің мерейтойына байланысты (50, 60 және 70 жас) біржолғы сыйлықақы – 4%, баланың тууына байланысты материалдық көмек – 3%, мерекелік, мәдени-көпшілік және спорт шараларын өткізуге арналған шығындар – 4% және әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасынан басқа шығындар.

 Компания кәсіпорындары қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асырады, қызметкерлерді жыл сайын медициналық тексеруден өткізеді, еңбекке жарамсыздық парақтарына ақы төлейді, сауықтыруға арналған  біржолғы көмекті көрсетеді және т.б.

Компания кәсіпорындарында саламатты және қауіпсіз еңбек және тұрмыс жағдайларын жасау үшін қызметкерлерді арнайы қорғаныш құралдарымен, сүтпен, сабын-жууға арналған құралдармен қамтамасыз ету тәртібі белгіленген, асханалар жұмыс істейді, ауысым кестесі бойынша жұмыс жасайтын өндірістік цехтарда тамақ ішуге және демалуға арналған бөлмелер жабдықталған.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері үшін жыл сайынғы еңбек демалысына шыққан кезде шипажай-сауықтыруға және стационарлық ем алуға арналған, сондай-ақ қызметкерлердің балалары үшін балаларға арналған сауықтыру лагерьлеріне жолдама ға төлеген кездегі шығынды ішінара және толық өтеу көзделген.

Жыл сайын «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының кәсіпорындарында аурушаңдықтың алдын алу және саламатты өмір салтын насихаттауға көп көңіл бөлінеді, спорттық объектілерді ұстап тұру мен жалға алуға, спорттық құралдарды сатып алуға және спорттық–бұқаралық іс-шараларды өткізуге қаражат бөлінеді. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері тұрақты негізде оның ішінде қалалық және Компания мен Қор ұйымдастыратын спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары мен жарыстарға қатысады. 

Есепті жылы корпоративтік мәдениетті дамыту аясында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында халықаралық әйелдер мейрамы – 8 наурыз, Наурыз мейрамы, Конституция күні, Энергетик күнін мерекелеуге орай мәдени-сауықтық іс-шаралар өткізіліп, жұмыста ерекше көзге түскен қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, мемлекеттік, ведомстволық және салалық – ТМД Электр энергетикалық кеңесінің, «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдарының қауымдастығы,  ОЮЛ «Қазақстан Электр Энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ, «Самұрық-Қазына» АҚ және т.б. наградалары тапсырылды.

Ұжымдық шарттармен қамтылған қызметкерлер үлесі

Көрсеткіш

Мәні

Өлшем бірлігі

1.

2017 жылдың соңындағы қызметкерлердің (тізімдік саны) жалпы саны

17 513

адам

2.

Оның ішінде 2017 жылға арналған ұжымдық шартта қамтылған қызметкерлер саны

16 980

адам

3.

Ұжымдық шартта қамтылған қызметкерлердің жалпы санының үлесі

97

%

Негізгі қызмет бойынша бөлгендегі жұмыспен толық қамтылған қызметкерлерге берілетін, бірақ жұмыспен уақытша қамтылған немесе толық қамтылмаған жағдайда жұмыс істейтін қызметкерлерге берілмейтін төлемдер мен жеңілдіктер

Көрсеткіш

Жұмыспен толық қамтылған қызметкерлер үшін

Жұмыспен толық қамтылмаған немесе уақытша қамтылған қызметкерлер үшін

1.

Қызметкерлерге берілетін төлемдер мен жеңілдіктер

 

 

1.1.

Өмірді сақтандыру

Беріледі

Беріледі

1.2.

Денсаулық сақтау (медициналық сақтандыру)

Беріледі

Беріледі

1.3.

Жұмысқа жарамсыздық/мүгедектік бойынша өтемақылар

Беріледі

Беріледі

1.4.

Ана болуға/әке болуға байланысты демалыс

Беріледі

Беріледі

1.5.

Зейнетақы беру (зейнеткерлікке шыққан кездегі біржолғы төлем)

Беріледі

Берілмейді

1.6.

Компанияның акцияларын меншікке беру

Берілмейді

Берілмейді

1.7.

Өзге (шипажай-курорттық емделу, баланың тууына байланысты материалдық көмек, отбасы мүшелерін емдеуге материалдық көмек, сауықтыруға арналған материалдық көмек)

Беріледі

Беріледі

Біздің қызметкерлер

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының адам ресурстарын басқару саясаты Компанияның бизнес-идеяларына сәйкес жоғары білікті қызметкерлерді тұрақты түрде тартуға және ұстап қалуға, оларды ынталандыруға,  оқытуға және кәсіптік тұрғыдан дамытуға бағытталған. Компания қызметкерлерді қатыстыруды арттыруға, корпоративтік мәдениетті дамытуға, қызметкердің тиімді еңбек етуі мен өзін-өзі танытуы үшін жағдай жасауға көңіл бөледі.

Персонал құрылымы

Есепті жылы Компания қызметкерлерінің  тізімдік саны 17 513 адамды құрады, бұл 2016 жылдың осы кезеңінен 21,3%-ға төмен. 2017 жылы қызметкерлер санының азаюы Компания активтерінің портфелін оңтайландыруға бағытталған іс-шараларды іске асыруға байланысты.

Әдеттегідей, Компания персоналының құрылымында өндірістік персонал басымдыққа ие, олардың саны есепті кезеңнің аяғында 15 847 адамды құрады. Жоғары және орта буын басшыларының санатына жатқызылатын қызметкерлердің үлесі 2017 жылы персоналдың жалпы санының 15,2%-ы деңгейінде болды.

Персоналдың сапалық көрсеткіштерінің есебі Компанияда жұмыс істейтіндердің орта жасы 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 36-ның құрайтынын көрсетті. Персоналдың құрылымындағы негізгі үлесті 30 жастан 50 жасқа дейінгі қызметкерлер – жалпы санның 50%-ын, 30 жастағы қызметкерлер 19,5%, ал 50-ден асқандар  30,5%-ды құрайды.

Талдау жасалып отырған кезеңнің аяғындағы жағдай бойынша Компанияда энергетика саласында жұмыс істейтіндердің орташа жұмыс өтілі – 12 жыл. Персоналдың жалпы санын алып қарағанда, саладағы жұмыс өтілі 10 жылдан асатын қызметкерлер басым болып келеді, олардың үлесі – 46%.

Компанияда жұмыс істейтін қызметкерлердің білім деңгейіне жасалған талдау құрылымдағы қызметкерлердің 36,6%-ының жоғары кәсіби білімі бар екенін, оның ішінде бейінді энергетика саласындағы қызметкерлер үлесі 39,3% екенін көрсетті.

Компания гендерлік теңдік қағидатын ұстанады және өз құқықтары мен мүмкіндіктерін іске асыру үшін әйелдерге әйелдерге тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. Сөйтіп, 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, жұмыс істейтін әйелдердің саны 4 680 адамды құрады.

2017 жылы еңбек ресурстарының тұрақтамаушылық коэффициенті (себептердің барлық түрлері бойынша) 11,2% деңгейінде болды. Талдау жасалып отырған кезең ішінде Компанияға қабылданған жұмысшылардың саны 1 999 адамды құрады. Мұнда әкімшілік лауазымдар бойынша ашылған 602 бос орынның 99,8%-ы конкурстық рәсімдер өткізу арқылы жабылды.

2017 жылы жұмыс күшінің жыныс бойынша бөлгендегі жалпы саны

2017 жылы жұмыс күшінің жұмыспен қамтылу түрі бойынша бөлгендегі жалпы саны

2017 жылы жалдау шартының түрі бойынша бөлгендегі қызметкерлердің жалпы саны

2017 жылы жұмыс күшінің өңірлер бойынша бөлгендегі жалпы саны

2017 жылы жынысы бойынша бөлгендегі кадрлардың тұрақтамаушылығы

2017 жылы жасы бойынша бөлгендегі кадр тұрақтамаушылығы

2017 жылы өңірлер бойынша бөлгендегі кадр тұрақтамаушылығы

2017 жылы жынысына қарай бөлгендегі жаңадан алынған қызметкерлер

2017 жылы жасы бойынша бөлгендегі қайтадан алынған қызметкерлер

2017 жылы өңірлер бойынша бөлгендегі қайтадан алынған қызметкерлер

Ұйым қызметкерлерінің жынысы, жас топтары бойынша бөлгендегі және азшылық өкілдері көрсетілген құрамы

Көрсеткіш

Қызметкерлер

Үлесі, %

1.

Жынысы

17 513

1.1.

Ерлер

12 833

73,3

1.2.

Әйелдер

4 680

26,7

2.

Азшылық тобы (жауапкершілігі шектелген нәсілдік/этникалық, діни)

17 513

2.1.

Қазақтар

10 096

57,6

2.2.

Орыстар

5 174

29,5

2.3.

Украиндар

714

4,1

2.4.

Ұйғырлар

350

2,0

2.5.

Татарлар

331

1,9

2.6.

Немістер

262

1,5

2.7.

Белорусьтар

131

0,7

2.8.

Корейлер

65

0,4

2.9.

Басқа

390

2,2

3.

Жас топтары

17 513

3.1.

30 жасқа толмаған

3 421

19,5

3.2.

30-дан 50 жасқа дейінгілер

8 749

50,0

3.3.

50-ден асқан

5 343

30,5

Даму және мансаптық өсу

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында персоналды үздіксіз оқыту мен дамыту адам ресурстарын басқару саясатындағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Біз әр қызметкердің кәсіби дағдылары мен біліктілігін дамыту арқылы оның тиімділігін арттыруды көздейміз.  

Осы мақсатта бизнесті дамыту басымдықтарына, қызметкерлерді бағалау рәсімдерінің қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдарға, оқыту саласындағы және т.б. заманауи үрдістерге негізделген алуан түрлі оқыту бағдарламалары іске асырылуда.

Сондай-ақ персоналды оқыту мен дамыту жүйесінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, электр қауіпсіздігі, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі және т.б. саласындағы заңнамалық талаптармен реттелетін міндетті оқыту түрлеріне айрықша орын берілген.

Жеке оқу орталықтары мен техникалық сыныптар негізінде жұмысшыларды негізгі энергетикалық кәсіптер бойынша кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру бағдарламалары, инженерлік-техникалық қызметкерлер үшін біліктілікті арттыру курстары іске асырылуда.

Меншікті оқу базаларын пайдалану қызметкерлерді оқыту, олардың кәсіби деңгейін көтеру мәселелерін уақытылы, сапалы және аз ғана шығынмен шешуге мүмкіндік береді.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының белсенді түрде өзгеріп жатқанын ескере отырып, басшылар мен мамандарды оқытуға арналған бағдарламалардың басым бөлігі басқарушылық міндеттерді ойдағыдай шешу және нақты нәтижелерге қол жеткізу, көшбасшылық құзыреттерді, инновациялылықты, өзгерістарді басқару дағдыларын дамыту үшін заманауи кәсіби білім мен дағдыларды алуға бағдар ұстайды.

Қысқа мерзімді оқудан бөлек «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының кәсіпорындары магистратура, бакалавриат сияқты ұзақ мерзімді  оқуға, сондай-ақ негізгі мамандық алу үшін үшін оқу мүмкіндігін бере отырып, қызметкерлердің өзінің кәсіби деңгейін арттыру жөніндегі бастамасына қолдау көрсетеді. 

2017 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының персоналды оқыту мен дамытуға салынған инвестициялары төлем қорының  0,8%-ы деңгейінде болды, оқу курстарын бітірген қызметкерлер саны 13 800 адамнан асады.

Сонымен қатар «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында бизнес жайғасымдар үшін негізгі болып табылатын орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада сабақтастықты жоспарлау мәселелеріне өз алдына көңіл бөлінген.

Ағымдағы сәтте таланттар пулына жатқызылған қызметкерлер саны – 598 адам.

Қоғамда мансап құру барысында оларды ынталандыру және ізбасарларға қолдау көрсету мақсатында арнайы модульдік оқыту бағдарламалары мен МВА/ЕМВА/DBA қосымша білім беру бағдарламалары іске асырылуда,  жобаларға, тағылымдамаларға қатысу мүмкіндіктері беріліп, бос лауазымдарға орналасқан кезде басым құқықтарға ие болады. 

Қызметкерлер санаты бойынша бөлгендегі жылына бір қызметкерді оқыту сағатының орташа саны

Персонал санаты

2017 жылдың аяғындағы жалпы саны

2017 жылы даярлауға арналған сағаттар саны

Жылына бір қызметкерді даярлауға жұмсалған сағаттардың орташа саны

1.

Жоғары басшылық (топ-менеджмент)

63

2 139

33,95

2.

ӘБП

1 356

32 791

24,18

3.

Өндірістік персонал

15 829

669 105

42,27

4.

Қызмет көрсетуші персонал

265

4 646

17,53

Персонал санаты

2016 жылдың аяғындағы жалпы саны

2016 жылы даярлауға арналған сағаттар саны

Жылына бір қызметкерді даярлауға жұмсалған сағаттардың орташа саны

1.

Жоғары басшылық (топ-менеджмент)

84

2 297

27,3

2.

ӘБП

1 632

109 282

66,9

3.

Өндірістік персонал

20 053

718 826

35,8

4.

Қызмет көрсетуші персонал

461

5 972

12,9

Персоналды бағалау

Компания 2017 жылы КомпанияныңТрансформациялау бағдарламасы аясында қызметкерлердің Қоғамның мақсатты ұйымдық құрылымы лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына (Job matching) сәйкестігін бағалау бойынша іс-шараларды іске асыруды ұсынды. 

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның (бұдан әрі – Қор) ұсынымдарына сәйкес, Job matching «жоғарыдан – төменге» қағидаты бойынша басқару деңгейлеріне қарай жүзеге асырылды.

СЕО-1 деңгейінің ұстанымы мен СЕО-2-нің негізгі ұстанымы үшін сәйкестік бағасын арнайы құрылған Қор комитеті өткізді.  Job matching лауазымдарға қойылатын жаңа талаптарды әзірлеуден, келісуден, бекітуден бастап үміткерлер мен қызметкерлерге көпдеңгейлі бағалау жүргізгенге дейін барлық белгіленген кезеңдерді сақтай отырып жүзеге асырылды.

Компанияның ішкі комитеттері негізгі және одан төмен тізбеге жатқызылмаған СЕО-2 деңгейінің ұстанымға сәйкестігіне бағалау жүргізді, оның құрамына Қор, Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығының өкілдері мен Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелері кірді.

Сәйкестік бағасының периметрі Қоғамның нақты санының 100%-ын құрады, қызметкерлердің 82,6%-ы лауазымға қойылатын жаңа талаптарға сай және 12,1%-ы  лауазымға қойылатын жаңа талаптарға 1 (бір) жыл ішінде сай болады деп танылды.

Бұған қоса, Job matching жобасының аясында Қоғам қызметкерлерін кадр резервіне қою, олардың кәсіби/жеке құзыреттерін дамыту қажеттігі және т.б. туралы ұсынымдар қалыптастырылды.  

Ұсынымдарға сәйкес, Компания басшылары мен қызметкерлері үшін жеке даму жоспарлары әзірленді, олар жобалық басқару, лидерлік дағдыларын дамытуды, қызметтің қадағалайтын бағыттары бойынша үздік халықаралық тәжірибелерді зерттеуді және т.б. көздейді.

Қызметкерлер біліктілігінің олардың атқаратын лауазымдарына сәйкестігін анықтау үшін Компания еншілес компанияларында мерзімділікпен аттестациялау іс-шаралары жүргізіледі. 2017 жылы «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ қызметкерлеріне аттестация өткізілді.

Біздің жастарымыз

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында жастармен жұмыс жүргізуге айрықша көңіл бөлінеді, бұл жоғары білікті жас мамандардың кадрлық қорғалуын және дайындығын қамтамасыз етеді.

2017 жылы жастар саясатын дамыту аясында Компания Қормен бірлесіп, түрлі бағдарламаларды белсенді түрде іске асырды, олардың қатарында «Жас Отан» жастар қанатының студенттерге арналған «Жас Өркен», «Сәтті қадам» тағлымдамалары, «EXPO Camp» бар, Қазақстан бойынша балаларға арнап «Туған елге саяхат» экскурсиялық туры өткізілді.

Ағымдағы жылы Компания Алматы энергетика және байланыс университетінің мұрындық болуымен болашақ энергетиктер арасында дәстүрлі түрде өткізілетін физика-математика пәндері бойынша республикалық олимпиададаға қатысты, оның аясында Компания 8 (сегіз) студентке 2016 жылғы олимпиада қорытындысы бойынша оқуға шәкіртақы бөлді. 2017 жылы 2016 жылғы олимпиаданың қорытындысы бойынша Компания төрт студентке шәкіртақы тағайындады.

Сонымен қатар, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының кәсіпорындары көп жылдар бойында ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті дамыту, сондай-ақ студенттердің өндірістік, дипломалды тәжірибелері мен тағлымдамалардан өтуіне, дуальды білім беру бағдарламаларын іске асыруға алаң ұсына отырып, бейінді білім беру ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықты жүзеге асырып келеді.

Сондай-ақ, қазіргі кезде Компания Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында энергетика саласының мамандықтары бойынша жас мамандарға дуальды білім беру жүйесін дамыту және оларды даярлау сапасын арттыру мақсатында Еуропа қайта құру және даму банкі қаржыландыратын инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету жобасын іске асыруда. Аталған жоба шеңберінде Қазақстандағы электрмен жабдықтау секторы үшін кәсіби дайындық саласындағы негізгі проблемаларға қысқаша бағалау жасалатын болады, дуальды білім беру бағдарламаларын іске асырған кездегі кедергілерді жою үшін нақты ұсынымдар дайындалып, жас лидерлерді дамыту бағдарламалары мен біліктіліктер бойынша стандарттар әзірленетін болады.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының 2017 жылы жастар активі 3 421 адамды құрады.

Жас қызметкерлер Шымкент пен Астана қалаларында Қор жанынан құрылған Жастардың сараптамалық-консультативтік кеңесі аясындағы кездесулерге, сондай-ақ «PRIME GAMES» зияткерлік ойынына қатысып, құрметті 3-ші орынға ие болды.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында жұмыс істейтін жастардың қоғамдық ұйымдары мен қозғалыстарының белсенді қатысуының арқасында ағымдағы жылы мереке күндеріне орай бірқатар корпоративтік іс-шаралар, кәсіби шеберлік конкурстары мен шығармашылық конкурстар, экологиялық және басқа мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді. 

Сөйтіп, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның жастар ұйымы жалпықалалық және облыстық Көңілділер және тапқыштар клубын (КВН), «Тілек ағашы» қайырымдылық акциясын өткізуге, Екібастұз қаласының құрылғанына 60 жыл толу мерейтойын мерекелеуге, еңбек етіп жатқан жастардың облыстық форумдарына, Жеңіс күніне, Балаларды қорғау күніне арналған қалалық мерекелік концерттерге және т.б. қатысты.   

Жас ұрпақ арасында саламатты өмір салтына қолдау көрсету үшін «Алатау Жарық Команиясы» АҚ-да 2017 жылы армреслинг пен шахматтан, волейбол мен мини-футболдан жарыстар өткізілді, сондай-ақ Алматыда жүгіруден 6-марафонға қатысып, Алматы қ. Наурызбай ауданының мекемелері арасында мини-футболдан өткен жарыстар (1-орын) ұйымдастырылды.

2017 жылы 26 мамырда «Алматы Электр Станциялары» АҚ-да «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының II форумы өтті, оған 120-дан астам жас маман қатысты. Бұдан бөлек, Компания жастары ағаш отырғызу бойынша «Алма Қала» және ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында өткен «Алматы – АИТВ-сыз қала» акцияларына қатысты, Көк жайлау шатқалына жаяу жорық жасады,  сондай-ақ «Жастар – саламатты өмір салты үшін!» ұранымен саламатты өмір салтын қолдауға арналған кезекті велосипед жарысын өткізді.

«Богатырь-Көмір» ЖШС-ның Жастар қозғалысының күшімен  «Мамандығы бойынша үздік» кәсіби шеберлік конкурсы, «Өз жұлдызыңды жақ» шығармашылық конкурсы, «Ғаламшарды тазарақ етейік» экологиялық десанттар акциясы өткізілді.

Ынталандыру және сыйақы

Қоғам бәсекеге қабілетті жалақы деңгейі мен кеңейтілген әлеуметтік топтаманы ұсына отырып, өз қызметкерлеріне қамқорлық жасайды. Осы мақсатпен Компания жыл сайын еңбек нарығына шолу жасайды, ол Компания жалақысының сыртқы нарықпен салыстырғандағы бәсекеге қабілеттілігіне талдау жасауға мүмкіндік береді. 

Сөйтіп, 2017 жылы жалақының өсуі кемінде 7%-ды, ал бірқатар өңірлерде 12%-ға дейін құрады. Жалпы алғанда, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында персоналды ұстап тұруға жұмсалатын шығын өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға өсті.

Компания қызметкерлерінің орташа жалақысы 2017 жылы сәйкес көрсеткішке қатысты 9,2%-ға – 181 300 теңгеден 198 051 теңгеге өсті. Өндірістік персоналдың орташа жалақысының өсімі 9,9%-ды құрады – 167 055 теңгеден 183 641 теңгеге дейін, әкімшілік персоналдың жалақысы – 7,4%-ға, 346 449 теңгеден 372 137 теңгеге дейін.

Ұйым қызметінің бірқатар салаларындағы жалақының бастапқы деңгейі мен белгіленген ең төмен жалақы арасалмағының диапазоны

Көрсеткіш

Мәні (2017 ж.)

Өлшем бірлігі

1.

Ең төмен жалақы

24,5

мың теңге

2.

Бірқатар қызмет ету өңірлеріндегі ұйымдарда бастапқы деңгейде жалақы алатын қызметкердің жалақысы 

124,6

мың теңге

2.1.

Ерлер

126,3

 

2.2.

Әйелдер

132,8

 

3.

Арасалмағы

508

%

3.1.

Ерлер

515

%

3.2.

Әйелдер

542

%

Көрсеткіш

Мәні (2016 ж.)

Өлшем бірлігі

1.

Ең төмен жалақы

24,5

мың теңге

2.

Бірқатар қызмет ету өңірлеріндегі ұйымдарда бастапқы деңгейде жалақы алатын қызметкердің жалақысы 

122,7

мың теңге

2.1.

Ерлер

120,9

 

2.2.

Әйелдер

124,4

 

3.

Арасалмағы

501

%

3.1.

Ерлер

493

%

3.2.

Әйелдер

508

%

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында еңбекке ақы төлеу жүйесі әділдік пен ашықтыққа негізделіп, мынадай қағидаттарға құрылады:

  • жеке еңбек тиімділігін арттыру арқылы қызметкерлерді бизнес мақсаттарына қол жеткізуге ынталандыру;
  • өңірлік ерекшеліктер мен бизнестің ерекшелігін ескергенде, еңбек нарығындағы әлеуметтік топтаманың бәсекеге қабілеттілігі;
  • ашықтық – барлық қызметкерлердің құпиялылықты сақтай отырып, сыйақы құрылымы мен деңгейін қалыптастыру қағидаттарын түсінуін қамтамасыз ету;
  • еңбекке ақы төлеу жүйесінің Жалғыз акционердің әлеуметтік саясатына және қолданыстағы заңнамаларға сәйкестігі.

Компанияда қызмет тиімділігін басқарудың (ҚТБ) кешенді жүйесі жұмыс істейді, ол қызметкерлердің нәтижелілігін де, сондай-ақ олардың әлеуетін дамыту деңгейін де ескереді. Жалақының өзгеруі тікелей берілген баға нәтижелеріне байланысты. 

Қазіргі кезде «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша тиімділікті бағалау жүйесі қызметкерлердің жалпы санының 10%-ын қамтиды..

Мансабының нәтижелілігі мен дамуына мерзімдік бағалау жүргізілетін қызметкерлердің үлесі

Көрсеткіш

Мәні

1.

2017 жылдың аяғындағы қызметкерлердің жалпы саны (тізімдік)

17 513

2.

Нәтижелілікті ресми бағалаудан өткен қызметкерлер саны, оның ішінде:

1 748

2.1.

Ерлер

1 021

2.2.

Әйелдер

727

3.

Нәтижелілікті ресми бағалаудан өткен қызметкерлер саны, оның ішінде:

10 %

3.1.

Ерлер

6 %

3.2.

Әйелдер

4 %

«Жергілікті қоғамдастықтар» аспектісі

Компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бірталай жылдардан бері қатысу өңірлерін дамытуға өзінің үлесін қосып келеді және жергілікті қоғамдастықтармен Компанияның жергілікті инфрақұрылымды дамытуға, өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға, әлеуметтік қолдау көрсетуге және т.б. қатысу мәселелері бойынша үздіксіз өзара қарым-қатынас жасайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері қайырымдылық шараларына жүйелі түрде қатысады – табиғат апаттарынан зардап шеккен адамдарға, тұрмысы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсетеді.

Сонымен, ағымдағы жылы «ЕГРЭС-1» ЖШС қызметкерлерінің ерікті жарналарына екі мектепте - № 9 және №11 мектептерде оқып жатқан 120 мұқтаж балаға көмек көрсетіліп, мектеп формасы, спорттық киім, аяқ киім, сондай-ақ тұрмысы төмен отбасылардағы 140 балаға азық-түлік топтамасы түрінде көмек көрсетілді. «Мектепке жол» акциясы аясында және Құрбан айтты мерекелеуге барлығы 260 балаға 2 042 мың теңгеге көмек көрсетілді. Шідерті кентінде өрттен зардап шеккен сегіз отбасына 1 629 мың теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді. 1 369 мың теңге сомаға азық-түлік ретінде қайырымдылық көмек  су тасқынынан зардап шеккендерге көрсетіліп, Петропавловск қаласына көмек поезының составымен жіберілді. Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар мен мүгедек балаларға 2 072 мың теңгеге киім, аяқ киім, тәтті сыйлықтар түрінде материалдық көмек көрсетілді.

Солнечный кентінің қала құраушы кәсіпорны бола отырып, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ кәсіпорынның балансында және құрылымында әлеуметтік сала объектілерін: емдеу-сауықтыру қызметтерін, бассейн, қонақүй түріндегі жатақхана, аумақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша учаскелерді сақтауға бағытталған қызметті жүзеге асырады. Жыл сайын станция бюджеті қаражатынан оларды ұстап тұруға және жұмыс істетуге қаражат бөлінеді.

«Богатырь Көмір» ЖШС әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша толық ауқымдағы жұмыстарды жүргізеді. 2017 жылы көрсетілген қайырымдылық көмектің негізгі бағыттары мыналар:

1.   Өңірді дамыту – 70 000 мың теңге.

2.   Халықтың әлеуметтік-қорғалмаған тобына қолдау көрсету – 3 836,2 мың теңге (ҰОС ардагерлері, мүгедектер, зейнеткерлер, көп балалы отбасылар). Емдеуге, баспананы жөндеу үшін құрылыс материалдарына қаражат бөлінді.

3. Жетім балаларға, халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобының балаларына жазғы демалысты ұйымдастыру мақсатында демеушілік көмек ретінде 11 505 мың теңге, сондай-ақ «Қарлығаш» БДО-ға тегін жолдамалар бөлінді:

–    «Екібастұз қ. әкімдігінің білім беру бөлімі» ММ – 115 жолдама;

–    Баянауыл ауданының әкімдігі  – 10 жолдама;

–    «Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдерге арналған баспана» КММ – 40 жолдама;

–    № 28 станциялық сайлау округі – 30 жолдама.

4. Діни конфессияларға көмек – 10 800 мың теңге: Екібастұз қалалық мешіті, Екібастұз қ. Серафим-Ивер шіркеуі.

5.   Коммерциялық емес ұйымдарға қайырымдылық көмек – 34 344 мың теңге, оның ішінде:

–    жеке тұлғаларға қайырымдылық көмек – 20 304,0 мың теңге;

 –   спорттық жарыстар, мерекелер өткізу – 14 041 мың теңге.

«Богатырь Көмір» ЖШС адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған алуан түрлі әлеуметтік бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетеді, қалада өтетін әлеуметтік бағдарламаларға белсене қатысады. Қаланың тау-кен муниципалдық округінің балаларға арналған ойын және спорттық алаңдарын абаттандыру бойынша орасан зор жұмыстар атқарылды. Балалар алаңдары жөнделіп, қалпына келтірілді, құм төгетін алаңдарға құм төгілді, «Шахтер» саябағы абаттандырылды, ұлы ақын әрі ойшыл Мәшһүр Жүсіп Көпейұлына ескерткіш қойылып, Қонаев көшесіне бағдаршам орнатылды.

2017 жылы құрылымдық бөлімшелердің ұйымдары бекітілген аумақты абаттандыру мен көгалдандыру бойынша жұмыстарды жүргізді, іргелес жатқан аумақты жоспарлап, гүлзарлар мен жас өскіндерді отырғызу бойынша жұмыстар жүргізілді. Есепті кезең ішінде аумақты абаттандыру мен көгалдандыруға жұмсалған шығын 2 604,5 мың теңгені құрады.  Екібастұз қаласының 60-жылдығына қала саябағына 481 мың теңгеге 60 ағаш отырғызылды.

Ай сайын, 2-тоқсаннан 3-тоқсанға дейін «Богатырь Көмір» ЖШС-ның еңбек ұжымы  жалпықалалық сенбіліктер мен «таза жұма» акцияларына белсенді түрде қатысты. Оларға барлығы «Богатырь Көмір» ЖШС-ның  1 600-ден аса қызметкерлері мен 95 бірлік техника қатысты.

Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту және демалыс сапасын арттыру үшін «Жасыбай» ДО аумағында демалыс орталығының инфрақұрылымына қолдау көрсету бойынша жөндеу-құрылыс жұмыстары өткізілді.

Демалыс үйінде он бір жазғы маусым бойында 3 193 адам демалды, ол 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 183 адамға көп. Балаларға арналған сауықтыру орталығында 
1 297 бала демалды, ол 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 260 балаға көп. Жетім және тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан балалар үшін 200 орын бөлінді.

«Шардара СЭС» АҚ қызметкерлері өз күштерімен 92 500 теңгеге жалпы саны 730 жас өскін ағаштар және көпжылдық гүлдерді отырғызды.

«Мойнақ ГЭС» АҚ Мойнақ кенті аумағында орналасқан балалар үйіне тұрақты қолдау көрсетеді.

Компания кәсіпорындары халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында жергілікті жұмыспен қамту органдарына деректер базасына ағымдағы бос орындар мен болжанатын жұмыс орындарын енгізу үшін еңбек шарттары мен жалақысын көрсете отырып, бос жұмыс орындарының бар екені туралы мәліметтерді жібереді. 

Компания кәсіпорындары тұрақты негізде жалпықалалық сенбіліктерге, іргелес аумақтарды абаттандыру мен көгалдандыруға қатысады, діни конфессиялармен және қоғамдық қорлармен өзара іс-қимыл жасайды, зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тұрмысы төмен отбасыларға, мүгедектерге, жалғызбасты аналарға материалдық көмек, ай сайынғы демеуқаржы, біржолғы ақшалай төлем, азық-түлік себеті, жеңілдікті жолдамалар және т.б. көрсетеді. 

Сонымен қатар, «Самұрық-Энерго» АҚ тобы сақтық қағидаттарының негізгі ережелерін ұстанатынын атап өту қажет. Жаңа жобалар мен объектілерді іске қосар алдында Компания қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау аясында әсерді бағалау процесінде қоғамдық пікірді анықтау және оны есепке алу мақсатында жоспарланатын қызмет пен оның әсерінің болуы мүмкін екені туралы міндетті түрде жұртшылықты хабардар етуге бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асырады.

Компанияда Мүдделі тараптармен коммуникациялар жоспары әзірленді, онда әрбір жеке стейкхолдерлер тобын хабардар ету бойынша іс-шаралар әзірленген, неғұрлым толық ақпаратты сіз «Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл» бөлімінен табасыз.

«Самұрық-Энерго» АҚ тобында арыз берудің ресми механизмі көзделген. Қолданыстағы  заңнамаларда, бизнесті жүргізудің немесе «Самұрық-Энерго» АҚ Іскерлік этика кодексінің  базалық қағидаттарында болжанатын бұзушылықтар, сондай-ақ Компания үшін маңызды мұндай бұзушылықтарға уақытылы жауап беру көзделген. Жымқыру, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық және басқа бұзушылықтардың кез келген орын алған немесе болжанатын фактілері туралы мына телефонға - 8 800 080 19 94 қоңырау соғып немесе  sk.hotline@deloitte.kz электронды поштасына хабарлама жіберіп немесе Компанияның https://www.samruk-energy.kz/ru/hotline сайтындағы «Хабарлама қалдыру» батырмасын пайдалана отырып, хабарлауға болады.

Барлық хабарламаларды тәуелсіз компания қабылдап, өңдейді. «Жедел желіге» келіп түскен хабарламалар «Самұрық-Энерго» АҚ-ның кәсіби және құпия қарауды қамтамасыз ететін жауапты қызметкерлеріне беріледі. Хабарламаңызды неғұрлым тиімді өңдеу мақсатында сізге байланыс ақпаратын қалдыру ұсынылады, алайда сіз сонымен бірге иесін көрсетпей хабарлама қалдыра аласыз. Барлық иесі көрсетілмеген хабарламалар қаралады..​

«Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» аспектісі

2016 жылы желтоқсанда «Самұрық-Энерго» АҚ-да Алаяқтыққа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты өзектендірілді. Саясат «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерінің, сондай-ақ өзге де тұлғалардың бойында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның алаяқтық пен жемқорлық іс-қимылдарын кез келген нысанда және кез келген көріністерде қабылдамайтыны туралы бірыңғай түсінікті қалыптастыру, сондай-ақ алаяқтық және «Самұрық-Энерго» АҚ-ны сыбайлас жемқорлық әрекеттерге қатыстыру тәуекелдерін мейлінше азайту мақсатында әзірленді.   

Саясаттың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіні «Самұрық-Энерго» АҚ веб-сайтында орналастырылды.

2017 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның барлық қызметкерлері Алаяқтыққа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатпен 100% таныстырлыды.

Жыл сайын «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерінің Алаяқтыққа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты бойынша білімі тексеріліп, тестілеу өткізіледі. «Самұрық-
Энерго» АҚ мен ЕТҰ-ның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне қатысты алаяқтық және сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Сондай-ақ жыл сайын «Самұрық-Энерго» АҚ-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленеді. Барлық іс-шаралар белгіленген мерзімде орындалады.

2017 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ.